Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет46/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Шығындар қандай белгілері бойынша жіктеледі?


2) Өнімнің өзіндік құнының түрлері және олардың айырмашылықтарын атаңыз.
3) Өнімнің өзіндік құнына қандай шығындар кіргізіледі?


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
10 Тақырып - Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


Дәрістің мақсаты – Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларды, тиімділікті анықтау әдістерін, өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдарын айқындау.
Негізгі терминдер – экономикалық пайда, жылдық пайда, өнімнің еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, күрделі салымдардың өтелу мерзімі.


Дәріс сұрақтары:
1. Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
2. Тиімділік көрсеткіштері. Жалпы және салыстырмалы тиімділік.
3. Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары


1. Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың өдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Жалпы түрде өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгi екi шаманың- шаруашылық iс-әрекет нәтижесi мен өндiрiс шығындарының сандық қатынасын бiлдiредi. Экономикалық тиiмдiлiктi көтеру мәселелерiнiң мәнi қолда бар ресурстарды пайдалану барысында әрбiр кеткен шығын бiрлiгiнде экономиканың нәтижесiнiң өсуiнде.
Өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру ағымдағы шығындарды (қолданып жүрген ресурстарды) үнемдеу арқылы да, капиталға жаңа салым жұмсау арқылы да, қолданылып жүрген капиталды жақсы қолдану жолымен де қол жеткiзуге болады.
Өндiрiс тиiмдiлiгi ұғымын еңбек өнiмдiлiгi ұғымымен теңестiруге болмайды. Еңбек өнiмдiлiгi адамдардың өндiрiстiк iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгiн бiлдiредi, бiр өнiмге келетiн жанды және заттанған еңбек шығынының шамасын анықтайды. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi тек тұтынылатын ресурстардың (ағымдағы шығындардың) қолданылуын көрсетедi, ал өндiрiс тиiмдiлiгi барлық шығындардың (ағымдағы және бiр мезгiлдiк) қолдануын бiлдiредi.
Шаруашылық жүргiзу практикасында экономикалық тиiмдiлiктiң көрiну формасы әртүрлi. Тиiмдiлiктiң техникалық және әлеуметтiк жақтары өндiрiстiң негiзгi факторларының дамуы мен олардың қолдану нәтижелiгiн сипаттайды. Әлеуметтiк тиiмдiлiк нақты әеуметтiк мiндеттердi шешумен көрiнедi(мысалы, еңбек жағдайын жақсарту, еңбектi қорғау, қоршаған ортаны сақтау,т.б.). Әдетте әлеуметтiк тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiкпен тығыз байланысты, өйткенi кез келген прогрестiң негiзi материалдық өндiрiстiң дамуы.
Тиiмдiлiк белгiлерiнiң мәнi алынған нәтиженiң көптiгi мен кеткен шығындардың аздығымен байланысты қажеттiлiктен шығады.
Ең бiрiншi тиiмдiлiк белгiсi салынған капиталдан алынатын пайданың жылдық нормасы Е = П/К = Б- Ө/К, мұндағы Е- пайданың жылдық нормасы,
П-пайда, К- пайда алуды қамтамасыз ететiн капитал салымы,
Б- сатылу бағасындағы өндiрiлген өнiмнiң жылдық көлемi,
Ө-жылдық шығарылған өнiмнiң толық өзiндiк құны.
Пайда нормасының есептi мәндерi капитал құрылымына, болжамды баға деңгейiне, сұраныс көлемi мен басқа факторларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Бұл көрсеткiш кәсiпорын дамуының түрлi нұсқаларын бағалау үшiн де қолданылады. Қабылданған критерийге сәйкес өндiрiс тиiмдiлiгiнiң нақты көрсеткiштерi анықталады.Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:

ЕӨ = ҰТ / А


Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капиталсыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық еңбек саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Есый = Т / Q

Мұндағы:
Есый - еңбек сыйымдылығы;


Т – еңбек саны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, матнриал, отын, энергия және т.б. шығындардың көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Мсый = Ш / Q,
Мұндағы:
Мсый – материалсыйымдылығының деңгейі;
Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет