1 Іс-тәжірибе түрлерін ұйымдастыру негіздері
МАҚСАТЫ
Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие
процесін жобалаумен және іске асырумен байланысты кәсіби
педагогикалық құзыреттерді
қалыптастыру, білім алушылардың әлеуметтік және кәсіптік бейімделу жағдайларын
қамтамасыз ету, олардың педагогикалық кәсіптің нормалары
мен құндылықтарын игеруі,
педагогикалық қызметтің іс-әрекет тәжірибесін алуда білім алушылардың жеке басының
кәсіптік бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық іс-тәжірибені
өту бойынша оқыту нәтижелері:
- білім беру ұйымдарында пән бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу,
сыныптан тыс, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну;
- педагог / тәрбиешінің қызметін жаңғырту: педагогикалық
іс-тәжірибе жағдайында
сабақтарда білім алушылардың / тәрбиеленушілердің өзіндік,
сараланған, жеке жұмысын
ұйымдастыру бойынша;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтілетін оқу
жетістіктерінкритериалды бағалау бойынша; коллаборативті
оқытуды ұйымдастыру,
оқытудың коллаборативті ортасын құру бойынша;
Достарыңызбен бөлісу: