Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022



бет34/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Маркетингтік зерттеулер – белгілі ақпараттарды жинау және сараптау.
Ақпарат – дегеніміз, нақты жағдайдағы кәсіпкерді қызықтыратын мәлімет. Ақпарат көзі кез келген нысан, оқиға, көрініс болуы мүмкін. Ақпаратты барлық жерден көруге болады – суреттер, дыбыстар, телебағдарламалар мен фильмдер, адамның сөзі мен бет ілпеті, кітаптар, сандар, сезім және т.б.
Қолданыстағы кез келген ақпарат екінші қайтара шығарылған ақпарат деп аталады. Бұл біреудің деректерді жинағандығын немесе жариялағандығын білдіреді. Кәсіпкер оның бір бөлігін тегін алады, қалғанын баспагерлерден, зерттеу компанияларынан сатып алады. Бірақ, екінші қайтар шығарылаған деректер ескірген болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін. Деректерді сатып алмастан бұрын, тегін қолжетімді мәліметтерді пайдаланған дұрыс. Күнделікті әр түрлі газеттерді, журналдарды, анықтамаларды, көркем әдебиеттерді, арнайы кітаптарды, жарнамалық аңдатпалар мен үндеу хаттарды оқып тұрудың маңызы зор. Қажетті ақпаратты радио және тележарнамалардан алуға да болады. Сізге қажетті басқа да ақпараттардың көзі ретінде сауда – өнеркәсіптік палаталары сияқты ұйымдарды, әртүрлі ассоциялар мен қорларды қарастыруға болады.
Кейде кәсіпкерге біреуді бақылау немесе біреуден сұрау арқылы дербес ақпарат жинауға тура келеді. Мұндай деректер бастапқы ақпарат деп аталады. Бақылау белгісіз нысанды немесе көріністі (мысалы, дүкеннен шығып келе жатқан сатып алушылардың пакетінде не жатқандығын немесе балалар қандай ойынға қызығатындығын бақылау және т.б.) бекітумен және қабылдаумен байланысты. Сұрау дегенміз, белгілі сұрақтар қою арқылы пікірді анықтау.


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Нарықтық мүмкіндік дегенміз не?


2. Шағын және орта бизнестегі нарықтық мүмкіндік дегенімз не ?
3. Нарықты анықтау дегеніміз не?
4. Нарық сыйымдылығы
5. Нарықтық үлес дегеніміз не?
6. Нарықтық ақпарат дегенміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет