Бөлім: Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма
Оқу мақсаты: 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
Ауруды емдеме, адамды емде
Қатардағы дәрігердің бәрі шама-шарқынша адам емдейді, білімін аяп, керенау еңбек істеген жері жоқ, бар ынтасымен қызмет етіп жүр.
Дәрігер болсаң, баяғы институтта алған біліммен рецепт жазып: “Күніне үш рет тамағыңды шай!” деп самарқау емдеме, ізденіп, әр науқасқа еңбек сіңір, өнерлі дәрігер атан!” деген приципті қолдайды Нияз. Клиникалық медицинаның атасы Боткин не деді? “Ауруды емдеме, адамды емде!” деген жоқ па? Әр адамның организмі әрқилы, біріне қонған ем екіншісіне қонбауы да ықтимал, ендеше оған жаңа бір тәсіл тап!..
Рентген сәулесімен емдеуде Нияз медицина ғылымында бір жаңалық ашып, атаққа ие болам деп құлшынбайды. Бұл емнің өз авторы бар, ол ‒ профессор Штокин. Нияз ‒ сол жаңа емді іске асырушы ғана…
(З.Шашкиннің “Доктор Дарқанов” романынан)
Пайдалы құрығылар
Еуропадағы бір компания қатты пластик пен соңғы үлгідегі сүзгіштерден жасалған су тазартатын құрылғы ойлап шығарды. Оның арқасында адам ластанған су ішсе де, ауырып қалмайды. Осы сынды құрығылар табиғи апат орыналған кезде көп көмегін тигізеді. Мысалы, аталмыш құрылғы 2010 жылы Гаитиде болған жер сілкінісі кезінде қолданылды.
Ғылымның тағы бір жетістігі - жаһандық позициялау жүйесі (GPS). Ол аспан кеңістігіндегі Жердің жасанды серіктерінің сигналымен жұмыс істейді. GPS жүйесі алғашында әскери мақсатта жасалған. Ал қазіргі таңда осы жүйе арқылы көлік, кеме жүргізушілері, ұшқыштар, тіпті аңшылар мен саяхатшылар да өз жолынан адаспайды. GPS жүйесін ойлап тапқан ғалымдардың арқасында қалаған жерімізгежету оңайлай түсті.
(География оқулығынан)
3-топ. Берілген сызбаны қолданып, оқу мақсаты мен оқылым мәтініне тапсырма
құрастырыңыздар.
Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут.
Топтық жұмысты таныстыру: 3 минут.
Кері байланыс: 2 минут
Достарыңызбен бөлісу: |