Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Қазақстанның тəуелсіздік алған кезінен бастап кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады



бет52/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

3. Қазақстанның тəуелсіздік алған кезінен бастап кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1. Бірінші кезең – 1992-1994 жылдар аралығы;
2. Екінші кезең – 1994-1996 жылдар аралығы;
3. Үшінші кезең – 1997-2000 жылдар аралығы;
4. Төртінші кезең – 2001-2003 жылдар аралығы;
5. Бесінші кезең – 2004-2007 жылдар аралығы;
6. Алтыншы кезең – 2008 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін.
Мемлекеттің 1992-1994 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту бағдарламасын қабылдауы осы саладағы бастапқы шаралардың бірден бірі болып табылады, ол жеке кəсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының, оны ауқымына қарай бөлместен, тұтастай алғанда негізін қалады. Сол кезде кəсіпкерліктің да- муына басты кедергі болғандар тұтас жəне тұрақты заңнаманың, тиісті салық саясатының болмауы, ин- вестиция жəне несие, өндіріс ғимараттарын, шикізат ресурстарын, ақпарат алудың қиындықтары, яғни құрылуы Бағдарламада болжанған кəсіпкерлікті мемлекет тарапынан нақты қолдау механизмінің болмауы. Кəсіпкерлік топтарын белсенді қалыптастыру үшін қажетті жағдай туғызу мақсатында, сонымен қатар республикада экономикалық реформаның сенімді əлеуметтік базасын қамтамасыз ете оты- рып, Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне дамыту жөніндегі 1994- 1996 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама əзірленіп, қабылданды. Сол кезеңнің басты мақсаты салық ауыртпашылығын бұрын қолданылған салық жəне төлемдерді қысқарту арқылы төмендету, сонымен қатар елдің барлық аумағында салық ережелерінің бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету болып табылған салық реформасын жүзеге асырумен есте қалды. Ел экономикасын ре- формалау үдерісінде шағын бизнес басты рөль атқарды. Шағын кəсіпкерлікті өнеркəсіп секторын əртараптандырумен бірге дамыту «Қазақстан – 2030» Стратегиясының бірден-бір негізі болып та- былды. Шағын кəсіпкерліктің дамуына кедергі бола- тын алдыңғы кезеңдегі проблемаларды болдырмау, жəне мемлекеттің қол жеткізген оң беталыс-тарын бекіту мақсатында, 1997- 2000 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды:
1. «Шағын кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды жəне жандандыруды күшейту шарала- ры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы қабылданып, ол шағын кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту шараларының мəртебесін мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласымен рес- ми түрде бекітті жəне жүзеге асырылатын шаралар- ды, бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, олардың əлеуметтік проблемаларын шешу- ге жəне еңбек белсенділіктерін арттыруға, тұтыну нарығын көптеген тауарлар мен қызметтердің түр- түрімен толтыруға жолдады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 26 сəуірде Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құрды («Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құру ту-ралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сəуірдегі № 665 қаулысы) 3. Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда, нарықтық экономикадағы оның ерек- ше рөліне байланысты, шағын бизнесті қолдаудың басты бағыттарын белгілеп берді. 2001 жылы Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған кезекті Мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол шағын кəсіпкерліктің құрылып жатқан қолдау жəне қорғау инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін артты- руды, шағын кəсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті қолдаудың қаржы-несие механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті кадрмен, ғылыми-əдістемемлік жəне ақпарат жағынан қамтамасыз етуді, шағын кəсіпкерлікті аймақтық дамытуды топшылайды. Шағын кəсіпкерлікті одан əрі дамыту мақсатында мемлекет 2004 - 2007 жылдар аралығында шағын бизнестің жақын арадағы перспективасының бас- ты бағыттарын, оның ішінде кəсіпкерлік аху- алды, бəсекелі ортаны, қосымша құны жоғары өндірісті құру үшін жеке секторды ынталандыра- тын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі. Қазақстан Республикасындағы Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөнінде 2004- 2006 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның іс- шараларын орындау аясында, шағын кəсіпкерліктің əртараптандырылуы үшін институционалдық жағдайды қамтамасыз ету, профильдігін ұлғайту, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға ауда- ру, шағын кəсіпкерлік кəсіпорындарының активтерін көбейту, шетке шығаруға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін өндірістер құру жəне шағын кəсіпкерлік өнімдерін (жұмыс, қызмет) сыртқы нарыққа шығару жөніндегі міндеттер тұрды. Үкімет Шағын кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама бойын- ша шаралардың іске асырылуының аяқталғанын күтпестен тағы бір бағдарламаны – «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес əзірленген «Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама ШОБ- ті қолдау жəне дамы- ту бойынша мемлекет тарапынан өткізіліп отырған макроэкономикалық саясат аясына қисынды үйлесіп кететін Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы- на жəне Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге даму Стратегиясына негізделген аса пəрменді шараларды қарастырады. 2007 жылдың соңынан бастап мемлекет ШОБ үшін əлемдік қаржы дағдарысының салдары-нан туындаған кредит қаражатының тапшылығын қысқарту мақсатында, қаражатты кейіннен ШОБ-ті жеңілдік шарттарымен несиелендіру үшін, «Даму» Қоры оператор болып табылатын, екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Мемлекет Басшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 29.01.2010 ж. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тап- сырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі 13.04.2010 ж. «Бизнестің жол картасы 2020» атты Кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын əзірлеп, бекітті. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орында- рын сақтап қалу жəне жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру кəсіпкерлікті қолдаудың үш бағыты бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларына қаржылай қолдау, яғни аймақтарда жаңа заманауи кəсіпорындар құрылатын болады. Екіншіден, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықты басынан өткізген, қазір жұмыс істеп тұрған бизнес-ке қолдау көрсету. Үшіншіден, экспортқа бағдарланған өнді рістерге қолдау көрсету, яғни өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кəсіпкерлерді қолдау. Аталған бағыттардың іске асырылуына 2010 жылы республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге бөлінді. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне жаңа өндірісті іске асыру үшін кредитке кепілдік беру бірінші бағыт бойынша басты қолдау механизмі бо- лып табылады. Екінші бағыт бойынша мемлекеттің кəсіпорындардың берешектерін құрылымдауға қатысуы бұрынырақ берілген проблемалы кре- дит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидия- лау жəне төлемақы өсімі есептелместен бюджет- ке салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру есебінен жүзеге асырылады. Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдау банктердің бұрынғы кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. «Даму Қоры несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау жəне несие бойын- ша жартылай кепілдеме беру бағдарламаларының қаржы агенті ретінде осы үш бағыттың барлығына қатысады.
«Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламалары Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы менэкономикалық өсуін ынталандыру жəне шағын бизнесті қолдауға бағытталатын мемлекеттің қаржы қаражатының тиімді пайдаланылуын жақсарту мақсатында, 1997 жылы «Даму» кəсіпкерлікті да- мыту қоры» АҚ құрылды. «Даму» Қоры 1997 жылдан бастап отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) жəне Азия даму банкінің (АДБ) несие желілері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын есепке алу жəне бақылау жөніндегі агент функциясын орындап келеді. 2002 жылдан бастап «Даму» Қоры шағын бизнесті тікелей өзінің меншік қаражатынан несиелендіре бастады. Қор «Шағын кəсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет қаражатынан несиелендіру бағдарламасын» жəне «Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырды. «Даму» Қоры 2005 жылғы мамыр айын- да Қазақстан Республикасында шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сəйкес, шағын кəсіпкерлікті төмендегі бағдарламаларды іске асыру жолымен қолдауды жүзеге асырды:
 жобалық қаржыландыру жəне лизинг;
 Қазақстанда шағын несие беру жүйесін дамыту бағдарламасы;
 шағын жəне орта бизнестің екінші деңгейдегі банктерден алатын несиелеріне кепілдік беру. 2006 жылғы қыркүйектен бастап «Даму» Қоры «Қазына» орнықты дамыту Қоры» акционерлік хол- динг құрамында, ал 2008 жылғы қазан айынан бас- тап, «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ ұлттық басқарушы холдингінің құрамында жұмыс істейді. «Даму» Қоры өзі жұмыс істей бастағаннан бастап 2008 жылға дейін шағын кəсіпкерлік жобасын жалпы сомасы 33,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. 2007 жылдың аяғынан бастап, қазіргі уақытта «Даму» Қоры Қаражатты кейіннен шағын жəне орта бизнес субъектілерін несиелендіру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырып отыр: 1) Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламасының 1-ші траншы (Тұрақтандыру бағдарламасының 1-ші траншы); 2) Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламасының 2-ші траншы (Тұрақтандыру бағдарламасының 2-ші траншы); 3) Аймақтық бизнес жобаларды жергілікті атқару органдарымен бірлесіп қаржыландыру бағдарламасы («Даму-Аймақтар» Бағдарламасы); 4) Қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы келісіп орналастыру бағдарламасының 3-ші траншы (Тұрақтандыру бағдарламасының 3-ші траншы).
Осы бағдарламаларды іске асыру нəтижесінде: -450 млрд. теңгеден астам қаражат игерілді, оның 80%-дан астамы – мемлекет қаражаты; -8,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды жəне қайта қаржыландырылды; -13 мыңнан астам жұмыс орындары құрылып, қолдау тапты; - екінші деңгейдегі банктердің несие портфеліндегі мемлекеттік қаржыландыру үлесі 20%-ға дейін, ал тұтастай алғанда тұрақтандыру бағдарламалары аясында 24%-ға дейін ұлғайды. Бүгінде «Даму» Қоры – ұлттық инсти- тут, шағын жəне орта бизнес субъектілеріне қаржылай қолдаумен қатар қаржылай емес қолдау құралдарының кең спектрін ұсына алатын Қазақстандағы кəсіпкерлікті қолдау шараларының басты операторы мен біріктірушісі болып табыла- ды. Шағын жəне орта бизнес субъектілерінің жеңілдетілген несие ресурстарына қол жеткізуін ұлғайту үшін, «Даму» Қоры төмендегідей шағын жəне орта бизнесті қаржылай қолдау құралдарын іске асырып отыр:
 ҚР микрокредиттік ұйымдарды дамы- ту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламалар шаралары. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің несие жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі микро қаржы секторының сапалы даму- ына микрокредиттік ұйымдарға (одан əрі – МКҰ) қаржылай жəне қаржылай емес қолдау көрсету арқылы жəрдемдесу. МКҰ іріктеу жөніндегі конкурс нəтижесінде 21 МКҰ-мен 1 078,4 млн.теңге сомаға қаржыландыру шарттары жасалынды. 2009 ж, желтоқсаннан бастап «Даму» Қоры МКҰ - ды Қор қаражатын ЕДБ арқылы келісіп орна- ластыру арқылы қаржыландыруға кірісті. Келісіп орналастыру бағдарламасына 4 əріптес- банк: «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Цесна Банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ тартылды. 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша келісіп ор- наластыру арқылы 1123 млн. теңге сомаға нақты 9 МКҰ қаржыландырылды. Аталмыш кредит бойын- ша орташа есеппен алынған мөлшерлеме жылдығы 13,0% құрады. Бөлінетін қаражаттың аумаққа теңдей етіп бөлінуін сақтап қалу жəне ауылдық жерлерде микроқаржыландыру қызметін қамтамасыз ету үшін, «Даму» Қоры бөлінетін қаражаттан кемінде 30% МКҰ-ға тікелей қаржыландыру арқылы жеткізуді де жоспарлап отыр.
 Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін жəне тағам өнімдерін өндіретін ұйымдарды тікелей несиелендіру жөніндегі 2009 – 2012 жылдарға арналған «Даму - Қолдау» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын жəне орта бизнестің сапалы дамуына жəрдемдесу жəне Қазақстан Республикасының экономикасын əртараптандыру үдерісіндегі оның рөлін күшейту. 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша «Даму- Қолдау» бағдарламасы аясында жалпықаржыландыру сомасы 3 039 млн. теңгеге 10 қарыз шарты/ кредит желісін беру туралы келісім жасал- ды.
 «2020 Бизнестің жол картасы» Бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу жəне жаңа жұмыс орында- рын ашу болып табылады. «Бизнестің жол карта- сы 2020» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.04.2010 жылғы № 301 қаулысына сəйкес «Даму» Қоры Қазақстанды Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылатын Бағдарламаны іске асыруды бастады. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады:
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2. кəсіпкерлік секторды сауықтыру;
3. экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер, Əкімдіктер жанындағы Аймақтық үйлестіру кеңесі Бағдарламаға қатысуы үшін жеке кəсіпкерлік субъектілерінің (одан əрі – ЖКС) жобаларын қарастыру жөнінде жұмыстар жүргізуде. ЖКС жоба- лары «Даму» Қорында іріктеу процедурасынан жəне бекітілуден өткеннен кейін Бағдарламаға қатысушы ЖКС жобаларын субсидиялау жəне оларға кепілдік беру жұмысы басталады.
 «Даму - Өндіріс» өңдеуші өнеркəсіп са- ласындағы жеке кəсіпкерлік субъектілерін қалдау бағдарламасы. Өңдеуші өнеркəсіп секто- рында жұмыс істейтін жеке кəсіпкерлік субъектілерін (одан əрі – ЖКС) қолдау мақсатында «Самұрық- Қазына» ҰƏҚ» АҚ «Стрессті активтер қоры» АҚ-мен (одан əрі – САҚ) жəне «Даму» Қорымен бірлесіп 2009 жылғы қазан айында «Даму-Өндіріс» Бағдарламасын алға тартты. Қолдау Бағдарлама шарттарына сəйкес, өңдеуші өнеркəсіпте жұмыс істейтін ЖКС-нің банк- терден бұрынырақ жылдығы 8% мөлшерлемемен алған несиелерін қайтақаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. «БТА Банк» АҚ, «Казкоммерц- банк» АҚ, «Халық Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ жəне «Темірбанк» АҚ əріптес-банктер болып табылады. Əріптес-банктер 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша шын мəнінде 30,3 млрд. теңге сомаға 205 жобаны қайта қаржыландырды, соның арқасында 4 782 жұмыс орны ашылды.
 Қаражатты кейіннен Əйелдер кəсіпкерлігіне микрокредит беру үшін ЕДБ келісіп ор- наластыру бағдарламасы. Аталмыш Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 05.03.2009 ж. Қазақстан əйелдерінің V-ші Форумында айтылған тапсырма- сына сəйкес əзірленген. Бағдарламаның мақсаты – жұмыс істейтін жəне жұмысын жаңадан бастаған əйелдер кəсіпкерлігі субъектілерінің жобала- рын жеңілдікпен несиелендіру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынынталандыру. «Еуразиялық банк» АҚ, «Цесна Банк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Delta Bank» АҚ мен «Темірбанк» АҚ əріптес-банктер ретінде болды. Əріптес-банктер 01.09.2010 жылғы жағдай бо- йынша 675 млн. теңге сомаға 217 қарыз алушыны қаржыландырды.
 Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. шағын кəсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы. ҚР Үкіметінің 19.09.08 ж. № 865 Қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. əлеуметтік-экономикалық проблемала- рын шешу жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспар» аясында Жаңаөзен қ. ШКС жергілікті жəне «Даму» Қорының қаражаты есебінен несиелендіруді ұйымдастыру қарастырылуда. Осыған байланысты «Даму» Қоры Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. ШКС жобаларын қаржыландыру жөнінде жеке Бағдарлама бекітті, оның іске асы- рылуына кейіннен ШКС-н 2009-2012 жж. ішінде ЕДБ арқылы қаржыландыру үшін, 900 млн. теңге көлемде қаражат бөлінді. Бағдарламаға 4 əріптес- банк қатысады: «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ. 01.09.10 жылғы жағдай бойынша 78,9 млн. теңге сомаға 8 жоба қаржыландырылды.
 Өңдеуші өнеркəсіп саласындағы шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мəмілелерін ЕДБ жəне Лизингілік компания- лар арқылы қаржыландыру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – экономиканың басым салаларындағы шағын жəне орта бизнестің негізгі қаражатын лизингтік мəмілелерді жеңілдікпен қаржыландыру жолымен ұлғайту жəне жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бағдарлама аясында өңдеуші өнеркəсіп са- ласында жұмыс істеп жүрген шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мəмілелері ЕДБ жəне лизингтік компаниялар арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаға келесі лизингтік компаниялар қатысады: «BTA Orix leasing» АҚ, «Leasing group » АҚ, «Темiрлизинг» АҚ. 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша Бағдарлама аясында жалпы сомасы 660,7 млн. теңгеге 10 қарыз алушы қаржыландырылды, оның ішінде «Даму» Қорының үлесі 244,0 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап «Даму» Қоры ШОБ қолдауға мынадай қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыруды бастайды.
 «Даму - Аймақтар II» ШОБ қаржылай қолдау бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын жəне орта бизнесті аймақтық қолдау жəне дамыту бағдарламаларын аймақ үшін басым салалардағы немесе жекелеген аумақтық бірліктердегі жобалар- ды қаржыландыру жолымен іске асыру тиімділігін арттыру.
 Аймақтарды қаржыландырудың нүктелі бағдарламалары «Даму» Қорының стратегиялық аспектілері қызметіне сəйкес аймақтарда / са- лада/ тұрғындар тобын ЕДБ арқылы, аймақтық экономиканың басым салаларында жəне/немесе территориялық бірліктің, сондай-ақ тұрғындардың жекелеген топтарын (əйел-кəсіпкерлер, кəсіпкерлікбастамашыл жастарды, оралмандарды қаржыландыру) ШОКС қолдау жөніндегі қаржылық аспап ретінде ШОКС қаржыландырудың нүктелі бағдарламасын жүзеге асыруды қарастыруда. Бағдарлама мақсаты –аймақтағы басым са- лаларын/жеке территориялық бірлікті, сондай-ақ тұрғындардың жекелеген топтарын ШОКС жобала- рын қаржыландыру арқылы ШОКС қолдау мен да- мыту аймақтық бағдаламаларын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.
 ШОБ Азия Даму Банкісі желісімен қаржыландыру бағдарламасы ШОБ қолдау мақсатымен Қор 2010-2017 жылдарға арналған ШОБ қаржыландыру Бағдарламасын екінші деңгейдегі банктермен алдын ала келісілген қаражатты үлестіру арқылы Азия Даму Банкісі (бұдан əрі АДБ) қаражаты есебінен жүзеге асыруды жоспарлайды. Бағдарлама Қазақстанда ШОБ сапа- лы дамытуға көмектесу мақсатында жасалды, оның ішінде: - ШОБ даму потенциалына ие барлық субъектілеріне қаржыландырудың қол жетімдігін қамтамасыз ету. - ШОБ саласында экономиканың диверсифика- циясына көмек көрсету жəне бəсекелестікті артты- ру. Жоба құны 500 млн. АҚШ долларын құрайды. АДБ Қорға қарызды траншпен беруді жоспарлауда: - бірінші транш - 2010 жылы 150 млн. АҚШ дол- лары; - екінші транш - 2011 жылы 150 млн. АҚШ дол- лары; - үшінші транш - 200,0 млн. АҚШ доллары ; Əрбір траншты беру мерзімі – 7 жыл. Сөйтіп, жоба мерзімі 2010-2017жж. құрайды. Бұдан басқа, «Даму» Қоры шағын жəне орта бизнесті қаржылай емес қолдау, кəсіпкерлерге консалтингтік, оқу-əдістемелік жəне ақпараттық- аналитикалық қолдау көрсету түрінде шағын жəне орта бизнес субъектілеріне қаржылай емес қолдау көрсету. Бұл бағытта келесі бағдарламаларды атап өтуге болады:
 «Бизнес-Кеңесші» бизнес - оқыту бағдар- ламасы. Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі Қазақстанның барлық 209 ауданындағы жəне халық тығыз қоныстанған əкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі кəсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды жəне жұмыс істеп жүрген кəсіпкерлерді қысқа мерзімді тренинг-оқыту қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2009 ж. 18 қыркүйекте Алматы об- лысында басталып, 2009 ж. 25 желтоқсанында аяқталды. Оқыту курстарын өткізу үшін 91 оқытушы дайындалды, 66 оқытушы дəріс берді. Жалпы қатысушылар саны 11 603, оның ішінде жеке тұлғалар – 7 007 немесе жалпы тыңдаушылар санының 59% құрады, кəсіпкерлер саны – 4 952 (41%). Курсқа қатысушылардың жартысынан аста- мы (60%) əйелдер болды – 6500. Бағдарламаның екінші кезеңі 2010 ж. 5 сəуірде іске қосылып, 2010 ж. 23 маусымда аяқталды. «Даму» Қоры оқытудың екінші кезеңі үшін қосымша31 оқытушыны əзірледі. Жалпы алғанда, халықты жəне кəсіпкерлерді екінші кезеңде оқыту жұмысын аймақтық ЖОО мен тренингтік компаниялардың 57 оқытушысы өткізді. Жалпы тыңдаушылар саны 8 071 адам, оның ішінде жеке тұлғалар – 4 977 немесе жал- пы тыңдаушылар санының 62%құрады, кəсіпкерлер – 3 094 адам (38%). Курс тыңдаушыларының басым көпшілігі əйелдер – 4 960 əйел немесе 61%. Бағдарламаны іске асырудың үшінші кезеңі 2010 ж. қыркүйек айында басталды.
 ШОБ субъектілеріне арналған баспасөздік БАҚ құру. 2009 жылдың қараша айынан бас- тап «Мой Бизнес. Казахстан» жорналы жарық көрді. Жорналды шығарудағы мақсат – нақты іспен шұғылданып жүрген немесе жаңа бизнес ұйымдастыру ниеті бар адамдар алдында тұрған проблемалар мен перспективаларды қамти оты- рып, отандық кəсіпкерлікке ақпараттық қолдау көрсету, кəсіпкерлерге бизнесін мейлінше тиімді басқаруына көмектесу. 01.09.2010 ж. журналдың 9 нөмірі шықты.
 Қазақстандағы ШОБ жөнінде аналитикалық кітапты шығару. 2010 жылдың наурыз айын- да «Қазақстандағы жəне оның аймақтарындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің даму жағдайы ту- ралы есеп» атты 2 000 дана тиражбен бірінші кітап шығарылды. Кітап барлық мемлекеттік органдар,«Даму» Қоры ынтымақтасатын Қоғамдық ұйымдар арасында таратылды. Бұл кітап жыл сай- ын шығарылатын болады жəне Қазақстан ШОБ секторының «Инвестициялық төлқұжаты» іспеттес сипат алады. «Даму» Қорының сайтына орналас- тыру үшін, кітаптың электрондық нұсқасын жасау жұмысы қолға алынды. Қазіргі уақытта Аналитикалық кітаптың 2-ші шығарылымын басып шығару жөнінде, сондай- ақ Қордың сайтына орналастыру үшін кітаптың электрондық нұсқасын жасау, оны тоқсан сайын жаңалап отыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде..
 «Даму» Қорының геоақпараттық жүйесі. «Даму» Қорының геоақпараттық жүйесі (ГАЖ) «Даму» Қорының қызметі туралы, сонымен қатар шағын жəне орта кəсіпкерлікті, микроқаржы сек- торын дамыту, республикалық жəне аймақтық деңгейлердегі макро- жəне микроэкономикалық үдерістер туралы барлық өзекті статистикалық əрі талдаушылық ақпарат берудің интерактивті жүйесі болып табылады. 2010 ж. наурызда ГАЖ-дың бір бөлігі сыртқы пайдаланушылар үшін ашық болды2. Сонымен қажетті барлық ақпаратты бір дереккөзде - ГАЖ- да шоғырландыру басты шешім болып табыл- ды. Қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың қолжеткізулері барынша ыңғайлы болуы үшін, жүйеде Web-интерфейс бар. Деректер қорының интерактивті ақпараттық-талдамалық деректері ақпаратты бастапқы дереккөздерден (ҚР ҰБ, ҚРСА, АФН, ЕДБ жəне өзгелерден) ай сайын жинақтай отырып жаңартылатын болады. «Даму» Қорының барлық жалпы республикалық қаржы бағдарламаларын, «Бизнестің жол карта-сы 2020» аясындағы бағдарламаларды да қоса отырып, қаржы бағдарламаларының жүйесіне біріктіру жұмысы жүргізілуде.  «Даму - Көмек» Бағдарламасы. «Даму -Көмек» Бағдарламасы мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлерге олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру арқылы қолдау көрсетуге мақсатталған. «Даму» Қоры осы бағдарлама аясында қаржылай көмек көрсетпегенімен, алайда мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлер мен əлеуетті демеушілер жəне кре- диторлар арасында байланыстырушы буын ретінде əрекет етеді. Аталған мəселені шешу үшін 2009 ж. желтоқсан айында мүмкіндіктері шектеулі биз- несмендерге көмек көрсету мақсатында ақпарат алмасу үшін, электрондық хабарландырулар тақтасы сияқты өзіндік ерекшелігі бар www.damu- komek.kz сайты іске қосылды. Көмекке зəру жан- дар сайттың «Көмек қажет» деген бөлімінде өтінім үлгісін толтыруларына болады. Өз əріптестеріне көмек көрсетуге да-йын кəсіпкерлер «Қол ұшын беремін» деген бөлімде тиісті нысанды толтыру- ларына болады. 01.09.2010 ж. күнгі жағдай бойынша сайтта көмек сұраған 154 өтінім орналастырылды. Осы кезде түскен өтінімдердің жалпы санының 33 өтініші бойынша көмек көрсетілді. «Даму - Көмек» Бағдарламасы ақпараттық қолдаумен қатар, мүгедек - кəсіпкерлерге бизнес-оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейін арттыруға да жəрдемдеседі. Мүгедек - кəсіпкерлер «Бизнес - Кеңесші» Бағдарламасы аясында кəсіпкерлік негізі бойынша экспресс - курс тыңдаушылары қатарына қосылған. Бүгінге «Бизнес - Кеңесші» Бағдарламасы аясында 176 мүгедек дəріс алды.
 «Бір болайық» / «Вместе» телевизиялық хабары. Мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған тағы бір жоба «Бір болайық», «Вместе» атты телевизиялық хабар- лар кезеңдігі болып табылады. Бұл мүмкіндіктері шектеулі жандар арасындағы кəсіпкерлікті дамы- ту жөніндегі ақпараттық-талдамалық бағдарлама. Бұл жобаның мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлерге осы бағдарламадағы көмек көрсету актісін қамти отырып, тұрақты түрде атаулы жəне нақты көмек көрсету, олардың бизнес-идеяларына консультативтік- тəжірибелік қолдау көрсету. Телевизиялық хабар «Хабар» телеарнасында көрсетіліп отырады. Бірінші бағдарлама 2010 жылдың 24 маусымында алғашқы рет көрсетілді.
 Аймақтарда Кəсіпкерлікті қолдау орталық- тарын құру. Бағдарламаның мақсаты – кəсіпкерлерге жəне кəсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға консалтингтік жəне ақпараттық- талдамалық қолдау көрсету бойынша қолжетімді қызметтер ұсыну. Бағдарламаны іске асыру кезіндеəлеуетті əріптестер қатарына Үндістанның Ах- медабад қ. Кəсіпкерлікті дамыту институты, аймақтардағы жетекші ЖОО, Əкімдіктер жəне ірі кəсіпорындар, кəсіпкерлікті дамыту Оңтүстік Корея орталығы, ЮНИДО – Өнеркəсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮСАИД кіреді. Осы кезде 2 аймақтық КҚО Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ 2 аудандық Ақтөбе облысында «Əрбір ауылға - бух- галтер» КҚО құрылды. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап «Даму» Қоры ШОБ қолдауға мынадай қаржылай емес бағдарламаларды жүзеге асыруды бастайды.
 Қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған бизнес-портал. Бизнес-портал бизнес саласында- қарапайым қызығушылықтан бастап кəсіби көмекке дейінгі ақпараттық сұраныстың кез келген деңгейін қанағаттандыра алатын үздік ақпараттық ресурс- тарды орналастырады. Аталған порталда жұмыс режимінде қол жетерлік жеке бизнесін құру жəне оны дамытудың түрлі бағыттары жөнінде арнайы жасалған курстар (атап айтқанда –видео курстар) орналастырылады.
 «Даму» Қорының Call–орталығын құру. Call-орталығын құру кəсіпкерлерге, «Даму» Қорының клиенттеріне жəне əлеуетті қарыз алушыларға Қордың профильді қызметкерлерімен өзара интерактивті əрекеттесудің тиімді құралын ұсынады. Сонымен клиенттердің Қор кеңесіне өздерінің келуі қажет болмайды. «Даму» Қорының Call-орталығы клиенттерге салық заңнамасы, банктік, кредит операциялары бойынша кеңес, өз ісіңді қалай бастау, қалай кредит алу жəне т.б. ақпарат береді.
 Қазақстандағы шағын бизнеске қатысты Дөңгелек үстелдер мен Форумдар өткізу. Даму» Қорының қамқорлығымен Қазақстандағы шағын бизнеске қатысты Дөңгелек үстелдер мен Форум- дар өткізу бизнес пен мемлекет арасындағы сияқты ШОКС арасындағы да байланысты күшейтудің пəрменді құралы болып табылады.
 «Қазақстанның ШОБ жолсілтегіші деген кітап жазамыз» Интернет-жобасы Жобаның мақсаты кəсіпкерлердің нақты сұранысын қанағанттандыратын оқу əдістемесін дайындау жəне Интернет-сайтта (электрондық кітапты) орна- ластыру болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін «Даму» Қорының бизнес-порталында тиісті бөлім ашу жоспарлануда. Кері байланыс құралы ретінде Қордың бизнес-порталында интернет-форум ұйымдастыру қарастырылуда.
 «Бизнес Стори» телевизиялық жобасы Қордың жоспарында жаңа ерекше тележоба- «Биз- нес Стори» реалити-шоу жасау. Жоба мақсаты: жаңадан бастаған бизнесмендерді қолдау, сондай- ақ материалдық ырыстың негізі ретінде кəсіпкерлік идеясын тарату. Жоғарыда көрсетілген барлық бағдарламалар бірін бірі өзара толықтырып, əрі күшейтіп отыратын кешенді сипатта берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет