Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 6, 9, 21,30,33
№3 семинар тақырыбы: Педагогикалық менеджмент фукциялары олардың бірліктері мен өзара байланысы Сабақтың мақсаты: Педагогикалық менеджмент фукциялары олардың бірліктері мен өзара байланысы туралы мәлімет беру.
Негізгі сұрақтар: Басқару функциялары ұғымына түсінік .
Тапсырмалар: мектеп басшысының функцияларын негіздеу, талдау.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Басқару функциялары.Ұйымдастыру, жоспарлау, ынталандыру, бақылау.
Өткізу формасы: РАФТ
Бағалау критерийлері:
90-100
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде). Мектеп басшысының функцияларының мазмұнын ұғынуы және толық жеткізе білуі өз пікірін айта алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ Басқару функцияларын (ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау мотивация) толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, мысалдар келтірмейді, басқару функцияларын ажырата алмады. Өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы. негіздей алмады, Педагогикалық менеджмент функциялары олардың бірліктері мен өзара байланысын айтуда қиналады.