Есепті қорғауда студенттер практиканың негізгі нәтижелерін баяндайды және практика
Бағдарламасында қарастырылған барлық зерттелген мәселелер
бойынша терең білімдерін
көрсетуі керек.
1.
ҚБТ жағдайында білім алушылардың практикасы бойынша есепті бағалау
университетте қолданылатын бағалау жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2.
Бағалау бейнеконференция, вебинар, скайп құралдарын қолдана отырып, нақты
уақыт режимінде жүргізілуі мүмкін.
3.
Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген
балдық-рейтингтік әріптік
жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.
Практиканың бір жетекшісі
тағайындалған жағдайда,
баға көрсетілген оқыту
нәтижелеріне сәйкес білім алушының ұсынған есебін қорғау қорытындылары бойынша
қойылады.
Практиканың екі жетекшісі тағайындалған жағдайда, практика базасы жетекшісінің
үлес салмағы қорытынды бағаның 70% - ын құрайтын және университеттің жетекшісі ұсынған
есепті қорғау жөніндегі бағаны ескере отырып, қорытынды баға қойылады, оның үлес салмағы
қорытынды бағаның 30% - ын құрайды.
ҚБТ-ны пайдалана отырып білім алушылар ББ бейіні
бойынша олардың жұмыс
жағдайлары кезінде педагогикалық практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға
жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
ББ бейіні бойынша жұмыс істемейтін ҚБТ-ны пайдалана отырып білім алушылар
белгіленген тәртіппен немесе жеке шарт бойынша тұрғылықты
жері бойынша педагогикалық
практикаға жіберіледі.
ҚБТ пайдалана отырып, педагогикалық практикадан
босатылған білім алушылар
жұмыс орнынан берілген мінездеме бойынша бағаланады, онда
кәсіби қызмет көрсетіледі
және бағалаудың белгіленген 100% балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша баға
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: