Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Бөлімі: Кеңістік пен уақыт. О.Бөкейдің «Атау кере» повесі Оқу мақсаты



бет87/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Бөлімі: Кеңістік пен уақыт. О.Бөкейдің «Атау кере» повесі
Оқу мақсаты: 11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.


Қарағанды облысы №5 мектеп- гимназиясының 11-сынып оқушысы Ақыжанова Нұргүл 

Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі өмір сүру философиясы


Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық. Алайда, өмірде қанша адам болса, сонша пікір бар. Көргені, тоқығаны әр алуан орта бар, соның нәтижесінде әр адамның өмір сүру философиясы қалыптасады.


Мен белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесін оқи отырып, кейіпкерлердің өмір сүру философиясын анық байқадым. Шығарманың атауы мен эпиграфының өзі соның дәлелі бола алады.Автор «Көптен кеткен көмусіз қалар» деген нақыл арқылы шығарманың мәнісін ашып тұрғандай. Бұл дегеніміз қоғамнан бөліну, адамдар арасынан алшақтау деген сөз. Бұл қасиеттің жақсылыққа апармайтыны нақылдың өзінде-ақ айтылып тұр. Бұған дәлел ретінде осы шығарманың кейіпкері - Ерікті келтіруге болады. Ерік бейнесі – бәрін сатуға, бәрін сатып алуға болады деп есептейтін қатерлі, дүниеқұмар, рухани дүниеден гөрі материалдық дүниені мақсат еткен пасық бейне. Байлық соңында күні-түні тыным таппай, кім үшін, не үшін екені белгісіз, мағынасыз өмір сүреді.Өмірдің нағыз мәнін ұқпай, ақшаға құнығып,түрлі қисынсыз іске барады. Табиғат-ананы аяусыз талан-таражға салып, жеке басының мақсаттарына пайдаланады. Ол істері тек қоршаған ортаға және өзіне ғана емес жақындарына да кесірін тигізеді.Тіпті дертке шалдыққан анасын өзі алдыртқан қауіпті будан аралар шағып өлтірсе де, тастай қатқан Еріктің жүрегі бір дір етпеді. Жаны ізгі, жүрегі мейірімге толы Айнаны өмірлік жарым деп емес, жалдамалы жұмысшы, басыбайлы адам ретінде ұстайды. Осыдан да оның жан дүниесінің еш өзгермейтінін, бар қызығы боқ дүниенің соңына түскенін байқауға болады. Еріктің әр ісі табиғат заңдылықтарына қарама-қарсы болды.Ұрпақ сүймей, ілім алмай өз бағытын жоғалтады. Рухани құндылықтарға мән бермей білім мен мәдениет ағымындағыларды жақтырмай, олардікі еңбек емес деп бағалайды.Себебі оның көкейінде тек дүние, ақша, байлық болды. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»-дегендей бар өмірін тек байлықпен байланыстырды.
Ерік – өмірде өзін таба алмаған пенде. Ол ақырына дейін өзінің өмірге не үшін келгендігін түсіне алмады, жолынан адасты. Мұндай дүниеқоңыз адамдар қазір де кездесетіні шындық. Тек ішсем, жесем деп ойлайтын, байлықты ғана көксейтін адамдар қоғамды басып ала ма деп қауіптенуіміз керек. Себебі бұл – адамның рухани жағынан азуы. Менің ойымша, бұл отбасындағы құндылықтардың төмендігінен, тәрбиенің құлдырауынан және материалдық құндылықтарды бірінші орынға қоюынан деп түсінуіміз керек. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, адамның рухани өсуі, өмірге көзқарасы, адамгершілік қасиеттер, мейірімділік, жанашырлық отбасындағы тәрбие арқылы қалыптасатынын естен шығармауымыз қажет.
Қорыта айтқанда, дүниеқоңыздық, ашкөзділік адамды жарға жығады, берік мақсаты болмасы адасушылыққа әкеледі. Бізді құтқаратын жалғыз жол, Елбасымыз айтқандай: «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»,- деп айтқан сөзімен келіспеуге болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет