Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандар бағдарламасы орал, 2023 ж


Динамака. Ньютонның заңдары. Күштер



бет8/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#98699
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА 2023 МФ

Динамака. Ньютонның заңдары. Күштер

Инерциялық санақ жүйесі. Дененің өзара әсерлесуі. Ньютон заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Кавендиш тәжірибелері. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Планеталардың қозғалысы. Ғарыштық жылдамдықтар. Ауырлық күші тартылыс күшінің көрінісі.
Серпімділік күштері. Гук заңы. Дененің салмағы. Салмақсыздық және асқынсалмақ.
Ауырлық күші әсерінен және тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергия түрлендірулері. Математикалық және серіппелі маятник. Дене импульсі, күш импульсі. Денелер жүйесінің импульсінің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. К.Е. Циолковскийдің еңбектері. Ньютонның екінші заңының тағы бір тұжырымы. Классикалық механиканың қолданылу шегі.

  1. Жұмыс және энергия

Механикалық жұмыс. Ауырлық күшінің және серпімділік күшінің және үйкеліс күшінің жұмысы. Дененің потенциалдық энергиясы. Кинетикалық энергия.
Ішкі энергия. Бірінші текті мәңгілік двигатель.

  1. Инерциялық емес санақ жүйесіне қатысты қозғалыс (ИЕСЖ)

Инерциялық емес санақ жүйесі. Инерция күштері. Ілгерлемелі қозғалыстың ИЕСЖ – дегі инерция күштері. Центрден тепкіш инерциялық күш. Кориолис күші. Инерциялық күшінің Жер бетіндегі көрінісі: дене салмағының географиялық ендіктен тәуелділігі. Фуко маятнигі.

  1. Арнаулы салыстырмалылық теориясының (АСТ) негіздері. Кинематика. Динамика

Эйнштейн постулаттары (алғы шарттары және тұжырымдамалары). Лоренц түрлендірулері және олардың кинематикалық салдары: бір мезгілдің, уақыт аралығының, ұзындық кесіндісінің салыстырмалылығы. Уақыт бойынша абсолют өткен және абсолют алыс оқиғалар. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.
Релятивтік импульс. Релятивтік масса және тыныштық масса мәселелері. АСТ-ғы Ньютонның екінші заңы. Энергия мен импульстің байланысы. Масса мен энергияның өзара байланысы.

  1. Сұйықтар

Термодинамикадағы және МКТ-дағы сұйық агрегаттық күй. Сұйықтықтың беткі қабатының ерекшеліктері. Беттік керілу коэффициенті, оның өлшем бірлігін анықтау. Жұғу және жұқпау. Шектік бұрыш. Лаплас қысымы. Капиллярлық құбылыстар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет