Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың медициналық моделі



бет89/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың медициналық моделі 

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың әлеметтік-педагогикалық моделі 

Оқытудағы қиындықтар мен проблемалар баланың өзінде, сондықтан да ол бала «қалыпты емес, бойында ақауы бар, мүгедек» деген түсінікке негізделеді. Бағалау медициналық диагнозға, оқыту – түзетуге бағытталған [13].

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқудағы қиындықтары «барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне жалпы білім беретін мектептердегі жағдайдың сәйкес келмеуі және білім берудің қоғамдық жүйесінің жетілмегендігі» салдарынан туындаған тұжырымға негізделген. Бағалау адамның қажеттіліктеріне бағытталады, ал оқыту білім алуды қолдауға және қоршаған орта факторларын бейімдеуге бағытталады [13]. 

«Бала мектепке емес, мектеп балаға және оның қажеттілігіне қадам жасайды» 

Өз идеяңызбен бөлісіңіз: 


Тапсырма. Билл Альберттің «Мүгедектердің Британдық Қозғалысы және Мүгедектің Әлеуметтік моделі» кітабынан үзіндіні оқыныз, дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаға қоғамдық қатынастың медициналық және әлеуметтік модельдердің қайсысына жататынын анықтаңыз. Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаға медициналық және әлеуметтік модель бойынша қолдау көртеу жолын ұсыныңыз.
«Осы екі модель арасындағы айырмашылықтарды көру үшін және олардың қоғамдағы іс-әрекетке қалай ықпал ететіндігін байқау үшін суретке назар аударайық, арбада отырған адам қоғамдық кітапханадан кітап алғысы келеді. Неге ол кітапханаға бара алмайды? Егер біз бұл суретке медициналық модель тұрғысынан қарайтын болсақ, жауап мына түрде болады: «Себебі ол арбада отыр». Мәселе мүгедектің өзінде, сондықтан біз оны «жөндеуіміз» керек. Егер біз оны жасамайтын болсақ, біз көптеген мүгедек адамдардың «жөнделе алмай» қалатындығын білеміз. Демек, ол кітапханаға бара алмай қалады. Бұл мәселені шешу оңай емес.
Дегенмен біз бұл суретте әлеуметтік модель тұрғысынан қарайтын болсақ, мүлдем басқа шындықты көреміз. Біз осы адамның оған арналған баспалдақтың болмауы себебінен кітапханаға бара алмайтындығын түсінеміз. Кітапхананың құрылысын жасайтын сәулетшілер, құрылысшылар мүгедектігі бар адамдарды «қоғамның» бір бөлшегі деп есептемеген.Осындай адамдардың қабылдауы және осы мамандардың іс-әрекеті адамды мүгедек қалыпқа түсіретін қоршаған ортаны қалыптастырады.
Егер пандус құрылған болса, осы жағдайда бұл адам мүгедек болмайтын еді, ол кез келген адам сияқты кітапханаға кіруге және шығуға мүмкіндік алатын еді. Сондықтан мүгедектікке әлеуметтік арнайы модель тұрғысынан қарау, мүгедектің анық және дәл себебін, мүгедектікке апаратын тосқауылдарды қалай жеңіп шығудың жолдарын көрсетіп береді.
Егер «әлеуметтік тұрғыдан» қарайтын болсақ, «арбадағы адамның» мүгедектігі пандустар емес, ғимараттардағы баспалдақтардың жасалмаған. Саңырау адам ‒мүгедек, себебі оған байланысты пайдалану үшін мәтіндік телефон қызметі ұсынылмаған. Егер ақыл-есі кем адамға ақпарат түсінікті берілмесе, ол ‒ мүгедек. Бұл – мүгедектікке қатысты өзгеше көзқарас. Біздің алдымызға қойылған жасанды тосқауылдарды бұза бастаймыз. Біз үшін «мүгедектік» ‒ бұл физикалық және әлеуметтік тосқауылдар салдарынан басқалармен тең жағдайда қоғам өміріне қатысу мүмкіндігінің шектелуі немесе жоғалуы
(1981 жылы Мүгедектердің Халықаралық ұйымымен берілген және Британ Мүгедектер Кеңесімен мақұлданған анықтама).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет