Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022



бет47/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:

Ксый = К / Q,


Мұндағы:
Ксый - өнімнің капиталсыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі,
Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Қсый = F / Q,
Мұндағы:
Қсый - өнімнің қорсыйымдылығы;
F - халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны ;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.


2. Тиімділік көрсеткіштері. Жалпы және салыстырмалы тиімділік.
Өндірістік іс- әрекеттердің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімнің сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын репутациясы және т.б.
Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуға есептелінеді.Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

- өндірістік іс - әрекеттердің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;

- өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;


қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістерін байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер. Халықаралық практикада инвестициялық жоба тиiмдiлiгiн негiздеуде өндiрiс тиiмдiлiгiнiң мынандай қорытушы көрсеткiштерi қолданылады: таза ағымдағы құн, капитал рентабелдiлiгi, тиiмдiлiктiң iшкi коэффициентi, күрделi қаржы салымын қайтару кезеңi, ең көп ақша ағымы, шығынсыз нүкте.
Таза ағымдағы құн көрсеткiшi уақыт факторын есепке ала отырып, кәсiпорынның қызмет ету кезеңi iшiнде ақша қаражатының түсiмi мен шығыны арасындағы айырма ретiнде анықталады. Әдетте таза ағымдағы құн капиталды инвестициялау нормасы (ең аз табыс нормасы) ретiнде қарастырылады, бұл күрделi қаржы салымының жүзеге асу тиiмдiлiгiн бiлдiредi.
Капитал рентабельдiлiгi –таза пайданың (салықтарды төлегеннен кейiнгi)меншiктi капиталға қатынасы. Рынок жағдайында капитал рентабельдiлiгi күрделi қаржы салымы пайдалылығының ең төменгi нормасын сипаттайды және өнiм рентабелдiлiгiне қарағанда капитал рентабельдiлiгi тұрақты шама.
Тиiмдiлiктiң iшкi коэффициентi капитал рентабельдiлiгiнiң шектiк шамасын бiлдiредi(порог рентабельности). Бұл шамада қолма-қол ақша қаражатының келуi мен кетуiнiң теңдiгi мүмкiн болады, ал ағымдағы құн нольдiк шамаға айналады. Егер тиiмдiлiктiң iшкi нормасы осы шамадан төмен түспесе онда кәсiпорынның даму жобасы рентабельдi, тиiмдi деп есептеледi.
Күрделi қаржы салымын қайтару кезеңi- кәсiпорынның болашақта алатын пайдасы жүзеге асырылған күрделi қаржы шамасына жеткен уақыт кезеңiн айтады.
Пайданың негiзiнде төмендегiдей салыстырмалы көрсеткiштер есептеледi:
Жалпы рентабельдiлiк (Рж) пайданың негiзгi және нормаланатын өндiрiстiк айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасы арқылы есептеледi:
Рж = П/ (Нқ+Ақ)*100 %,
Мұндағы Рж-жалпы рентабельдiлiк,
П-пайда ,
Нқ-негiзгi қор,
Ақ- айналым қоры
Қор қайтарымы Ққ=Q/Ноқ,
Мұндағы: Q-шығарылған өнiм көлемi,
Ноқ- негiзгi қордың орташа жылдық құны
Қор сиымдылығы Қс = Ноқ/Q
Сату (айналым) рентабельдiлiгi Рс = Пайда/ сату көлемi*100 %;
Негiзгi капитал рентабельдiлiгi Рнк = Пайда/ Негiзгi капитал*100%
Меншiктi капитал рентабельдiлiгi Рмк = Пайда /меншiктi капитал*100%
Сату көлемi маңызды көрсеткiш, ол арқылы фирманың көлемiн, өндiрiс мүмкiндiгiн анықтауға болады.Сату көлемiн кәсiпорынның актив айналымдылығын немесе негiзгi капитал айналымдылығын анықтау үшiн табады:
Каа = Сату көлемi/ Активтiң жалпы сомасы;
Кнк = Сату көлемi/ Негiзгi капитал.
Кәсiпорынның қаржылық тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер:
Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi- өзiнiң сыртқы мiндеттемелерiн(қысқа, ұзақ мерзiмдi) аз активiн қолдана отырып орындау қабiлеттiлiгiн айтады.
Төлем қабiлеттiлiк коэффициентi Кт = Меншiктi капитал/ Жалпы мiндеттеме *100%
Коэффициент қаржылық тәуекелдi өлшейдi, яғни күйреуге ұшырау ықтималдылығын бiлдiредi.
Жоғары төлемқабiлеттi коэффициент төменгi қаржылық қауiптi және басқа жақтан қосымша қаражат тартуда жақсы мүмкiндiк бар екенiн бiлдiредi.
Кәсiпорынның өтiмдiлiгi оның алда тұрған қарыздарын (мiндеттемелерiн) өз уақытында төлеу қабiлетiн көрсетедi немесе баланс активiнiң (негiзгi және айналым қаражатының, бағалы қағаздар мен басқа активтердi қоса) мiндеттемелердi төлеу үшiн ақшаға айналу мүмкiншiлiгiн бiлдiредi.
Жалпы өтiмдiлiк коэффициентi(Көт) =ақшамаен көрiнетiн айналым құралы/қысқа мерзiмдi мiндеттемелер
Көт жоғары болған сайын төлемқабiлеттiлiгi жоғары.
Жабу коэффициентi (Кж) Барлық айналым құралы/Қысқа мерзiмдi мiндеттеме
3) Жоспарлау мен жобалауда жалпы экономикалық тиiмдiлiк әсердiң (эффектiнiң ) күрделi қаржыға қатынасы арқылы табылады, шығындардың салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгi ағымдағы шығындар айырмасын нұсқалар бойынша күрделi қаржы айырмасына бөлу арқылы табады. Жалпы және салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiк бiр-бiрiн толықтырады.
Жалпы экономикалық тиiмдiлiк шығындардың қолдану орнын ескере отырып есептеледi. Халық шаруашылығын тұтас алғанда шығындардың жалпы экономикалық тиiмдiлiгi өндiрiлген ұлттық табыс өсiмiн ҰТ осы өсiмдi тудырған өндiрiстiк күрделi салымға(К) қатынасы:
Эхш = ҰТ/К
Халық шаруашылығы кешендерi, жеке салалар, негiзгi қордың ұдайы өндiрiс формалары(техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, кәсiпорынды кеңейту) бойынша жалпы экономикалық тиiмдiлiк пайданың өсiмiн күрделi қаржыға бөлу арқылы табады:
Эс = П/К ,
Қайта салынып жатырған кәсiпорын, цех, басқа объектiлер үшiн тиiмдiлiк көрсеткiшi Эк жоспарланған пайданы күрделi қаржыға бөлу арқылы табылады:
Эк = (Б-Ө)/К.
Әрбiр жағдайда алынған нәтиже шығындардың жалпы экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi нормативтiк көрсеткiшпен салыстырылады, сондай-ақ, өткен жылғы, басқа кәсiпорын тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен салыстырылады.
Шаруашылық және техникалық шешiмдер нұсқаларын салыстыруда, бiр-бiрiн алмастыратын өнiмде, жаңа техника енгiзуде шығындардың салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгi есептеледi.Ұтымды нұсқанаң негiзгi көрсеткiшi-келтiрiлген шығындарды минимумға дейiн азайту.
Әрбiр нұсқа бойынша келтiрiлген шығындар ағымдағы шығындар (өзiндiк құн) мен күрделi қаржы салымының қосындысын нормативтiк тиiмдiлiкке сәйкес бiрдей шамаға келтiрудi бiлдiредi.Ол мына формула бойынша есептеледi:
КШi = Өi +ЕнКi мин,
Мұндағы Кшi- берiлген нұсқа бойынша келтiрiлген шығындар,
Өi-әрбiр нұсқа бойынша ағымдағы шығындар(өзiндiк құн)
Кi-әрбiр нұсқа бойынша күрделi қаржы
Ен-күрделi қаржының салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгiнiң нормативтiк коэффициентi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет