Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет27/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93
Талдау үлгісі:
Мәтіннің жанры – көпшілік алдындағы дәріс, себебі сөйлеуші сандық кедергілер туралы ақпаратты көпшілікке хабарлап, оны түсіндіріп, себебін талдап, оларға белгілі бір көзқарас қалыптастырмақ, санасына ықпал етпек.
Сондай-ақ мәтін тілі екпінді, тыңдаушыларды сандық кедергі мәселесіне араласуға жетелейтіндей құрылған. Мысалы: автор сөзінің басында «сандық кедергі» тіркесіне анықтама беру үшін, стильдік қайталау қолданады («Бұл – … » құрылымын үш рет қайталайды). Сонымен қатар автор цифрлық технологиялар саласындағы мәселелерді жеткізу үшін, «қалтасы көтермейді», «көз жүгіртейікші», «қол жеткізе алмайды» сынды фразеологизмдерді, «тұңғиық» метафорасын пайдаланады. Мәтінде тақырыпты тереңірек талдау үшін, «цифрлық технология», «статистика», «компьютер», «интернет» сияқты терминдер қолданылады.
Әлемдегі цифрлық технология саласындағы жағдайды нақты айту үшін, «үш», «бес миллиард» есептік сан есімдерін, «жеті миллиардтан астам», «бес миллиардқа жуық» болжалдық сан есімдерін, «бірінші», «екіншісі» реттік сан есімдерін, «Үндістан» жалқы есімін қолданады. Аудиториямен байланыс орнату үшін, І жақтың көпше түрін (көз жүгіртейікші, ойланайық) пайдаланады.
Дәрісте аудитория назарын өзіне аудару үшін, автор риторикалық сұрауларды («Сандық кедергі деген не?», «Неге бұлай?), сандық сауатсыз халықтың көп екенін жеткізу үшін, «Бес миллиард адам!» лепті, толымсыз сөйлемін қолданады.
Мәтіннің құрылымы сақталмаған: қорытынды ұсынылмаған, себебі үзінді берілген.


4-күн
1-сабақ
Тапсырма.
1-қадам. Оқу сауаттылығына берілген тапсырманы орындаңыз.
2-қадам. Мәтінде қандай мәселе көтерілгенін анықтаңыз. Тапсырманың қиындық деңгейін көрсетіңіз.
3-қадам. Тапсырманы басқаша ұсыну туралы пікіріңізді әріптестеріңізбен талқылаңыз. Шешімдеріңізді ортаға салыңыздар.
А. Сания өзінің достарымен бірлесіп «Ханшайым» интернет-дүкенін құрды. Бұл интернет-дүкеннен тапсырыс беріп, қалаған затыңызды алу үшін алатын өніміңіздің штрих кодын жазуыңыз қажет. Штрих кодтағы сандардың қандай мағынаны білдіретіндігі төменде көрсетілген.



Ә.Тауардың штрих кодында өндіруші, өндіруші ел, өнімнің ерекшелігі туралы ақпараттар беріледі. ЕАN-13 стандарты кеңінен таралған. Ол 13 цифрдан тұрады. Штрих кодты оқып көрейік: бірінші, екінші және үшінші таңба өндіруші елді білдіреді. Әр елге бір немесе бірнеше код тиесілі. Мысалы, Ресей үшін 460-465, Ұлыбритания – 50, Канада мен АҚШ – 13. Келесі төртінші немесе бесінші таңбалар тауар өндіруші туралы ақпарат береді, әрі қарай бес таңбалық код тауардың аты және ерекшелігін сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет