Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Ауғанстан



бет20/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

6-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Ауғанстан


Жоспар:
1.ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Ауғанстан
2. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Азия жəне Африка елдерін отарлау.
3.1963 ж. Құрылған Африка Бірлігінің Ұйымының (АБҰ) мақсаты.


1.ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Ауғанстан
XVI-XVII ғасырларда Ауғанстан территориясы үшін Сефевидтік Иран мен Үндістандық Ұлы Моғолдар империясы тартысты.
Хотаки әулеті
XVIII ғасырда Ауғанстан Парсы империясы, ирандық Сефевидтер әулетінің құрамына кірді. Персияның әлсіреуінен кейін және бірнеше көтерілістерден кейін ауғандықтар тәуелсіз патшалықтар құрды, олар — Қандағар және Герат. Қандағар патшалығы Мир Уәйс негізін қалаған, пуштундық Хотаки әулетінің қол астында болды. 1722 жылы ауған әскерлері Персияға қарсы жорық жасап, оның астанасы Исфаханды жаулап алды, бірақ кейін Нәдір-шахтан жеңіліп қалды.
Содан кейін Нәдір-шах өз билігін Ауғанстанға жүргізді. Бірақ оның билігі онда тұрақсыз болып, 1747 жылы Сефевидтер империясы құлады.
Дуррани мемлекеті
Дуррани империясын 1747 жылы Қандағарда әскери командир Ахмад-шах Дуррани құрды. Ол алғашқы біртұтас ауған мемлекеті болды. Алайда оның мұрагерлерінің кезінде, империя бірнеше жеке патшалықтарға ыдырап кетті. Олар: Пешавар, Кабул, Қандағар және Герат патшалықтары.
Қазіргі тарихы
Ағылшын-ауған соғысы
Еуразия материгіндегі стратегиялық орнына байланысты, Ауғанстан сол кездегі ірі державалар Британ және Ресей империясының соғыс алаңына айналады. Бұл шайқас «Үлкен ойын» деген атау алған. Ауғанстанды жауламақшы болып, Британ ипериясы бірнеше рет соғыс ісін жүргізген. Бірақ 1919 жылы 9 тамызда Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаға мәжбүр болды.
Ауғанстан патшалығы
Король Аманулланың Берлинеге барған шағы. Бұл сапардан кейін Ауғанстан мен Германияның стратегиялық әріптестігі бастау алды
Толық мақалалары: Ауғанстан патшалығы және Ауғанстан әмірлігі
РКФСР Ауғанстанды ең алғаш мойындап, 1919 жылдан бастап Ресей Федерациясымен дипломатилық қарым-қатынас орнатуда.
Алғашқы республика және Дәуіт диктатурасы
1973 жылы 17 шілдеде Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болды. Монархия құлап, елде республика жарияланды. Бұл тарихи кезең саяси тұрақсыздықпен сипатталады. Президент Мұхаммед Дәуіт реформа жасап, елді модернизацияламақшы болды, бірақ ақыр аяғында оны істей алмады.
Сәуір революциясы
Елде 1978 жылы сәуірде революция басталды. Приезидент Мұхаммед Дәуіт отбасымен бірге өлтіріліп, билікке коммунистік «Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы» (АХДП) келді.
Ауғанстан Демократиялық Республикасы. Азамат соғысының басталуы
Әмин сарайы
1978 жылы сәуірде, Сәуір революциясынан кейін, Ауғанстан Демократиялық Республикасы жарияланды. Елбасы болып Нұр Мұхаммед Тараки, ал Революциялық кеңестің төрағасы болып Хафизулла Әмин сайланды. Басшылық радикалды реформа жасауды қолға алды, әсіресе секуляризация бойынша. Бірақ, ол дәстүрлі ауған қоғамының наразылығына ұшырады. Елде Азамат соғысы басталды. Сөйтіп басқарушы партия АХДП екі фракцияға бөлінді — Хальк және Парчам, олардың өзі билікке талас жүргізді. Нұр Мұхаммед Тараки өлтіріліп, ел басшысы болып Хафизулла Әмин сайланды. КСРО-да Әминді сенімсіз адам, ол кез келген уақытта Батысқа бет бұрып кетуі мүмкін деп санады.
Сондықтан кеңестік билік Әминді тақтан тайдыртып, көтерілісшілерді басу үшін коммунистік басшылыққа көмек көрсету мақсатымен елге әскерін енгізуге шешім қабылдады. Қорытындысында, КСРО әлі күнге дейін жалғасып жатқан азаматтық соғысқа араласты. АҚШ-тың ресми мәлімдемесі бойынша: КСРО Ауғанстанға басып кіріп, оны жауап алды деп айыптады. Президенттік сарайда кеңестік спецназбен ұрыс жүрап жатқанда Әмин қайтыс болып, Революциялық кеңестің төрағасы орнына Бабрак Кармаль келді.
Кеңестік әскерлерге қарсы ауғандық мұджахедтер соғысты. Кейіннен оларға АҚШ, Қытай және т.б. елдер қаржылай жәрдем, қару-жарақ, оның ішінде көбінесе «Стингер» ракеталы кешенімен көмек көрсетті. Қарсыластық аяқталмаған соң, аяғында КСРО өз әскерін Ауғанстаннан алып шықты.
