Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022



бет38/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Бизнес-жоспардың мазмұны Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай əртүрлі болуы мүмкін. Біздің ойымызша, кəсіпкерге ең алды- мен бизнес-жоспарды өзіне арнап жасап алу керек. Алайда егер несие алып немесе инвесторды тарту мүмкіндігі болып отырса, онда бизнес-жоспардың мазмұны осы топтардың мүддесіне де сай болуы тиіс. Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес- жоспардың құрамы жəне оның толық берілу дəрежесі келешек жобаға жəне соның өзі жататын салаға байланысты болады. Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін əзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен жəне сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар əзірленуі тиіс. Егер де əңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін. Бизнес-жоспардың құрамы сонымен қатар көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бəсекелестердің бар-жоғына жəне құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.
Кіріспе бөлім. Кіріспе бөлімі, əдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа бо- лып (ары кеткенде 2-3 беттен тұрып) жəне дер- бес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кəсіпорынның ата- уы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мəні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.
Ұсынылып отырған жобаның мəні. Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім немесе қызмет түрлерінің нақты анықтамасы мен сипаттамасын беру қажет. Өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек. Өнімнің негізгі сипаттамаларын беру кезінде сол өнімнің техникалық егжей-тегжейлеріне емес, оның потенциалды сатып алушыларға беретін артықшылықтары жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс жайлы толық ақпаратты қосымшада беруге болады. Өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кет- кен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады:жаңа технология, тауардың сапасы, төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет. Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвестор- ларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда ықтимал инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет