Дәріс 2.
Жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру логикасы
Орталық дизайн идеялары:
Озық Идея, перспективалар,
Жобалау пәнінің қазіргі жағдайы мен болашағы арасындағы ықтимал айырмашылық идеясы,
Кезең-кезеңмен, жоспарланған нәтижелерге кезең-кезеңмен қол жеткізу идеясы,
Дизайн барысында үйлесімділік, ынтымақтастық, ресурстар мен күш-жігерді біріктіру идеясы,
Бірлескен іс-қимылдарды орындау жоспарына сәйкес қатысушылардың "тармақталу белсенділігі" идеясы.
Жобалардың түрлері:
Табиғи
Техникалық (инженерлік)
Әлеуметтік
Оқытушы-жобалық қызметке қатысушы:
Оқу жобасын ұйымдастырушы
Білім беру жобасын орындаушы
Білім беру жобасының сарапшысы
Кейінгі уақытта педагогикалық жобалаудың, оны педагогикалық қауымдастықтың меңгеруінің жəне ғылыми негізде практикада тиімді қолданылуының динамикалық бірлігі ретінде инновациялық процестер мəселесі педагогика теориясының өзекті мəселесіне айналды. Себебі бүгінгі күні білім беру жүйесінің дамуы инновациялық процестер жəне оларды жобалау арқылы жүзеге асуда.Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде əр қырынан көрсетілді (В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Т.К. Смыковская, Е.А. Крюкова жəне басқалар). Аталған авторлардың еңбектері мен басқа да педагогикалық-психологиялық зерттеулерді талдау олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен байланыстырылатыны байқалды.Мəселен, В.С. Безрукова педагогикалық жобалауды «оқушылар мен мұғалімдердің алда тұрған іс-əрекетінің негізгі детальдарын алдын ала жасау» [6] ретінде қарастырады. Бұл анықтама мұғалімнің педагогикалық процесті жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді. В.В. Краевскийдің айтуынша, «педагогикалық жобалау əлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады» [7]. Дегенмен, бұл анықтама бойынша, «жобалау» жəне «жоспарлау» іс-əрекеттері бір-бірімен сəйкестендіріледі, ал олардың əрқайсысының өзінің жеке мағынасы бар іс-əрекет екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы ғана емес, ең алдымен оқу-тəрбие процесінің логикалық құрылымын жасау.Ғылыми əдебиетте «жобалау» ұғымына бірқатар өзіндік анықтамалар берілген. Мəселен, В.А.Болотов, Е.И.Исаев, В.И.Слободчиков, Н.А.Шайденко педагогикалық жобалауды «педагогтар, оқушылар қауымдастығының жаңа формаларын, білім берудің жаңа мазмұны мен технологияларын, педагогикалық іс-əрекет пен ойлаудың жаңа əдістері мен технологияларын жасау» контексінде анықтайды [8].Н.В. Борисова жобалаудың білім беру жобаларын жасауға жəне іске асыруға бағытталған іс- əрекет екендігін көрсетеді [9].А.Н.Дахин болса, жобалауды «қандай да бір жүйені, объектіні немесе модельді құру (жасау,жоспарлау, құрастыру) жөніндегі іс-əрекет» деп біледі.
Т.К.Смыковская «педагогикалық жобалау – жүйелердің қызмет етуінің, дамуының, жетілдірудің міндеттерін шешуге бағытталған педагогиканың жəне ұйымдастырылатын практикалық іс-əрекеттің қолданбалы бағыты» деп есептейді. Бұл анықтамада жобалаудың міндеттерінің əрқилылығы бірден көзге түседі.Е.А.Крюкованың айтуынша, педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-əрекет болып табылады [12].Ендігі кезекте «педагогикалық жобалау қандай принциптерге сүйенеді?» деген сұраққа жауап беру керек. Бұл жерде Н.Г.Алексеева, Е.А.Крюкова жəне Т.К.Смыковскаялардың пікірлерін негізге алуға болады. Олардың айтуынша, педагогикалық жобалау принциптері: ғылыми ұсыныстарға сүйену; жаңа жүйенің жобасы идеяларының көздерінің толықтығы; жобалау идеяларының еркін генерациясы (жобалаудың шығармашылық сипатын қамтамасыз етуге бағыттайды); жобалаудың бірлігі мен сабақтастығы.Г.П.Щедровицкий педагогикалық жобалауды көптеген «практикалық іс-əрекеттер» актілерінен тұратын, кейін талдау объектісіне айналатын іс-əрекет ретінде анықтай отырып, келесі принциптерді бөліп көрсетеді: қосымшалығы (жүйені жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша шарттарды енгізу жəне жүйенің дамуына кедергі келтіретін жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-əрекет пен қарым- қатынастар бірлігі (кез келген емес, тек тұлғаның жетілуіне мүмкіндік беретін іс-əрекеттерді меңгеру) .Ендігі кезекте инновациялық процесті жобалау іс-əрекетінің логикасына тоқталу керек. Себебі педагогикалық жобалаудың нəтижесі белгілі бір деңгейдегі инновация болып табылады.С.Д.Ильенкованың пікірінше, инновациялық процесті жобалау инновациялық өзгерістерді даярлауда кешенді тұтастықты құрайтын өзара байланысты фазалардан тұрады жəне ғылыми білімдерді инновацияға айналдырушы процесс болып табылады. Оның басты белгісі – инновацияларды аяқтау, іске асыруға жарамды нəтиже алу.
Жобалау жаңашылдықтың эволюциясының жəне жаңа енгізуді іске асырудың картасы болып табылады. Оның да өз шекаралары бар. Бірақ оларды нақты белгілеу мүмкін емес, дегенмен əр нақты жоба үшін олар жеке анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |