Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет41/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Тапсырма. 1-қадам. Берілген үзіндіні суретпен байланыстыра отырып, кестені толтырыңыз.
2-қадам. Оқу мақсатына сай дарынды, қабілетті, талантты оқушылардың жоғары ойлау деңгейін қалыптастыратын креативті тапсырма әзірлеңіз.
Бөлім: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»
Қалқаман Әбдіқадыров "Қажымұқан"
Оқу мақсаты: 6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

МӘТІН
СУРЕТТІ БЕЙНЕ


ЖАҢА БІЛІМДІ ИГЕРУ/ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ


МӘТІН:
«Қажымұқан» хикаятынан үзінділер


СУРЕТТІ БЕЙНЕ: осы үзінділерге басқаша қандай сипаттама беруге болады?

ЖАҢА БІЛІМДІ ИГЕРУ: кейіпкердің мінездемесін жазыңыз.

ПРОБЛЕМАЛАР, проблемаларды ШЕШУ үшін ұсыныс






































«Қажымұқан» хикаяты
Тұманды ауа сиреп, ашық күннiң сәулесi жер бетiне тегiс түйiр жердiң буы бұрқырап, тамылжып, көктем де жеттi. Қыстай қысылып спорт сарайының iшiне симаған Мұқан алаңға шығып, бiраз сабағын сонда өткi-зетiн болды.
...Басында айыр қалпағы бар, үстіне ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді, айыр өркешті атанға мінген біреу шықты. Бұл көрініс Еуропа еліне Шыңғысхан қайта тіріліп келгендей әсер қалдырды. 
Балалар шуылдап, үлкендердің ұрған шапалағы оның аты-жөнін атауға да мұрша бермеді. Орындарынан тұрып, бірінің иығына бірі асылып, цирктің іші дауыл соққандай болды. Балуанның оларда жұмысы болмады. Түйеден түсе қалып, оның алдыңғы екі аяғын балтырымен қағып жіберіп:–Шөк!–деді. Иығынан қапсыра ұстап, тұқыра басқан құдіретті қол атанды «мыңқ» дегізіп, шөгеріп тастады. Жүндес сирақтарының бүктесініне қайысты іліп жіберіп, бауырына салған мықты қайыстан ұстап, түйені өз иығына қағып салды да, түйені көтерген бойымен цирктен қайта шығып кетті. Көзін қадап, анталап тұрған жұрт қалай көтеріп әкеткенін де білмей қалды. Балуанды қайта шақырған көпшіліктің үні цирктің ішін жарып жіберді. 
– Қайда әлгі алып, шақыршы өзін, анықтап көрейік!– деген дауыстар шығып жатыр.
Қайта көруге асығып, есікке үңілген ел балуанның ақ қалпағы көріне бергенде-ақ қолдарын соғып, цирктің ішін барабанның шанағындай гүрілдетті. 
Цирктің үгінді төселген орталық алаңына салынған тақтайды жерге сүйемдей батыра, арбаны тісімен тартқан алып ортаға келіп тұра қалды. Арбаға жабылған ақ жабудың төрт жағына бірдей етіп, төрт тілде қарамен жазылған «Жетпіс бес пұт» деген жазу көрініп тұр.
–Шығыс Еуропаның үздік атағын алған Ресей балуаны Мұқан Мұңайтпасов!– деді басқарушы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет