10.2.3.1 көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
«Көпшілікке арналған» дегенді қалай түсінесіздер?
Мәтіннің жанры, құрылымы, рәсімделуі деген не?
Дәріс, интервью, мақала, очерктің жанрлық ерекшеліктерін, құрылымдық ерекшелігін жақсы білеміз бе?
Бұлардың барлығын бір сабақта қамту шарт па?
Тәуелсіздік жеткен күн 16 желтоқсан, 1991 жыл. Дүн-дүниені саясат желінің тіміскілей кезіп кеткелі қашан. Бұрын-соңды құлақ естімеген, көз көрмеген оқыс оқиғалар…
Әдекеңнің курстас досы, белгілі жазушы ағамыз Дулат Исабеков те осында екен. Шүйіркелесіп жатырмыз... Сөйткенше болған жоқ, депутат редакторымыз Шерағаң – Шерхан Мұртаза бір құшақ аязды алдына салып, айрықша жарқылдап кіріп келді. Өткір жанарлары от шашып, жүзі бал-бұл жанып, айрықша толқыған Шерағаңды ортамызға алған біз бөгелместен аққайнардан салют аттық. Күміс күлкілерге толы лебіздерге хрусталь бокалдардың нәзік сыңғырлары ұласқан.
– Мырзалар, бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн! Әлгінде ғана, сағат 18.14-те, Жоғарғы Кеңестің депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдадық. Сөйтіп қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы
– Тәуелсіздік жарияланды. Дүниеге жаңа мемлекет – тәуелсіз де азат Қазақстан Республикасы келді. Азат елдің ертеңі алаңсыз, ұзағынан болсын, менің сүйікті бауырларым! – деді сессиядан жаңа келген депутат редакторымыз Шерхан Мұртаза.
Құдіретті сезімге бөлеген осынау бақытты да, қуанышты сәтті сөзбен өрнектеп, бейнелеу әсте мүмкін емес-ау!?
Жанат Елшібектің очеркінен үзінді