1.2. САПР құралдары көмегімен RS типті триггердің сипаттамаларын зерттеу
R S типті триггердің екі кірісі (R және S) және екі шығысы ( Q және Q ) бар. RS типті триггердің графикалық шартты белгісі 1-суретте келтірілген.
1-сурет. RS типті триггердің шартты-графикалық бейнеленуі.
Егер S кірісіне логикалық "1" берілсе, онда Q шығысы логикалық "1" күйінде, ал Q шығысы –логикалық"0" күйінде болады. Егер R кірісіне логикалық "1" берілсе, онда Q шығысы логикалық "0" күйінде, ал шығысы – логикалық "1" күйінде болады. Осы екеуі триггердің орнықты күйлері болып табылады. Триггердің бір орнықты күйден екінші күйге ауысу шарты екі кестенің көмегімен сипатталады – ауысу кестесі мен жұмыс істеу кестесі. Триггердің жұмыс істеу кестесі – кірістік әсерлерге триггердің реакциясын анықтайтын кесте түріндегі триггердің ауысу заңы.
RS типті триггерді зерттеу схемасы 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. RS триггерін зерттеу схемасы
Триггердің R және S кірістері жоғары деңгейлі (+ 5 В) немесе төменгі деңгейлі (0 В, "жер") кернеуге ауыстырғыштар арқылы жалғанған. Ауыстырғыштар R және S пернелері арқылы басқарылады, перне тақтада латын регистрі.
RS типті триггерді зерттеу схемасын құру
Windows жұмыс столында Electronics Workbench бағдарламасын ярлыктың көмегімен іске қосыңыз.
Кнопкасын басыңыз
компоненттер мен бақылау-өлшеу аспаптарының кітапхана панелі. Сандық микросхемалардың пайда болған терезесінен пиктограммасын алыңыз.
Тізбектей жерлендіру пиктограммасын және қоректендіру көзінің 5В ауыстырғыш пиктограммасын алыңыз .
Кнопкасын басыңыз
пайда болған терезеден логикалық сынамалардың пиктограммасын алыңыз .
2-суретте көрсетілгендей элементтерді ашыңыз, ол үшін функция панелінде бұрылыс кнопкаларымен пайдаланыңыз
және .
Ауыстырғыш Space пернесін басу арқылы басқарылады, R және S пернелеріне ауыстырғышты басқару функцияларын жүктейміз. Осы мақсатта олардың параметрлерін беру үшін диалогты терезелерді тізбектей ашыңыз да, Value вкладкасына көшіңіз.
2-суретке сәйкес элементтерді жалғаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |