Білім беру бағдарламасы bоt 4310- «Бағалаудың өлшемдік технологиялары»



бет16/19
Дата08.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#106762
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
лек.бөт

Бақылау сұрақтары:
1. Спорттағы психореттеу.
2. Спорттық іс-әрекетте қолданылатын өзін-өзі реттеудің пайда болуы мен дамуы.
3. Жарыс жағдайындағы психикалық қалыптарды реттеу мен өзін-өзі реттеу тәсілдері.
Негізгі әдебиеттер:
1.Дене шынықтыру мен спорит саласындағы қазіргі инновациялық технологиялар, Шымкент, 2020 ж.
2.Дене шынықтыру және спортты басқару, спорт менеджменті лекция жинағы, Шымкент 2016, Алшынбаев К.И., Курымбаев Е., Ертаев Е.
3.Тайжанов С. Дене тәрбиесі. Алматы: 2015
4.Кумянский В.А. Баскетбол: О судьях и судействе. – : 2012
5.Джаркешев З.А., Ильющенко К.В. Игра в баскетбол начинается в школе. – Алматы: «Кітап», 2017
6.Железняк Ю.Д., Слупский Л.Н. Баскетбол в школе: пособие для учителя. – : «Просвещение», 2019
7.Ильющенко К.В., Асарбаев А.К. Подготовка квалифицированных баскетболистов: учебник по теории и методике тренировки в баскетболе. – Алматы: изд. Мин. Обр., 2017.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Спорт ойындары /Тайжанов,С. – 2012
3.Төтенай Б. Дене тәрбиесі - 2012
4.Андрющишин И.Ф., Ильющенко К.В. Баскетбол: учебник для физкультурных вузов. – Алматы: 2009
5.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015

Дәріскер ____________________


Оқытушы ______________


Лекция №13. Орта және жоғары буындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемдері мен процедурасы.


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ



  1. Орта және жоғары буындағы оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  2. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы

ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ


Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады: Алға қойған мақсаты.
Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу. Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі; Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;
Әділдікті дамыту;
Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.
Бұл маңызды!
Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.
Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.
Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.
Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген.
Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы (компоненті) болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін -өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.
Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.
Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.
Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет