Кесте 5 Оқу-тәрбие процесінің сапасы Шамалы бөлік алдыңғы әрекеттің мәнін анықтаумен, осы әрекеттерді орындау үшін көмек ретінде қолданылатын операцияларды, оларды пайдалану ерекшеліктерін айқындаумен байланысты. Бақылау бөлігі әрекетті орындау, кейбір операцияларының барысына бақылауды, олардың алға қойған міндеттерге сәйкес келуін және қажет болған жағдайда - әрекеттер мен операциялардың түзетуін енгізеді. Г.С.Селевко оқу жұмысының тәсілдерін (ОЖТ) қарастырып, оларды келесі ептіліктер мен дағдыларға бөлген: - оқу қызметін жоспарлау; - өз оқу қызметін ұйымдастыру; - ақпаратты, ойлау қызметін қабылдау; - өз әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және ұғыну. Білім алушының белсенді субъект, саналы азамат ретінде дамуы, оның әлеуметтік өмірінде талап етілетін құзыреттіліктердің кең спектірін игеруі оның жас, күштері мен қабілеттерінің ерекшеліктеріне қарай білім беру мекемесі қызметінің кейбір жақтарымен басқару тәжірибесіне де қатысуынсыз мүмкін емес.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: 1. «Педагогикалық ұжым», «білім сапасы» дегеніміз.
2. Оқу-тәрбие процесінің сапасына тоқталыңыз.
3. Белгілі психолог П.Я.Гальперин әрекет құрылымын талдаңыз.
№23-24 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық қарым – қатынас және басқару этикасы
Дәріс мазмұны: Көлденең және тігінен байланыстар жүйесіндегі адамдардың өзара әрекеттесуінің психологиялық және этикалық жақтары
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық қызметтің күрделі саласы, кәсіптік іскерлікті қажет ететін қарым-қатынас. Педагогикалық қарымқатынаста ұсақ-түйек жоқ: көзқарас, дене қимыл, көз жанарының көзқарасы – бәрі мәнді. Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білім, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде мұғалім тұлғасының жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар төмендегідей негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады. Вербальды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарымқатынастың негізгі құралы. Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі.