Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 3,5,6,9,24
№6 семинар тақырыбы: Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері.
Сабақтың мақсаты: Мектеп басқарудың әдіснамалық негіздері туралы ақпарат беру, қолдануға үйрету.
Негізгі сұрақтар: 1. Педагогикалық іс-әрекет түрлері.
2. Мектепті педагогикалық үрдіс ретінде басқаруды қарастырған Ю.А.Конаржевскийдің пікірін қарастыру
3. Білім беру үрдісін менеджмент негізінде басқарудың маңызды сипаттары. 4.Педагогикалық процестің құрылымы
Тапсырмалар:Мектеп басқарудың әдіснамалық негіздеріне үлес қосқан ғалымдардың пікірін талдау.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Мектеп басқарудың әдіснамалық негіздері. Білім беру үрдісін менеджмент негізінде басқарудың маңызды сипаттары
Өткізу формасы:Іскерлік ойын
Бағалау критерийлері:
90-100
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде). Педагогикалық жүйенің жалпы белгілерін, педагогикалық іс-әрекет түрлерін толық жеткізе білуі, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін толық жеткізе алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ педагогикалық менеджменттің құрылымдық компененттері бойынша толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде).Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, мысалдар келтірмейді, мектеп басқарудың әдіснамалық негіздеріне үлес қосқан ғалымдардың пікірін талдауда қосымша мәліметтермен қамтуы өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы. педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдарын негіздей алмады, құрылымдық компоненттерін ажырата білмеді.Студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.