Windows жұмыс столында ярлықтың көмегімен Electronics Workbench бағдарламасын іске қосыңыз.
1-суретте схеманың құрылымын екі кезеңге бөлеміз: ең алдымен 1-суретте көрсетілгендей элементтердің пиктограммасын орналастырамыз, содан кейін оларды жалғаймыз.
Кнопкасын басыңыз
компоненттердің және бақылау-өлшеу аспаптарының кітапхана панельдері. Пайда болған сандық микросхема терезесінен пиктограммасын алыңыз. Пайда болған диалогты терезеде Generic 8-to-1 DEMUXтаңдаңыз және Accept кнопкасын басыңыз.
Жерлендіру мен ауыстырғыштың, 5В қоректендіру көзінің пиктограммаларын тізбектей алыңыз
Кнопкасын басыңыз
Пайда болған терезеден логикалық сынамалардың пиктограммаларын алыңыз .
2-суретте көрсетілгендей логикалық сынамаларды ашыңыз. Ол үшін функция панелінде бұрылыс кнопкасын пайдаланыңыз
.
Кнопкасын басыңыз
компоненттердің және бақылау-өлшеу аспаптарының кітапхана панельдері. Пайда болған индикаторлар терезесінен сөздер генераторының пиктограммасын алыңыз
.
Буксирлеу әдісімен элементтердің пиктограммаларын 2-суретте көрсетілгендей орналастырыңыз, суретке сәйкес элементтерді жалғаңыз.
Сөздер генераторының сол жақ панелінде он алтылық кодпен кодтық комбинациялар белгіленеді, ал төменгі бөлігінде – екілік кодта.
Он алтылық код терезесін кодтық комбинациямен, 0-ден бастап ары қарай әр ұяшыққа 1 қоса отырып толтырамыз. Осы мақсатта кнопкасын басыңыз, пайда болған терезеде Up counter опциясын қосыңыз және Accept кнопкасын басыңыз.