Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет90/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Тапсырма. Билл Альберттің «Мүгедектердің Британдық Қозғалысы және Мүгедектің Әлеуметтік моделі» кітабынан үзіндіні оқыныз, дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаға қоғамдық қатынастың медициналық және әлеуметтік модельдердің қайсысына жататынын анықтаңыз. Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаға медициналық және әлеуметтік модель бойынша қолдау көртеу жолын ұсыныңыз.





Жағдаят
(Психикасының дамуы тежелген баласы бар ананың күнделігінен). Мені үнемі бір мәселе мазалайды: мен баламды балалық шағымнан айырып отырған жоқпын ба? Балам оқудан бас көтермейді, оған қоса оның бір күн бос отырмауына жол бермеймін. Күнделікте балама ілім үйретіп немесе бойына қандайда бір дағдыны қалыптастыруға тырысамын. Осы дұрыс па? Балама бұл ұнай бермейді. Кейде оның балаша ойнағысы келеді. Менің ойымша, оқусыз өткен күн ‒ менің және ұлымның минусы, ал егер бұл кемшіліктер жамала берсе, біз көп нәрседен құрғаламыз. Былтыр жазда мен ерекше балалары бар ата‒аналарға арналған кітап оқыдым. Кітаптан ерекше әсер алған ой‒ көбіне ата-аналар балаларына қатаң талап қояды.Баланың қызығына тоймай, оның ерекшелігін қабалдай білудің орнына, ата-аналардың көбісі баланың бойындағы ерекшеліктерді қалыпқа келтірумен әлек. Неге? Барлық күш-жігерімізді салып баланы барынша сауықтыру немесе әлеуметтендіру қажет пе?
Тапсырма:
1.Автор қандай мәселені көтеріп отыр? Автор көтерген мәселелерді тұжырымдаңыз.
2.Психикасының дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері неде?
3. Психикасының дамуы тежелген баланың анасы қойған сұрағына қалай жауап берер едіңіздер?
Жағдаят
Соңғы кезде мен бір оқушымнан үрей, қорқыныш сезімін жиі байқайтын болдым. Баланың өзімен сөйлессем, ол әртүрлі қатты шудан емес, нашар баға алудан қорқады екен. Оқушының бұл қорқынышына мен іштей қуандым. Демек, тек қана мадақтау ғана емес, сонымен қатар бағаның өзі де қолдау түрі екен. Осы жерде мен оқушының не себепті бағалау тапсырмаларын орындағысы келмейтінін түсіндім. Оның қорқынышы ‒ нашар баға.
Тапсырма:
Мұғалімнің пікірімен келісесіз бе?
Баланың қорқынышын қалай сейілтуге болады? Дәлелдер келтіре отырып ой бөлісіңіз.

12-күн
Жағдаят


Бейсенәлі 8-сыныпта оқиды. Ол фотосуретке түсіруді жақсы көреді. Бір жыл бұрын оның отбасы Қытай мемлекетінен Қазақстанға қоныс аударған еді. Қытай мектебінде оқығанымен, үйде ата-анасымен қазақ тілінде сөйлеседі. Бейсенәлі оқуын қазақ мектебінде жалғастырды. Өкінішке орай, Қытай мектебінде үздік оқушылар қатарында болған Бейсенәлінің үлгерімі төмендеп кетті. Бейсенәліге бұл өте ауыр тиді: неге сәтсіздікке ұшырағанын өзі де түсінбейді. Ата-анасы аң-таң, өйткені Бейсенәлі үйде сабақтан бас көтермейді. Мұғалімдер де мұндай біліммен ол қалай жақсы оқушы болатынына және аттестатты қалай алатынына таң қалуда.

1.Топта талқылаңыз


- Мысал әңгімеде қандай проблема көтерілген?
- Бұл жерде Бейсенәлі неліктен сәтсіздікке ұшырады?
- Әртүрлі балаларды қалай оқыту керек?
- Бейсенәлі оқитын мектеп мұғалімдеріне өз оқушыларына қолдау көрсету бойынша қандай нұсқаулар берер едіңіз?
2. Ойланып көріңіз, Сіздің сыныбыңызда/мектебіңізде әртүрлі балалардың табысты оқуына қалай қолдау көрсетуге болады?

13-күн



Тапсырма. «Білім беру нәтижелерін бағалау құралдары» мәтінімен танысыңыз. Сыныптағы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау құралдарын «Креативті матрицаға» салып, ақпаратты талдаңыз. Топта ой бөлісіңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет