Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет43/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Құзыреттілік моделі
1. Проблемалық немесе оқудан тыс мәнмәтін
1.1 Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға палуандар жарысы туралы қойылым дайындауыңыз қажет. Қойылымда балуан көрерменді таңдандыратын ерекше оқиғаларды басынан кешіреді.
Ол үшін сіз не істейсіз? Қандай іс-әрекеттерді жоспарлайсыз? Өз идеяларыңызды жазыңыз…
1.2. Сіздің идеяңызда:

  • қандай жаңашылдық бар?

  • қандай ерекше нәрсе бар?

2. Суретті бейне: ерекшелік немесе алуан түрлілік
Мына мәселелер туралы ойланыңыз:
- қойылымға қандай жаңашылдық енгізілді?

  • берілген сурет қойылымның қай жерінде көрініс тапты?

  • суретті қолдану бойынша қандай шешім шығардыңыз?

  • оқушылар сіздің идеяларыңыздың шешімін таба ала ма?

3. Проблемаларды шешу: оқу/ әлеуметтік
Сіз ұсынған қойылым қалай қабылданады?
5-күн
1-сабақ



Форма, мәтін түрі

Көзделген аудитория


Мақсаты, мазмұны


Стилі, мәтін жанры



сөз
Тілі сөйлем
мәтін



1-топ. Берілген сызбаны қолданып, оқу мақсаты мен оқылым мәтініне тапсырма құрастырыңыздар. Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут. Топтық жұмысты таныстыру: 3 минут. Кері байланыс: 2 минут
Бөлім: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма
Оқу мақсаты: 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жаһандық мәселелер дегеніміз ‒ өркениеттің әрі қарай дамуына әсер ететін, адамзаттың өміріне өз ықпалын тигізетін мәселелер жинағы. Адамзаттың жаһандық мәселелері ‒ планетамыздың барлық тұрғының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және әлемнің барлық мемлекеті ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: 



  • дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынасы мәселесі; 

  • азық-түлік мәселесі; 

  • кедейлік мәселесі; 

  • экология мен тұрақты даму мәселесі; 

  • әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; 

  • демография мәселесі. 

Бұл тізім тұрақты емес. Өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады. Мысалы, ғарыштық кеңестікті игеру, климатты қадағалау т.б. 
Дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынасы мәселесіне олардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықты азайту үшін дамыған елдер нарығында дамушы елдердердің тауарларына сұранысты өсіруді, дамушы елдерге капитал мен білімнің ағымын ұлғайтуды (әрине, көмек ретінде), сыртқы қарыздардың есептерін шығаруды және т.б., жатқызамыз. 
Азық-түлік мәселесі дегеніміз ‒ халықтың өзін-өзі ең қажетті азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе әлеуметтік жағдайы төмен елдерге азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігінен болса,дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігінен болып отыр. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогреске және мемлекет тарапынан қолдауға тікелей тәуелді. 
Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілердің бірі болып отыр. Кедейлік ‒ мемлекеттің сол елдегі адамдардың ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабы ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты үлкен қауіп тудырады. 
(Ж.Оспанбаев пен Д.Төленгітованың «Жаһандану және адамзат дамуының жаһандық мәселелері» мақаласынан) 




2-топ. Берілген сызбаны қолданып, оқу мақсаты мен оқылым мәтініне тапсырма құрастырыңыздар. Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут. Топтық жұмысты таныстыру: 3 минут. Кері байланыс: 2 минут


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет