Білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулығы Жаратылыстану-математика факультеті «Физика-математика ғылымдары және информатика»


- жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімі ретінде қызметті жүзеге асыру;  -



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата17.04.2023
өлшемі393,81 Kb.
#83341
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
- жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімі ретінде қызметті жүзеге асыру; 
- нақты білім беру бағдарламасының заманауи мәселелерін шешуге бағытталған білім беру 
процесін жобалу; 
- оқу-тәрбие үдерісіне педагогика, психологи және жеке әдістемелер бойынша интегративті 
білім енгізу; 
- кәсіби-педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау; 
- заманауи ақпараттық ресурстар мен технологияларды қолдана отырып, дидактикалық 
материалдар жасау; 
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу; 
- өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамыту бағдарламаларын жетілдіру; 
- педагогикалық қабілеттерді (экспрессивті-сөйлеу, дидактикалық, суггестивті, перцептивті 
және т.б.), сондай-ақ мұғалімнің жеке басының кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту. 
Білім алушы аталған нәтижелерге қол жеткізу үшін төмендегі іс-шаралар орындалуы 
қажет: 
- студенттерді мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу; 
- студенттің өзін тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде түсінуі, оның үздіксіз 
кәсіби және жеке өсу қажеттілігін қалыптастыру; 
- студенттердің теориялық білімдерін бекіту және тереңдету; 
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде қолдану барысында әлеуметтік, психологиялық-
педагогикалық және арнайы білімді тереңдету; 
- болашақ мұғалімдердің бойында тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға құзыретті 
тәсілді іске асыруға мүмкіндік беретін кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; 
- педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарасты дамыту; 
- мұғалімнің жеке және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру. 
МІНДЕТТЕРІ 
1) I-III курстарда оқу кезеңінде алған жалпы педагогикалық біліктер мен дағдыларды одан әрі 
дамыту және жетілдіру. 
2) Математика мұғалімінің ерекше және кәсіби-педагогикалық біліктерін қалыптастыру, 
сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, пән бойынша сыныптан тыс іс-
шараларды анықтау және шешу, оқу материалын іріктеу, ЖОО-да теориялық оқыту кезеңінде 
қарастырылған математиканы оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін негіздеу, таңдау және 


пайдалану, қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы пәндер бойынша 
білімді интеграциялау. 
3) Педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарасты қалыптастыру. 
4) Мектепте, лицейде, гимназияда оқу жұмысын орындау процесінде оқу кезеңінде алған 
білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын практикалық іске асыру; 
Математика мұғалімінің ерекше және кәсіби-педагогикалық дағдыларын қалыптастыру 
сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, пән бойынша сыныптан тыс іс-
шараларды анықтау және шешу, оқу материалын таңдау, университетте теориялық оқыту 
кезеңінде қарастырылған математиканы оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін негіздеу, 
таңдау және пайдалану, қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы пәндер 
бойынша білімді интеграциялау; 
оқу кезеңінде, мектепте, лицейде, гимназияда оқу жұмыстарын орындау барысында 
алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын практикалық іске асыру; 
педагогикалық процесті басқаруға мұғалімдік даярлықты қалыптастыру;
мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын 
қалыптастыру диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпы 
психологиялық білім, іскерлік дағдыларды жетілдіру; 
қоғамға пайдалы еңбекке баулу; 
дербестік пен бастамашылықты тәрбиелеу; 
патриотизмді қалыптастыру; 
ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибені алу, командалық жұмыс жасау дағдысына 
ие болу; 
болашақ маманның әлеуметтік белсенділігін, кәсіби қызығушылығын және 
мамандыққа сүйіспеншілігін қалыптастыру; 
білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет түрлерін зерттеу «Математика 
мұғалімі», олардың функциялары мен міндеттерін игеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет