Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының


Дәріс 4. «Эдуардо» педагогикалық жобалау жүйесі



бет19/64
Дата25.11.2023
өлшемі465 Kb.
#127411
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойы

Дәріс 4.

«Эдуардо» педагогикалық жобалау жүйесі
EDUARDO (http://eduardo.studio/) - бұл бизнес пен университеттер үшін онлайн курстар құруға және бастауға арналған платформа.
Онлайн-оқыту күннен күнге жылдам қарқын алуда. Сурет салу, дизайндау, бағдарламалау, маркетинг бойынша онлайн курстар, т.б. – бұл тізім үнемі толығып, өсіп отырады. Сол себепті қазіргі күні жеткілікті деңгейдегі білімі бар әр адам өз курсын құра алады және өз білімін басқалармен бөлісе алады.
Мүмкіндіктері:
  • көп функционалдылық: оқытуда мәтін, бейнежазба және құжаттарды қолдану.


  • Курс бойынша бірлескен жұмыс жасау.


    сервиспен жұмыс жасау туралы оқыту бейне роликтерінің болуы.
    тұтынушыларды қолдау.
  • 5 курсқа дейін құруға болатын тегін жоспар.


Минустары:


  • мобильді версиясы жоқ.


  • платформада жасалған жұмыстардың мысалдары жоқ.



Лекция 5.Ашық білім беру ресурстарының
жобалау тәжірибесіне әсері

«Ашық білім беру ресурстары» термині (Open Educational Resources, OER) алғаш ретін ғылыми айналымға 2002 жылдың шілде айында ЮНЕСКО мен дамушы елдерге ашық білім беру жүйелері бойынша ұйымдастырылған форумында енгізілген. Ашық білім беру ресурстары – қолжетімді ашық түрде беріліп немесе лицензиялы шығарылып, оларды үшінші адамдармен тегін қолдануға және модификациялауға рұқсат берілген білім беру және ғылыми ресурстары. Бұл анықтаманы ЮНЕСКО қабылдаған.
Ашық білім беру ресурсы келесі элементтердің жекелеген және әртүрлі комбинацияларын қамтуы мүмкін:

  • толық электронды оқыту курсы;


  • әдістемелік материалдар;


  • оқу модульдері;


  • оқу құралдары, семинарлар;


  • бейне және дыбыстық материалдар;


  • сынақтар, бақылау тапсырмалары;


  • бағдарламалық қамтамасыз ету;


  • білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа да материалдар, құралдарнемесе технологиялар.


АББР ерекшеліктері:


  • материалдардың әдістемелік немесе ғылыми бағыттылығы;


  • материалдарды ұсыну үшін әр түрлі форматтағы және медиа-құралдарды қолдану;


  • басқа пайдаланушылардың материалдарды пайдалану, өңдеу және қайта бөлуде еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;


  • ашық лицензиялау тиісті халықаралық конвенциялармен белгіленген қолданыстағы зияткерлік меншік құқықтар жүйесіне енгізу және қайта қолдануда авторлық құқықты сақтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет