Қаржылық жоспар. Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда, капиталдың айналымы, өзіндік құн жəне т.б. жата- ды. Қаржылық жоспар 3-5 жылға арнап жасалады жəне оған мыналар жатады: табыс пен шығынның болжамы, ақшалай түсімдер мен төлемдердің бол- жамы, алғашқы жылға арналған баланстың болжа- мы. Қаржылық жоспарды жасау кезінде нақты ақша ағымының (қолма-қол ақша ағымының) жағдайына, кəсіпорынның тұрақтылығына, қаражат көздері мен қаражаттың пайдаланылуына талдау жасалады. Залалсыздық нүктесі белгіленеді.
Тəуекелдікті бағалау. Əрбір жаңа жобаның жолында оның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кəсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап жəне со- ларды жеңу стратегиясын алдын-ала əзірлеп қою өте маңызды. Бизнес үшін тəуекелдермен байла- нысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым жəне объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бəсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы ма- мандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты де- реу «ескіртіп» жіберуі мүмкін. Ықтимал тəуекелді сəттер туындаған жағдайда əрекет ету страте- гиясын əзірлеп жəне солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кəсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне жəне соларға əзір екендігіне сендіретін болады.
Қосымшалар. Көп жағдайларда потенциалды серіктестер не- месе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның жəне т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мəліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бəсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары жəне өзге де көптеген нəрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады