3-тапсырма. Зерттеу жобасы (2-қосымша)
Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық
1. 9.4.1.8 елді мекендердің түрлері мен функционалдық аймақтарын сипаттайды деген оқу мақсаты бойынша ұсынылған шағын жобаның мысалын зерделеңіз.
2. Шағын жобаны орындау үшін қандай зерттеу әдістерін қолдануға болатындығын анықтаңыз.
3. Нұсқаулық картаға қандай өзгерістер енгізуге болады?
4. Оқушының шағын жобаның кезеңдерін орындау қадамдарын жазыңыз.
5. Шағын жобаны аяқтау үшін оқушыларға қандай оқу ресурстары қажет деп ойлайсыз?
2-қосымша
Шағын жобаның мысалдары, орындау ұзақтығы 2 (3) сабақ *
4-бөлім: 4. Әлеуметтік география. 4.1-бөлімше. Тұрғындар географиясы
ОМ 9.4.1.8 елді мекендердің түрлері мен функционалдық аймақтарын сипаттайды
Ресурстар: Қаратабанов Р.А. және т.б. Қазақстан географиясы. (География Казахстана. Учебник для учащихся 9 класса общеобразовательной школы. Часть 2). Алматы: Алматыкiтап Баспасы, 2019. § 44-45. Қазақстанның елді мекендері. Ойконимдер. (Населенные пункты в Казахстане. Ойконимы);
Функционалдық аймақтар: аймақтың анықтамасы, түрлері, шекараларын белгілеу және аймақтарға бөлу ережелері https://fb.ru/article/438208/funktsionalnyie-zonyi-opredelenie-vidyi-zon-opredelenie-granits-i-pravila-zonirovaniya
Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспары https://astana.gov.kz/ru/page/genplan
Картон, желім, түрлі түсті қағаз, фломастер және т.б. модель әзірлеу үшін қажет материалдар
«Елді мекен аймақтары» жобасына арналған нұсқаулық карта
Жұмыс жоспары
Команданың атауын белгілеу.
Рөлдерді бөлу.
Ұсынылған мәтінді және ресурстарды зерделеу.
Ұсынылған материалдардан әзірленетін өнімнің жобасын топ болып талқылау.
Жұмысты орындауға кірісу.
Жобаны орындау тақырып бойынша 2 (3) сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
Топтық жұмыс үшін
Команданың атауы:
Рөлдер
|
Атқаратын қызметі
|
Оқушының
аты-жөні
|
Баға
|
Жоба жетекшісі
|
Топтағы жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді
|
|
|
Архитекторлар
|
Жұмысты орындау кезеңдерін жоспарлайды, қажетті ақпаратты таңдайды,
Өнімді/модельді/макетті ** әзірлейді
* *электронды немесе 3D модель әзірлеуге болады
|
1.
|
|
2.
|
|
3.
|
|
4.
|
|
5.
|
|
Жеке жұмыс үшін:
Оқушының аты-жөні
Рөлдер
|
Атқаратын қызметі
|
Жобаның кезеңдері
|
Баға
|
Архитектор
|
Жұмысты орындау кезеңдерін жоспарлайды, қажетті ақпаратты таңдайды,
Өнімді/модельді/макетті ** әзірлейді
* *электронды немесе 3D модель әзірлеуге болады
|
Жобаның проблемасы
|
|
Жобаның мақсаты
|
|
Жобаның міндеттері
|
|
Әдістер мен тәсілдер
|
|
Нәтиже
|
|
Жобаның кезеңдері
|
Жобаның проблемасы
|
Неліктен?
|
Проблеманың өзектілігі
|
|
Жобаның мақсаты
|
Не үшін?
|
Мақсатты тұжырымдау
|
|
Жобаның міндеттері
|
Не?
|
Міндеттерді белгілеу
|
|
Әдістер мен тәсілдер
|
Қалай?
|
Жоспарлау
|
|
Нәтиже
|
Қандай нәтиже шығады?
|
Күтілетін
нәтиже
|
|
Жобаны қорғау жоспары
Өзіңізді таныстыру.
Жобаның тақырыбымен таныстыру.
Жобаның мақсатын баяндау (Біздің жобамыздың мақсаты ... жасау) /әзірлеу/ зерттеу/ ... туралы білімді кеңейту сөздерімен бастаңыз).
Жобаның міндеттерін атау (мақсатқа жету үшін қандай әрекеттер жасалды; Біздің жобамыздың міндеті – ... ұйымдастыру/әзірлеу/өткізу/табу/жасау деген сөздермен бастаңыз).
Жобаның мазмұнын ашу.
Қорытынды жасау (Мен мақсатымызға жеттік деп санаймын, өйткені ....).
Өз жұмысыңызды бағалау (Мен біздің жобамыз ... балл деген бағаға лайық деп санаймын).
*бұл жобаны жеке орындауға болады
Елді мекендерді функционалдық аймақтандыру.
Функционалдық аймақтандыру елді мекеннің түрлі бөліктерін пайдалану сипатындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін көптеген елді мекендер іргетасын қалаған кезде және кейіннен даму барысында: тұрғын, өндірістік және рекреациялық функционалдық аймақтарға бөлінген. Тұрғын аймақ санитарлық-қорғаныс аймақтарының құрылымын, ішкі жол қатынастарын, көшелер мен алаңдарды, саябақтар мен бақтарды, тағы басқа да ортақ қолданыс орындарын талап етпейтін, тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, ғылыми-зерттеу институттары мен кешендерін, сонымен қатар жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік нысандарды орналастыруға арналған. Өндірістік аймақ өндірістік кәсіпорындарды және олармен байланысты нысандарды, тәжірибелік өндірістері бар ғылыми мекемелер кешенін, коммуналдық-қойма нысандарын, сыртқы транспорт құрылыстарын, ішкі қатынас жолдарын орналастыруға арналған.
Рекреациялық аймақ ормандарды, орман саябақтарын, орман қорғау аймақтарын, суқоймаларын, ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлерді және басқа да қоныстарды қамтиды. Кіші және орташа елді мекендердің аумағында тұрғын және өндірістік аймақтарды, ал аумақтары үлкендерінде іс жүзінде бәрін бөледі. Елді мекендерді жоспарлау. Елді мекендерді жоспарлау құрылымы негізгі функционалдық аймақтар мен олардың арасындағы байланыс жүйесін өзара орналастыруда көрініс табады. Қазақстанның елді мекендері, ереже бойынша, сызықтық, шахмат тақтасы (тікбұрышты), (шөп өрнекті), иррационалдық (еркін) жоспарлау құрылымдарына ие.
Тікбұрышты құрылымда (шахмат тақта) көшелер тікбұрыш жасап қиылысады. Бұл аумақты біркелкі игеруге мүмкіндік туғызады. Шахмат тақтасы тәрізі құрылымның артықшылығы - көлік ағынын біркелкі үлестіруге мүмкіндік алу. мұндай жоспарлауда телімдерді межелеу оңайға түседі.
Сызықтық жоспарлауда елді мекен сызықтық нысанды (жағалау, тау жүйесі, магистраль, т.б.) бойлай созыла орналасады. Елді мекеннің негізгі нысандары негізгі магистральді немесе бірнеше параллель магистральдерді бойлай орналасады. мұндай жоспарлау қозғалыс шығынын азайта отырып, ыңғайлы көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Алайда елді мекеннің өсуіне байланысты, құрылыс салу жолағы ұзарғанда аумақтың айтарлықтай бөлігі орталықтан өте қашықта қалады. Қаланың жекелеген бөліктерінің арасындағы арақашықтық айтарлықтай алшақтайды. Көпөзекті (күлтелі) жоспарлауда бірнеше қала орталықтары қалыптасып, осылайша елді мекен жайыла орналасады. Оның артықшылығы - елді мекеннің қандай да бір бөлігіне артық мөлшерде жүктеме түспеуі. Кемшіліктеріне елді мекеннің бөліктері арасындағы бірнеше нашар немесе қиындық туғызатын көлік қатынасын, аумағының біркелкі игерілмеуін жатқызуға болады. Иррационалдық жоспарлауда елді мекеннің қандай да бір геометрия лық пішіні болмайды, құрылыс салу еркін түрде жүзеге асырылады. мұндай құрылымның артықшылығынан гөрі кемшіліктері көп болады. Қазақстанның елді мекендерінде аралас (біріктірілген) құрылым да болуы мүмкін, мұндай жағдайда олардың бірі жетекші рөл атқарады. Елді мекендердің құрылысын салу және дамытуда маңызды міндет - көшелердің, өтпелер мен жаяу жүргінші жолақтарының тиімді желілерін құру. Олар кенттің негізгі аймақтарының өзара бір-бірімен, сонымен қатар елді мекеннен тыс жерлерде орналасқан түрлі нысандармен және кешендермен, сыртқы жолдардың желілерімен ең қысқа жолмен байланысуына арналған шарттарды қанағаттандыруға мүмкіндік беруі қажет. Бір тұрғынға шаққанда көшелер мен өтпе жолдарының ұзындығы қаншалықты кішкентай болса, кенттің абаттандырылуы соншалықты арзан болады. Елді мекендердегі көшелер мен өтпе жолдар мынадай топтарға бөлінеді: басты көшелер (елді мекеннің негізгі элементтерін, қоғамдық орталықты, тұрғын үй құрылысын және өндірістік аймақты жалғастырады); адамдар тұратын көшелер (тұрғын үй құрылысы топтарынан басты көшеге бағытталған); шаруашылық өтпе жолдар (шаруашылық аулалары мен алаңдарын сыртқы жолдармен, жеке қосалқы шаруашылықтардың қосымша телімдерімен және сарайлардың бөлімдерімен байланыстырады); жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен аллеялар (тұрғын үйлер топтамалары, қоғамдық орталық, басты көше, қоғамдық және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді).
Дереккөз: Оқулықтағы мәтін үзіндісі.
Қаратабанов Р.Ә. және бақсалары. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған. 2-бөлім. Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2019, § 44-45 Қазақстандағы елді мекендер. Ойконимдер.
Достарыңызбен бөлісу: |