1 Іс-тәжірибе түрлерін ұйымдастыру негіздері
МАҚСАТЫ
Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие
процесін жобалаумен және іске асырумен байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттерді
қалыптастыру, білім алушылардың әлеуметтік және кәсіптік бейімделу жағдайларын
қамтамасыз ету, олардың педагогикалық кәсіптің нормалары мен құндылықтарын игеруі,
педагогикалық қызметтің іс-әрекет тәжірибесін алуда білім алушылардың жеке басының
кәсіптік бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық іс-тәжірибені өту бойынша
оқыту нәтижелері:
- білім беру ұйымдарында пән бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу,
сыныптан тыс, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну;
- педагог / тәрбиешінің қызметін жаңғырту: педагогикалық іс-тәжірибе жағдайында
сабақтарда білім алушылардың / тәрбиеленушілердің өзіндік, сараланған, жеке жұмысын
ұйымдастыру бойынша; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтілетін оқу
жетістіктерінкритериалды бағалау бойынша; коллаборативті оқытуды ұйымдастыру,
оқытудың коллаборативті ортасын құру бойынша;
Достарыңызбен бөлісу: