Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Осман империясы



бет17/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

5-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Осман империясы
Жоспар:
1. ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі
2.«Жас түріктер» революциясы басталған жыл
3.ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы


1. ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі.
XIX ғасырдың соңында жаңартудың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-60 жылдарында басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді. «Жаңа Османлылар» ұйымының мүшелері мен белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемел бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуы мен оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылы Ыстамбұлда «Бірлік және өрлеу» (осм. İttihâd ve Terakkî) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. Ұйымның алға қойған жақын арадағы мақсаты — конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүргізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді. Бұл қозғалыстың өкілдері Жас түріктер (түр. Jön Türkler) деп аталды.
XX ғасырдың басында Османлы мемлекетінің халықаралық жағдайы нашарлап, мемлекет күйреу алдында тұрған кезде Жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде Батыс державалардың Македонияны Османлы мемлекетінен бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер төңкерісінің басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы 2 шілдеде 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген Жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатты. 1909 жылы Жас түріктер II Әбділхамитті тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмет сайланды. 1908 жылғы Жас түріктер төңкерісінің нәтижесінде Османлы мемлекетінің билік түрі абсолюттік монархиядан конституциялық монархияға ауысты.
Өкіметке келген Жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық билікке көшу елдің шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерімен тіл табыса алмаған Жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Аустрия-Мажарстан Босния және Герцеговинаны аннексиялайды. 1911 жылы Ливиядағы османлы иеліктерін Италия басып алады. Османлы үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған Жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет мемлекетті сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Османлы Сұлтандығының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алады. Тек Ыстамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалады. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген Жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Әнуар бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған Жас түріктер мемлекеттің күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны арқа тұтқан Османлы Сұлтандығы бірінші дүниежүзілік соғыста үштік одақ жағында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет