Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022



бет44/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Инвестиция тарту:


  1. Жаңа жобалардың белсенді қатыссушалары венчурлік фондтар мен бизнес-періштелер болып табылады.

  2. Краудфандинг арқылы қаражат жинау. Қаржы келешек өнімге айырбасталса болады немесе қайырымдылық ретінде қабылданады (әсіресе еркін лицензиясымен таралған цифрлы өнім

  3. Банктан немесе жеке тұлғадан алынған қарыз ақша (борышты қаржыландыру)

  4. Өтеусіз қаржы (гранттар немесе субсидиялар)

Сонымен қоса, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, технопарк пен бизнес-инкубаторлар жұмыс атқарады.


2. Бухгалтерлік есептеме мен қаржылық есептің мақсаты мүдделі тұлғаларды жеке кəсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, атқарған қызметтерінің нəтижесі жəне олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық жəне нақты ақпаратпен қамтамасыз ету болып табыла- ды. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жəне жүргізу Қаржылық есептіліктің Ұлттық стандарттарымен (ҚЕҰС), Қаржылық есептіліктің халықаралық стан- дарттарымен (ҚЕХС), Шоттардың үлгілік жоспа- ры мен таңдап алынған есептік саясатпен реттел- ген бірыңғай жалпы жұрт мақұлдаған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес арнайы салық тəртібін біржолғы талон немесе патент негізінде қолданушы жеке кəсіпкерлер бухгалтерлік есеп- теме жүргізбеуге жəне қаржылық есеп-қисап толтырмауға құқылы. ҚР салық заңнамасына сəйкес арнайы салық тəртібін шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылық, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін қолданушы, соны- мен қатар ықшамдалған декларация негізінде əрекет етуші шағын кəсіпкерлік субъектілері Қаржылық есептіліктің Ұлттық стандарттарын басшылыққа алады. Бухгалтерлік есептің нəтижесіне Баланстық есепке алу жатады, ол күнтізбелік жылдың соңында жасалады.Баланстың оң жақ бөлігінде қаржылық құралдардың көздері ескеріледі. Бұл пас- сив. Баланстың сол жақ бөлігінде – қаржылық құралдарды жұмсау баптары ескеріледі. Бұл актив.Компанияның шаруашылық қызметі барысын- да жүргізілген кез-келген операциясын баланстан көруге болады, əрі бұл өзгерістер активті бөлігімен қатар пассивті бөлігінде де орын алады. Баланстың түзілімі негізінде ағымдағы бухгалтерлік есептің қос жазба жүйесімен қамтамасыз етілген тепе-теңдігі жатыр. Тепе- теңдік қағидаты баланстың екі бөлігінің: Актив жəне Пассив бөліктерінің жиынтық сомасының теңдігінде жүзеге асырылған.
Шағын бизнесте бухгал- терлік есепті төмендегі тұлғалар жүргізіп отыруы мүмкін:  кəсіпкердің өзі
 есепші (тұрақты немесе келіп отыратын, уақытша)
 бухгалтерлік есеп сала- сында қызмет көрсететін фирма Егер Сіз заңды тұлғаны тіркеп отырған болсаңыз жұмысқа кəсіби бухгалтерді алу қажет. Егер Сіз ЖК болсаңыз жəне патент немесе жеңілдетілген деклара- ция бойынша есеп беріп отырған болсаңыз – Сізге есепті өзіңізге жүргізіп отыруға болады.


3.Қазақстан Республикасында енді ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретін субъект - екінші деңгейдегі коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды гұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны - тарихи қальштасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінін екінші деңгейдегі банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі больш табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:

  • несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;

  • несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнескеқолайсыздығы;

  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сактандырукажетгігі;

  • коммерциялықбанктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;

  • әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелікресурстарға кол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердіңжекересурстарының аз болуы;

  • мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардын ресурстарының
    тиімсіздігі;

  • мемлекеттің қазына қоры арқылы шағын және орта бизнестінесиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.

Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет білдірген субъектілерді несиелеген кезде пайда болатын несиелік тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі - несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.

Кесте 3 - Банктердің шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы





Банк тұрғысынан

Кәсіпорын тұрғысынан

1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы

1. Несиеге деген жоғары паныздық мөлшерлеме

2.Несиені қамтамасыз етудің өтімсіздігі

2. Несиелердің қысқа мерзімділігі

3. Қарыз алушы-кәсіпорынныңқанағаттанғысыз қаржылық жағдайы

3. Несиені өтеу кезіндежеңілдік кезенінін жоқтығы

4. Қарыз алушы-кәсіпорынның акпараттық жабықтығы

4. Құжаттарды дайындау процедурасының ұзақтығы

5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты несие тарихы туралы ақпаратгарға қол жетпеушілік

5. Кепілдің бағалау кұнын оның нарықтық кұнынан кемітіп көрсетуі

6. Банк менеджерлерінін ұзақ мерзімді несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы

6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің жоқболуы

Ескерту - автормен кұрастырылған



ҚР Ұлттықбанкінін мәліметтері бойынша, қарастырылған төрт жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер - 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағынын жоғарылығы екінші денгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдык операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.
Орта және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі үлесі өндіріс және ауыл шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, ол кепілдікке қойылатын мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы құжаттарды реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет