Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет106/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   161
2. Тәрбие парадигмасы
Парадигма
– 1) (грек. – үлгі) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар 
жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 2) Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми 
қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің 
бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі. 
Тәрбие парадигмасы сменінің ауысуының мәні, әміршілдік-әкімшілік педагогикалық 
процес әсерінің 
бала тұлғасын
қалыптас-тыру эталонына бұрылуы, демек қажеттілік пен 
потенциалды мүмкіндіктер негізінде – қоғамға пайдалы, өз орны, көзқарасы
дүниетанымы бар, жан-жақты гуманистік идеяда дамып жетілуі. 
Жаңа парадигманың теориялық негіздемесі көптеген ғылым салалары туралы білім 
жүйесінің болуында: 
тәрбие философиясы, педагогикалық мәдениеттану, акмеология
аксиология, синергетика, антропология, психология, педагогика, тәрбие әдістемесі мен 
қазіргі педагогикалық технологиялар.
Тәрбиенің мазмұндық аспектісі біріккен ғылымдар жүйесінің өзегіне – этика, эстетика, 
экономика, экология, саясаттану, медицина, валеология, сексология және т.б. әкеледі. 
Тәрбие процесі құрылуға тиіс бірнеше прогрессивті идеялар

1. Бала қазіргі гуманистік тәрбие парадигмасында 
ең жоғарғы құндылық
ретінде 
қарастырылады. Оның тәрбие процесінде өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі жоғары. Мұндағы 
басты принцип тәрбиеленушілерді жағымды және жағымсыз сапаларымен бірге нақты 
тұтастай қабылдау, тәрбиеленуші бойындағы жағымды қасиеттерге иек арту.
2. Тәрбие мақсаты ұжымдық шығармашылық әрекет жағдайында жеке тұлғаны 
үйлесімді 
(гармониялы) 
дамытуға
негізделеді: 
Осы негіздегі тәрбие жүйесі : 

Педагог пен тәрбиеленушінің ішкі бостандығы тәрбие мәдениетінің өзегі ретінде, ол – 
ересектер мен баланың гуманизмі мен демократизміне негізделеді; 

«Бостандық педагогикасы» (О.С.Газман). Баланы қолдау мен ықпал ету жағдайы оның 
бойында позитивті мінез-құлық формасын қалыптастырып қана қоймайды, ол – мәдени 
және адамгершілік тұрғысында ересектермен жоғары қарым-қатынас, ынтымақтасу 
деңгейіне жеткізеді. 
3. 
Тәрбие мәні
– тәрбиеленушінің қоршаған ортаға көзқарасы: Отанына, қоғамға, адамзатқа, 
тірі және тірі емес (өлі) табиғатқа, материалдық және рухани құндылықтарға, өзіне, т.б. 
өмірлік позицияның қалыптасуы. Әлемге деген құндылық қатынасы жүйесіндегі орны. 
4. 
Тәрбие мазмұны
, оның негізі педагог тарапынан ұйымдастыры-латын тәрбие әрекетінде 
тәрбиеленушінің белсенді позициясы: танымдық, құндылық – бағыт-бағдарлық, 
қоғамдық, еңбек, сурет, дене шынықтыру, ерікті қатынас әрекеті. 
5. Білім беру жүйесінің 
жеке тұлғалық
бағытқа негізделуі, демек, «педагогтың 
тәрбиеленушіге жүйелі түрде өз дамуына жауапты субъекті ретінде және тәрбиелік әсер 
ету субъектісі ретінде қатынасы». 
Мұндағы педагог позициясы – бала өміріне жауапкершілік, табиғилық, бағыт берушілік. 


69 
6. Тәрбие процесіндегі педагог позициясының 
нәтижесі 
– педагогикалық қолдау. Педагогикалық 
қолдау арқылы индивидуалдық проблемаларды, бала денсаулығына байланысты 
проблемаларды, оқудағы жетістіктерді, өмірлік позицияны анықтау. 
7. Педагог пен тәрбиеленушінің диалогтық қарым-қатынасы. М.М. Бахтин: «Шындық бір адамның 
басында туындалмайды , ол шындықты бірге іздейтін адамдар арасында, диалогтық 
қарым-қатынас процесінде туындайды». Міне, сондықтан да тәрбие практикасына: 
«диалог мәдениеті», «диалогтық қатынас», тәрбиеші-тәрбиеленуші т.б. жатады.
8. Тәрбиешінің тағайындалуы мен оның позициясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет