Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022



бет49/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Негізгі терминдер: салық, аранулы салық режимі, салық түрлері, патент, бір жолғы талон


Дәріс сұрақтары:
1. Салық режимі және оның түрлері
2. Арнаулы салық режимі және оның түрлері


1. Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес салық режимдері жалпы және арнаулы салық режимі болып бөлінеді. Салық режимі дегеніміз салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы. Ал жалпы салық режимі деп салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды айтамыз.
2. Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Арнаулы салық режимін шағын бизнес субъектілері, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері қолданыла алады.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салықты, корпоративті немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Ал қалған барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен анықталады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

    1. жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

    2. біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;

    3. патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

    4. оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Салық төлеуші салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде осы режимді (тәртіпті) 2 жыл қолданғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.
Филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, заңды тұлғалардың еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдардың, әр түрлі елді - мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілердің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Арнаулы салық режимі келесі қызмет түрлеріне қолданылмайды :

  1. акцизделетін өнімді өндіретін;

  2. кеңес беру, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсететін;

  3. мұнай өнімдерін өткізетін;

  4. шыны ыдыстарды жинайтын мен қабылдайтын;

  5. жер қойнауын пайдаланатын;

  6. салық кодексінің 371 бабының 4 тармағында көрсетілген лицензияланатын қызмет түрлерінен басқа барлық лицензиялауға жататын қызметтер.

Біржолғы талон – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және жеке табыс салығы бйынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі ара-тұра (эпизодтық) сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ базарларда тауарлар сату, жұмыс орындау, қызмет көрсетуді (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) жүзеге асыратын тұлғалар қолдана алады. Бұл тұлғалар жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланбауы қажет. Олар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады және әлеуметтік салықты төлемейді.
Ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет дегеніміз жылына бәрін жинақтағанда 90 күннен аспайтын қызмет.
Салық төлеушіге біржолғы талон қызметті жүзеге асырғанға дейін беріледі. Біржолғы талон талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша ғана жарамды болып есептеледі. Біржолғы талонды бір күнге немесе одан да ұзақ мерзімге (бірақ бір айдан аспайтын) алуға болады. Біржолғы талонның құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілджі органдардың шешімімен белгіленеді.
Қызмет түрлерінің тізбесін, біржолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерімен айналысқан кезде біржолғы талон негізінде есеп айырысуға болады:

  • газеттер мен журналдарды, көшеттерді, бақша дақылдарын, саяжайлар мен үй маңындағы участакторда өсірілген тірі гүлдерді, саяжайдың, бау-бақшаның қосалқы ауыл шаруашылық өнімдерін сату;

  • ТМД елдерінен және алыс шетелдерден автомобиль көлігін алып келу қызметтері;

  • жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметтері;

  • лицензияланатын тасымалдауды қоспағанда, жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтері;

  • базарларда тауарлар сату, жұмыс орындау және қызмет көрсету.

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін кәсіпкерлер қолданады:

  1. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

  2. жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

  3. жыл ішіндегі табысы 2 млн. теңгеден аспайтын.

Патент алу үшін салық органына келесі құжаттар тапсырылады:

    • ұйғарылған (шамалған) жылдық табысы көрсетілген өтініш;

    • дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

    • егер қажет болған жағдайда жүзеге асырылатын қызметке алынған лицензия.

Кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырса патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Салық органы өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың төлегенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент береді. Патент кемінде 1 айға , бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Кезекті патент алу үшін өтінішті алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұсыну қажет. Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органына патент алуға өтінішін бермеуі оның салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп есептеледі. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болып табылады.
Патент құны немесе патент бойынша салық сомасы мәлімделген табыстың 2 % (3%) құрайды және бюджетке жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар түрінде тең үлестермен төленеді.
Мысалы, Сіздің мәлімделген табысыңыз 300 000тг. 2 % ставка жағдайында патент құны 6000 тг болады, соның ішінде жеке табыс салығы – 3000 тг., әлеуметтік салық – 3000 тг.
Патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылмайды және қайта есептелмейді. Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші 5 күн ішінде артық соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Ал нақты табыс төмендеген жағдайда артық төленген патенттің құны салық органы жүргізген зерттеуден кейін қайтарылады.
Егер кәсіпкердің жылдық табысы 2 млн. теңгеден асса немесе жұмыскерлер алу қажеттігі туындаса, онда оңайлатылған декларация немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша салық төлеуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет