Final терезесінде 0007 санын теріңіз де Step кнопкасын басыңыз.
Ажыратқыштың көмегімен модельдеу процесін іске қосыңыз. Step кнопкасын баса отырып, бақылаңыз, кірістік сигналдардың қандай үйлесімділігінде логикалық элементтің шығысында "1" пайда болады. Ажыратқыштың көмегімен модельдеу процесін тоқтатыңыз. "Space" контактілерін "Space" пернесін басу арқылы ауыстырыңыз. Ажыратқыштың көмегімен модельдеу процесін іске қосыңыз. Step кнопкасын басып, ақпарда шындық кестесін толтырыңыз.
Файлды өз атыңызбен аталған папкада сақтаңыз.
Дешифраторларды каскадтау схемаларын зерттеу
Дешифратордың разрядын ұлғайту үшін каскадтау пайдаланылады. Ол үшін кірістік екілік санын (код) шығыста екіге бөлінеді, осы кезде кіші разрядтардың разрядтылығы дешифратордың ИС разрядына сәйкес. Кірістік санның қалған үлкен разрядтары комбинациялық схемаға түседі. Ол үшін таңдау сигналы сәйкес ИС-ның G кірісіне беріледі.
3-суретте 3 х 8 типті екі дешифратордың каскадтауын зерттеу схемасы келтірілген.
Сур. 3
Кіріс төрт разрядты коды екі бөлікке бөлінеді: үш кіші разряд D, C, B екі дешифратордың кірістеріне параллельді түрде беріледі. Үлкен разряд A бірінші дешифратордың таңдау кірісіне G беріледі де инвертор арқылы екінші дешифратордың G кірісіне. Нәтижесінде, егер A = 0, онда бірінші дешифратор жұмыс істейді, ал егер A = 1, онда екіншісі таңдалады. Нәтижесінде 4 х 16 дешифраторды аламыз. Мысалы, схеманың кірісіне 1110 = 10112 санын берсе, шығыстық сигнал екінші дешифратордың Y11 шығысында шығады.
Дешифраторды зерттеу схемасын құру
Жаңа файлды жасау.
Кнопкасын басыңыз
компоненттердің және бақылау-өлшеу аспаптарының кітапхана панельдері. Пайда болған логикалық элементтердің терезесінен NOT («ЕМЕС») логикалық элементтің пиктограммасын алыңыз.
.
Тізбектей схеманың басқа элементтердің пиктограммаларын алыңыз (оларды 3-суретте көрсетілгендей орналастырыңыз). Элементтерді жалғаймыз.
Тышқанның кнопкаларын екі рет басу арқылы сөздер генераторының беттік панелін ашыңыз.
Он алтылық кодтың терезесін кодтық комбинациямен толтырамыз, жоғарғы нөлдік ұяшықтағы 0-ден бастап ары қарай әр ұяшыққа 1 қоса отырып. Осы мақсатта кнопкасын басыңыз, Up counter опциясын қосыңыз да Accept кнопкасын басыңыз.
Frequency терезесінде кодтық комбинациялардың қалыптасу 1 Гц тең жиілігін орнатыңыз.
Генераторды сандардың көрсетілген тізбектілігін периодикалық қалыптастыруға бағдарламалаймыз. Ол үшін Final терезесінде 000F санын теріңіз де Cycle кнопкасын басыңыз.
Ажыратқыштың көмегімен моделдеу процесін іске қосамыз. Схеманың жұмысын бақылаңыз, модельдеу нәтижелерін оқытушыға көрсетіңіз.
Ажыратқыштың көмегімен модельдеу процесін тоқтатыңыз. Өз атыңызда файлды сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |