Білім алушы-іс-тәжірибешінің бағалау критерийлері Іс-тәжірибе бағдарламасын меңгеру нәтижелері бойынша білім алушылар бітіруші
кафедраға практика базасының жетекшісінен білім алушы іс-тәжірибешіге есеп, күнделік
және пікір ұсынады.
Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін студент факультет деканы тағайындаған комиссияның
қатысуымен күнделік, сараланған бағасы бар есепті қорғайды. Күнделік-есептерді қорғау
жөніндегі Комиссия кемінде екі-үш мүшеден тұруы тиіс. Күнделік-есептің қорғалу орнына
байланысты оның құрамына: кафедраның іс-тәжірибе жетекшісі, практика базасынан іс-
тәжірибе жетекшісі, оқытушы кіреді. Кафедрадан іс-тәжіибе жетекшісі кәсіпорындағы
есептерді қорғау кезінде де комиссия құрамына кіреді. Университетте іс-тәжірибе бойынша
күнделік-есептерді қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы кафедраның меңгерушісі болып
табылады.
Білім алушы жұмысының нәтижелерін іс-тәжірибеде бағалау кезінде білім алушының
іс-тәжірибе бойынша күнделік пен есепті рәсімдеуінің мазмұны мен дұрыстығы, іс-тәжірибе
жетекшілерінің ұйымнан – іс-тәжірибеден өту орны мен кафедрадан пікірлері, есепті қорғау
барысында сұрақтарға жауаптардың сапасы ескеріледі.
Кәсіби іс-тәжірибеге арналған қорытынды бағаны есептеу үлгісі кесте 2
Іс-тәжірибе
базасынан- ұйымнан
іс-тәжірибе
Университеттегі іс-
тәжірибе
жетекшісінің
бағалауы
Кәсіптік іс-тәжірибе бойынша қорытынды баға
есебінің үлгісі
жетекшісінің
бағалауы
85
90
(85*70%) + (90*30%) = 59,5+27 = 86,5 % Тіркелген және қорғалған күнделіктер, есептер кафедрада істер номенклатурасына
сәйкес үш жыл бойы сақталады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына аударылған балдық-рейтингтік-әріптік жүйесі және ECTS кесте 3