1986 жылы 4 мамырда АХДП ОК-нің шешімі бойынша Б. Кармаль «денсаулығына байланысты» жұмысынан босады. Оның орнынан кетуі, КСРО-да билікке Горбачевтің келуіне тікелей байланысты. 1 қазанда Ауғанстан Демократиялық Республикасының Рефолюциялық кеңесінің жаңа төрағасы болып Мұхаммед Наджибулла сайланды. Бір айдан соң, 30 қарашада, Сәуір революциясы кезінде алынып тасталған президент статусы жаңа Лойя джирга конституциясы бойынша, қайта қалпына келтіріліп, Мұхаммед Наджибулла президент болды. Кеңестік әскерлер 1989 жылы елден шығарылыд. Кеңес Одағының әскері кеткен соң (1989), Наджибулла төрт жыл бойы билікте болды.
Талибтердің билікке келуі
Талибан қозғалысы байрағы
Талибтер Гератта, 2001 жылдың шілдесі. 1989 жылы елден кеңес әскері кеткен соң, азамат соғысы аяқталған жоқ, керісінше жаңа күшпен жалғасты. Елдің солтүстігінде далалық командирлер тобы Солтүстік алянс ұйымын құрды. 1992 жылы көтерілісшілер Кабулге басып кіріп, Ауғанстан Демократиялық Республикасы өмір сүруін тоқтатты. Ахмад Шах Масуд пен Гүлбеддин Хекматияр билікке таласып жатқанда екі жақты артиллерия Кабулды оқтын астына алды. Сөйтіп, ауғандық мәдени және тарихи ескерткіштерінің көбі қиратылды.[25] Сол кезде оңтүстікте «Талибан» қозғалысы өріс алып жатты. Негізінен талибтердің көбі ұлты бойынша пуштундар болды, сондықтан олар өздерін пуштун халқының мүддесін қорғаушылармыз деп жариялады. Олардың мақсаты Ауғанстанда радикалды ислам мемлекетін құру еді.
1996 жылы талибтер елдің көп бөлігін бақылауында ұстады. Қыркүйекте Кабул жауланған соң, Мұхаммед Наджибулла өлтірілді, ал Солтүстік альянс елдің солтүстігіндегі шекаралық аймақтарына ығысты. Талибтердің билігі басқа діндегілерге қысым жасаумен (атап айтқанда, әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде мұсылмандық елдердің қарсылығына қарамастан, талибтер Бамиан Буддаларын «кәпірлердің пұттары» деп, жарып жіберді) және қатігездікпен (мысалы, ұрылардың қолын кесті, әйелдер мен қыздарға мектепке баруға және қасында ер адам болмаса далаға да шығуға тыйым салынды және т.б.) ерекшеленді[26].
1980 жылдардың аяғынан бастап, Ауғанстанда есірткі өндіру белең алды. 1999 жылы талибтердің билігі кезінде, апиын өнімі рекордық дәрежеге жетіп, 4600 тоннаны құрады. 2000 жылы қатты құрғақшылық кезінде 3275 тонна көкнәр тұқымы жиналды. Сол жылы әлемдік қауымдастықтың қысымы бойынша, талибтер өз бақылауындағы аумақтарына көкнәр өсіруге тыйым салды. Қорытындысында 2001 жылы Ауғанстанда рекордтық төмен өнім жиналды: Солтүстік альянстың бақылауындағы Бадахшан провинциясында барлығы 185 тонна апиын жиналды.
Халықаралық террорист Усама бен Ладен 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракттан кейін, талибтік Ауғанстанда баспана тапты. Ол Ауғанстанға АҚШ әскерінің басып кіруіне себеп болды. Бірақ кейбір журналисттер: АҚШ әскерінің басып кіруінің себебі, АҚШ шарты бойынша салынатын Трансауған құбырына (ТАПИ, Түркіменстан — Ауғанстан — Пәкістан — Үндістан) талибтердің қарсы болуы. АҚШ 11 қыркүйектегі оқиғалардан жарты жыл бұрын, Ауғанстанға күшпен ену жоспарын құрып қойған, — деген пікір айтқан.
2001 жылдан бері жалғасып жатқан Ауғанстан соғысы
«Мызғымас бостандық» операциясы кезінде, 2002 жылдың басында талибтер режимі құлады. Бірақ «Талибан» қозғалысы толықтай жойылған жоқ. Негізгі күштері Вазиристан таулы аудандарына кетті, ал қалғандары Ауғанстан мен Пәкістан территорияларында партизандық соғыс жүргізуде.
Ауғанстан Республикасы
Талибтер режимі құлаған соң, қазіргі Ауғанстан Республикасы жарияланды. 2001 жылы желтоқсанда ауған саяси қайраткерлерінің Бонн конференциясында Хамид Карзай Ауғанстанның өтпелі әкімшілігінің басшылығына қойылды. 2002 жылы шілдеде Лойя джирга (Ауғанстанның барлық халықтарының, тайпаларының және топтарының басшылары кіретін Жоғарғы кеңес) оны елдің уақытша президенті қылды. 2004 жылы жаңа Конституция қабылданып, бірінші президенттік сайлау өткенде, Хамид Карзай жеңіске жетті.
2009 жылдың 20 тамызында елде кезекті президенттік сайлау өтіп, тағы жеңіске Хамид Карзай жетті.
Бұған қарамастан, елде бұрынғыдай азаматтық соғыс жалғасуда, бірақ енді Ауғанстандағы халықаралық көмек көрсету күшінің (ISAF) қатысуымен бірге болып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет