Кәсіби оқытуға арналған іс-әрекеттік дизайн Кәсіби білім – білім мен дағдылардың жиынтығы ғана емес; кәсіпқойлар, практиктер қауымдастығының мүшесі болу үшін арнайы әлеуметтенеді.
Кәсіби білім көбінесе есеп беру немесе дизайндық жұмыс сияқты білім алуға арналған жалпы дизайндарды салыстырмалы түрде қолдана отырып, кәсіби практиканы дамыту контексінде қайта құрылады. Мысалы, ортақ іс-шараларға, тіпті Дәрістерге қатысудың өзі көбінесе кәсіби контексте қарастырылады; Дәріске келмеу немесе тәртіп сақтамау кәсіби деңгейдің аздығы ретінде саналып, зарарлы салдарға соқтыруы мүмкін.
Оқыту дизайны – оқыту іс-әрекеттерінің анықтамасы және құрылымы (Битэм, 2-тарау). Дәріс оқу мен проблемаға негізделген оқыту сынды жобалар арасында байланыс жоқ сияқты көрінсе де, оқыту моделін қарастыру кезінде іс-әрекет теориясын қолдану олардың арасындағы кәсіптік білім алудағы байланыстарды анықтап беретін ұғымдардың жиынтығымен қамтамасыз етуі мүмкін.
Кәсіби білім алу мен мектептен кейінгі сектордың қалған бөлігі арасындағы айырмашылық кәсіптердің әлеуметтік мәртебесін (Eraut, 1994) және олардың біртекті емес екенін (Bines and Watson, 1992) көрсетеді. Кәсіптерді әдетте олардан ерекшеленетін жауапкершілік, артықшылық, басқа адамдарға қатысты билік пен басқалардан артықшылығы және бұл биліктің жүзеге асырылуындағы жауапкершілік айқындайды.
Іс-әрекет теориясының дамуы талдаудың бастапқы бірлігі саналатын адамның іс-әрекет жүйелеріне түбегейлі түрде негізделеді. Энгестрем (1987): «Іс-әрекет құрылымы пәндерден, сондай-ақ қандай да бір объектісі немесе мақсатын нақты контекстегі бірқатар құралдарды (мысалы, оқу бағдарламаларын) қолдана отырып, қалаған нәтижесіне қол жеткізуге ұмтылатын оқушылардан тұрады», – деп сипаттайды.
Дәріс 7.
Ашық білім беру ресурстары деген не? Ашық білім беру ресурстары (OERU) терминінің ертеректегі баламасы (1998) «ашық контент» еді (Wiley, 2006). Бұл фраза оқыту үшін қолданылатын ресурстардың шығу тегі мен ниетіне байланысты білім беру болуы міндетті емес екенін мойындайды, мысалы, фотографиялармен алмасу – Flickr (http://www.flickr.com/) сайтында орналастырылған мерекелік фотографияны білім беру мақсатында қолданыла алады.
Дэвид Уайли Хилтон және басқалар өз зерттеулерінде (2010) оларды 4R іс-әрекеті деп сипаттады:
• Reuse. Қайталап қолдану – контентті өзгертілмейтін сөзбе-сөз күйінде қайталап қолдану құқы (мысалы, контенттің резервтік көшірмесін жасау).• Revise. Қайта қарастыру – контентті бейімдеу, түзету, жетілдіру немесе өзгерту құқы (мысалы, мазмұнды өзге тілге аудару).
• Remix. Ремикс – түпнұсқаны немесе өзгертілген контентті жаңа нәрсе жасап шығару үшін басқа контентпен біріктіру құқы (мысалы, контентті басқалармен бір кешенге біріктіру).
• Redistribute. Тарату – түпнұсқа контент көшірмелерімен, қайта жасаулармен немесе ремикстермен бөлісу құқы (мысалы, контент көшірмесін досына беру).
Алайда «мазмұн» сөзі салыстырмалы түрде элементтердің тар және статикалық диапазонын көрсетіп, «ресурс» терминіне басымдық береді. Ал Ашық білім беру ресурстары (OER) формасымен, затбелгісімен немесе шығу тегімен емес, пайдалануға ашықтығымен, қолжетімділігімен ерекшеленеді. Ашық лицензия әдетте интеллектуалдық меншік құқыларына (IPR) қосымша мүмкіндіктерін сәйкестендіре отырып, ресурсты жаңа тұтынушылардың жаңаша пайдалануына ыңғайлылығын білдіреді, мысалы: авторлық құқық.
Аударманың артықшылықтары
Білім беру ресурстарын өзге тілдерге аудару – жаңа пайда болған қызмет түрі емес,әдетте өз құнының жоғары тұратынының арқасында белгілі бір мүмкіндіктерге сәйкес, «сұраныс талаптарына бағытталған іс-әрекет». OERU сапасындағы жарияланым ұсынушыларға емес, тұтынушыларға аударма туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, Массачусетс Техникалық институтының (МТИ) 1000-нан астам ашық курсы испан, португал, қытай, француз, неміс, вьетнам және украин сынды өзге тілдерге аударылды.
Mash-up араластыру ресурстары: көшіру, араластыру, жазу
Лесли (2010) Ашық білім беру саласы қызметкерінің DJ ретіндегі жұмысының төрт негізгі кезеңін бөліп көрсетеді: Лесли (2010) Ашық білім беру саласы қызметкерінің DJ ретіндегі жұмысының төрт негізгі кезеңін бөліп көрсетеді:
• 1-қадам. Іздеу (ақпаратты сақтау орнын аралап өту).
• 2а-қадам. Мысал (ресурстардың қажетті бөліктерін алу).
• 2b-қадам. Өзіндік жеке тректі/жолды тауып алу (өз дұрыс ырғағыңызды таба алмаған кезде).
•3-қадам. Бірізділік (кескіндерді ретке келтіру).
• 4-қадам. Жазу (Ашық білім беру ресурстарының көмегімен шынайы уақыт тәртібінде оқылатын жиынтықты ұсыну).
OOCs (Ашық онлайн курстар) және MOOCs (Жалпыға бірдей ашық онлайн курстар)
MOOCs (Жалпыға бірдей ашық онлайн курстар) – 2007 жылы пайда болған, тек қана материалдық қамтамасыз етуге, оқу құралдары мен нысандарына қожетімділікті ғана емес, сонымен бірге құрылымданған немесе сәйкестендірілген ашық оқыту мен оқытушылық қызметтегі сабақ беру әдістеріндегі салыстырмалы түрдегі жаңа тұғыр. MOOCs-тың кейбір форматтары жарияланған сабақ кестелері, кезеңді викториналары, Дәрістері (онлайн вебинарлар) және онлайнфорумдары бар қарапайым жабық онлайн курстарға өте ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ MOOCs (Жалпыға бірдей ашық онлайн курстар) шектеусіз тыңдаушылар санына арналғандықтан, қолданылатын ресурстар ашық, ал дизайн-курстар икемді болуы шарт. OER-ді (Ашық білім беру ресурстарын) тек қолданып қана қоймай, оларды «курс» қорындағы тұтынушылар санының артуына әкелетін білім алушылар мен оқытушылардың өздері жасап, интеграциялауы күтіліп отыр. Олар қатысушыларға да, басқаларға да әрі қарай қолдану үшін қолжетімді болуда. Сименс атап көрсеткендей (Rheingold, 2011), оқу орнында үлкен кеңістіктер жоқ, сондықтан курс біткен кезде қалыптасып қалған байланыстарды тоқтатып тастай алмайды.