Тәрбиленушіні зерттеуде және дамуына үлес қосатын индивидуалды бағдарлама барысында атсалысу;
Баланың қоғамдық ортаға тез сіңісіп кетуі үшін , ата-ана кеңестер беру.
Мұғалім (педагог-тәрбиеші) міндеттері:
Өзіне тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулықтарына жауапты маман;
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оларға, сабақтар, ойындарды жоспар арқылы жүргізу;
Топтағы балалар, типтік бағдарлама бойынша жақсы білім алуы үшін жағдай жасау;
Музыка мұғалімі, дене шынықтыру және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, әр-түрлі іс-шаралар мен кештер ұйымдастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруде мамандар қатарын невропотолог,психиатр,кинезотерапевт т.б. дәрігерлер толықтыруы мүмкін.
Педагог-психологтардың қызметтерінің негізгі бағыттары: 1.Диагностикалық бағыт;
2. Коррекциялық-түзету;
3. Консультациялық-ағартушылық:
Коррекциялық-дамыту жұмыстарының формалары: Индивидуалды сабақ коррекциялық және психологиялық даму процестері, эмоционалды қабылдау деңгейі, баланың дамуы, мектепте индивидуалды түрде адаптациялану. Нейропсихологиялық коррекция индивидуалды түрде жүргізіледі.
Коррекциялық дамытушылық сабақтар балаларға зейінін шоғырландыруға көмегін тигізеді. Олар сонымен қатар өзін-өзі тану, шығармашылық ресурстар мен проблемалық ситуацияларда бағдарлануға үйренеді.
Консультациялық-ағартушылық бағыт ата-аналар мен балаларға кеңес беретін бағыт. Ата-аналарға кеңес беру бірінші орында тұрады, себебі бала жайлы толық мәліметті ата-анадан алады.
10-дәріс. Инклюзивті сыныптағы пәндік білім беру ортасын модельдеу ерекшелігі Жоспары:
Білім ортасының кеңістіктік және пәндік компонентін модельдеу.
Мария Монтессори тәсілі.
Білім ортасында инклюзивті сыныптардың кеңістікті-пәндік компоненттерін қалыптастыру.
Инклюзивті білім ортасының физикалық ортасы.
Қазіргі таңда инклюзивті мектептегі білім беру ортасының жаңа, заманауи толыққанды талаптарды модельдеу өткір мәселеге айналып отыр.
В.А.Ясвинаның пікірінше, «тұлғаның өзін-өзі іске қосудың» (А.Маслоу бойынша) психологиялық сипаты мағыналық жағынан алғанда «педагогикалық қолдан» шығатын «сапалы өнімді» модельдеу мен жобалау үшін нақты бағыт бола алады:
шынайылықты белсенді қабылдау және онда жақсы бейімделу қабілеті;