Білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулығы Жаратылыстану-математика факультеті «Физика-математика ғылымдары және информатика»


 Іс-тәжірибеден өту барысында қалыптасатын оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата17.04.2023
өлшемі393,81 Kb.
#83341
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
3 Іс-тәжірибеден өту барысында қалыптасатын оқыту нәтижелері 
Тәжірибе барысында әр студент күнделікті күнделік жүргізеді, онда ол жасаған барлық 
жұмыстарын көрсетеді. Тәжірибе барысында күнделікті топ жетекшісі мен әдіскерлер 
тексереді. 
Тәжірибенің соңында студенттер топ жетекшісіне практиканың барлық кезеңіне 
арналған оқу – тәрбие жұмысының жеке жоспарын ұсынады, оның уақтылы жасалуы 
мұғалімнің және сынып жетекшісінің жұмысы мен жоспарларымен уақтылы танысуға 
байланысты болады. 
Педагогикалық практика барысында мектеп қызметкерлері студенттердің оқу-тәрбие 
жұмысын бақылайды, олардың жұмысының есебін жүргізеді және нәтижесінде директордың 
қорытынды жиналысында әр студентке жеке мінездеме беріледі және оның жұмысы пәндер 
мен сынып жетекшілігі бойынша жеке бағаланады. 
Педагогикалық практиканы қорытынды бағалауда студенттің оқу - тәрбие қызметінің 
тиімділік дәрежесі мектептің әдістемелік жұмысына қатысуы, студенттің қоғамдық-саяси 
белсенділігі, оның педагогикалық мамандыққа, балаларға, мектепке деген көзқарасы, есеп 
беру құжаттамасының сапасы ескеріледі. 
4 Білім алушы – іс-тәжірибешінің есептік құжаттамасы 
Практикадан өткен білім алушының есептік құжаттамасына қойылатын талаптар. 
- практиканың жеке жұмыс жоспары; 
- күнделік;
- қатысқан барлық сабақтардың талдау; 
- Математика, алгебра, геометрия, физика пәндерінің оқу бағдарламаларымен танысу; 
-1 сынақ және 10 есеп сабағын өткізу; 
пән бойынша сыныптан тыс сабақ жоспары; 
тәрбие сабағының жоспары; 
оқушыға психология-педагогикалық мінездеме; 
пән мұғалімі, сынып жетекшісі және директор қолы мен мөрі соғылған студентке мінездеме; 
студент есебі. 
Өткізілген тәжірибе нәтижесінде, білім алушы: 
іс-шараларды жоспарлай алады; сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын біледі; 
оқушылармен педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыра алады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет