Зарядтың қасиеті. Нүктелік және үздіксіз үлестірілген зарядтың моделі. Өткізгіштер және диэлектриктер. Кулон заңы. Алыстан және жақыннан әсерлесу теориясы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі.
Зарядтың электростатикалық өрісте орын ауыстырғандығы жұмысы. Электростатикалық өрістегі зарядтың потенциялық энергиясы. Потенциал. Эквипотенциал беттер. Суперпозиция принципі. Қозғалмайтын нүктелік зарядтардың жүйесінің энергиясы және электростатикалық өрістің энергиясы.
Диэлектриктер. Бос және байланысты зарядтар. Диэлектриктердің түрлері. Диэлектриктердегі өріс кернеулігі. Электрлік индукция векторы. Диэлектрлік өткізгіштік. Біртекті және гетерогенді өрістегі диэлектрик.
Өткізгіштер. Өткізгіштегі электр зарядының орналасуы. Өткізгіштегі өрістің потенциалы, өткізгіш бетіне жақын маңайында өріс кернеулігінің зарядтың беттік тығыздығымен байланысы. Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіштер. Ықпал арқылы электрлену. Электростатикалық қорғаныс.
Өткізгіштердегі тұрақты электр тогы
Ток ұғымы. Өмір сүру шарттары. Ток күші. Тұрақты ток. Тұрақты ток электр тізбегінің сипаттамалары. Тізбектің бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңы. Дифференциалды және интегралды формалардағы Ом заңы. Сыртқы тізбекте өткізгіштерді және ток көздерін қосу. Тұрақты ток тізбегіндегі жұмыс және қуат. Интегралдық және дифференциалдық формалардығы Джоуль- Ленц заңы.
Электр тоғының магнит өрісі. Магнетиктер
Токтардың өзара әсерлесуі. Ампер заңы. Био-Савар-Лаплас заңы. Эрстедтің тәжірибелері. Магнит өрісі және оның сипаттамалары (). Магнит ағыны. Магнит өрісінің құйындық сипаты. Толық ток заңы. Ампер және Лоренц күштері.
Магнетиктер, олардың түрлері. Магниттеу векторы, магниттік өткізгіштік. Кюри нүктесі. Тұрақты магниттер.
Электромагниттік индукция. Электромагниттік өріс
Фарадей тәжірибелері. Электромагниттік индукция заңяның интегралдық және дифференциалдық формасы. Ленц ережесі. Фуко токтары және оларды техникада ескеру. Өздік индукция құбылысы. Өздік индукция электр қозғаушы күші. Индуктивтілік. Максвелл гипотезалары. Максвелл теңдеулерінің жүйесі, физикалық мәні. Умов-Пойнтинг векторы.