Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет70/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Қолданылған әдебиеттер

1. Зимняя А. Педагогикалық психология. А., 2005. – 368 б. 
2. Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов - на - Дону, 
2004. – 256 с.
3. Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері мен кемтар бала психологиясы туралы 
таңдамалы еңбектер. Алматы,1999, 5-7 б. 
4. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10-томдық. І-том. Мәдени-тарихи 
тұжырымдама. Алматы, 2005, 12-48 б. 
5 - СҰРАҚ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ 
ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ 
 
1.
 
Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі тенденциялары 
2. Оқытуда танымдық процестердің дамуы 
 
1.
Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі тенденциялары 
 
Бірінші тенденция
– еріксіздіктен, бірбеттіліктен, албырттықтан, импульсивтіліктен, 
ситуациялықтан еріктілікке қарай «қозғалыста» байқалады; бұл тенденция өз мінез-
құлқын басқару, саналы түрде мақсат қою, қиындық пен кедергілерді жеңе отырып
мақсатқа жету жоларын алдын-ала іздеу мен табу іскерліктерінен көрінеді.
 
Екінші тенденция
– интеллектінің анализдік-синтездік функция-ларын дамытуда
тұрақтандыруда, қалыптастыруда байқалады. 
 
Үшінші тенденция
– ақиқатты бейнелеудің көрнекі-қозғалыстық, көрнекі-бейнелі 
формаларының абстрактілі-логикалық (теориялық ойлау) формасына біртіндеп 
ауысуынан тұрады.
 
Төртінші тенденция
– әрбір танымдық процестің өзіне тән функцияларды атқаруы 
интеллектінің тұтастай дамуына әкелетіндіктен танымдық процестерді біртіндеп 
«интеллектуалдандырудан» тұрады. Мұнда даму психикалық функциялардың 
салыстырмалы автономдылығынан оларды біртұтас құрылымға шоғырландыру 
бағытында жүзеге асады.
 
Бесінші тенденция – 
сыртқы реттеудің (регуляция) біртіндеп өзін-өзі реттеуге ауысуында 
көрінеді, әсіресе бұл тенденция зейінді дамытуда, бақылауда, өзін-өзі бақылауда ерекше 
байқалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет