Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет51/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Тәуекел дегенміз не?


2. Тәуекелдің түрлері
3. Тәуекелділікті төмендету жолдары
4. Сақтандыру дегенміз не?
5. Шекті тәуекел
6. Күрделі тәуекел
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
13-тақырып. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау


Дәрістің мақсаты: Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жағдайларын және оның нәтижелерін зерттеу.


Негізгі терминдер: мемлекеттік бағдарлама, бизнес инкубатор, индустриалдықаймақтар,кәсіпкерлік инфрақұрылым.


Дәріс сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары
2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жолдары, бағыттары, қағидалары
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жүзеге асырылу нәтижелері


1.Соңғы жылдары кəсіпкерліктің даму қарқынының жоғарылығына қарамастан, экономиканың осы секторының сапалы дамуына тежеу болып отырған біраз проблемалар бар. Атап айтқанда:
 заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кəсіпкерлік туралы заңнама нормалары ескірген. ШОБ дамыту мəселелері бойынша нақты норма жоқ, бұл əкімшілік тосқауылдардың көбеюіне жəне қолданыстағы заңнаманың екі түрде түсіндірілуіне алып келеді;
 кəсіпкерлік субъектілерін анықтау проблемалары – кəсіпкерлік субъектілерін шағын жəне орта бизнес санатына жатқызу өлшемдері əлемдік іс-тəжірибеге сай емес. Төмендетілген құндық өлшемдер эко- номика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай келмейді. Олар бизнестің табиғи «ұсақталуына» жол береді, отандық кəсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бəсекелесу қабілетінің төмендеуі орын алады;
 сындарлығы жеткіліксіз салық жүйесі – Қазақстанның салық жүйесі шағын бизнес ауқымының өсуіне жəне оның біртіндеп орта бизнес- ке айналуына ынталандыратын қозғаушы күштерді қарастырмайды;
 əкімшілік тосқауылдар – əкімшілік тосқауылдардың болуы шағын жəне орта бизнестің дамуы үшін елеулі кедергі болып табылады. Алай- да оларды кешенді түрде талдау аталған проблема- ны барынша тиімді шешудің жолы болып табылады;
 кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының əлсіз жəне жарым-жартылай дамуы – Қазақстанда орын алған ШОБ қолдау инфрақұрылымы шағын жəне орта бизнестің кешенді қолданылуын қамтамасыз етпейді жəне жоғары транзакциялық шығындардың болуына себепші болады;
 шағын жəне орта бизнес өнімінің бəсеке- қабілеттілігінің төмендігі – тұтастай алғанда ШОБ секторының қормен жарақтандырылу деңгейінің жеткіліксіздігі, тозу деңгейінің жоғарылығы жəне негізгі қаражаттың жеткіліксіз жаңартылуы, сондай- ақ технологиялылығының төмендігі шағын жəне орта бизнес өнімінің экономикалық тиімділігін жəне бəсекелесу қабілетін төмендетеді;
 қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы – əлемдік қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың тапшылық проб- лемасын тереңдетіп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын дер кезінде іске асыру - дағдарыс құбылыстарының ШОБ секторы- на жағымсыз əсерін ішінара бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Ал, кәсіпкерліктің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі – бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

2.Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту;
- бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасз ету.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары:
- мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;
- орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестерді ұйымдастыру;
- жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құру;
- бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ, ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдай жасау;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің(шкс) мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
- шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
- оңтайлы салық салу режімін белгілеу;
- шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдау;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестициялады тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
- мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
- жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
1. ҚР-да шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қажетімділігі;
4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халақаралық ынтымақтастық.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асыралады:
- қаржылық қолдау көрсету;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
- бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
- бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
- өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін немесе сенімгерлікпен берілген объектілерді ШКС-не 1 жыл өткен соң өтеусіз беру.
Мемлекеттік даму институттары ҚР-да жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ, елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Индустриялық аймақтардың міндеттері:
1. өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;
2. жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3. өндіріс тиімділігін арттыру;
4. халықты жұмыспен қамту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет