Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. Менеджерлердің басқарушы-психологиялық стилдері



бет11/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
12-дәріс. Менеджерлердің басқарушы-психологиялық стилдері

Индивидтік қасиеттерді тұтастай тұлға орнына қою «тұлға болу керек» деген ұмтылуларға байланысты ұйғарымдардан шығады және табиғи болып, тіпті туа берілген қасиет ретінде беріледі. Индивид тұлғадан ажыратылмайды. Осы позицияны А.Г. Асмолов индивидтік табиғи фетишизм деп атады. Табиғи ғылымдардың зерттеу тәсілдері тұлғаны зерттеуге тура көшіріледі, Тестермен, сауалнамалармен берілген дәстүрлі психометрика антропометрикалық, нормографиялық түрде берілген талдаудың объективті парадигмасына сүйенеді.


Мәліметтер кесте түрінде қосылады онда индивид бір қатар сипаттамаларға ие болады. Кестедегі бағаналар индивидтер, ал колонкалар олардың қасиеттері. Әрқайсысы бір қатар параметрлермен сипатталады. Психометрика антропометрияның бір бөлігі ретінде беріледі. Осы ықпалға қарсы субъектілік ықпалы бар, онда адам өз мағыналарында, объектілерді көру ерекшеліктерінде беріледі.
Индивидтік қасиеттер мінез-құлықтың формалды жақтарын шарттандырады, сондықтанда оларға әсер етеді, горманалды стимулдар интенсивтілікке әсер етеді бірақта әуестенулердің мазмұнына әсер ете алмайды. Индивидтік қасиеттер тұлғалық факторлардың тарихи байланыстар жүйесінде тұлғадан ажыратылмай қаралуы керек.
Индивидтік қасиеттер тұлғаға әсер етпейді, алайда тұлғаның даму және қалыптасу барысына, тарихи факторлардың өрістеуіне қосылады. Индивидтік қасиеттер даму мүмкіндіктерінің кейбір диапазондарын, іс-әрекеттің кейбір таңдауларын шарттандырады, әлеуметтік белгілі бір қасиеттерінің вариация мүмкіндіктерін қалдыратын шекараларды анықтайды.
Адамда оның индивидтік қасиеттерінің бейнелері жасалады, соның арқасында басқару мүмкіндігі туындайды. Мысалы йога стимул құралдың, белгілердің немесе психологиялық құралдың туындауын қамтамасыз етеді, Л.С. Выготский айтқандай индивидтік қасиеттер белгіленеді. Биологиялық кері байланыстың қалыптасуы барысында осы қасиеттерді адамның басқаруы да өтеді.
Кезінде Л.С. Выгосткий жоғарғы психикалық процестердің жанамалануы туралы айтты, алайда адамның индивидтік қасиеттері де жанамалана алатын мүмкіндіктер болады екен. Жанамалану негізінде құрылған өзіндік регуляция, білімдерді игеру индивидтік қасиеттердің дамуын да шарттандырады. Психоанализ, оның нәтижелері туралы айта отырып З. Фрейд «Ид» болған жерде «Эго да « болады деді, яғни ұғынылған инстанция болады деді.
Индивидтік ерекшеліктерді басқару және олардың коррекциясы тұлғаның мінез-құлқының индивидуалды стилдік ерекшеліктерінің қалыптасуы негізінде жатады. Индивидуалды стиль индивидтік қасиеттерді іс-әрекеттің жүру басрысына қосады. Реакцияға жауап берудің табиғи тәсілдерін коррекциялау, компенсациялау үшін жағдай туындайды. Мамандыққа оқытуда психотерапия мен психокоррекция адамның индивидтік жақтарын басқару мүмкіндіктерін таратады
Индивидуалдылық психика мен тұлғаның қайталанбас ерекшелігін көрсетеді, адамды оның әлеуметтік мәнді басқа адамдардан айырмасын сипаттайды. Индивидуалдылық индивидті де, тұлғаны да сипаттайды. Индивидуалдылық индивид деңгейінде адамның басқа адамнан биологиялық айырмашылығын көрсетеді.
Темперамент тұтасымен индивидттік деңгейге жатады. Темперамент тұлғаның индивидуалдылығын оның биологиялық шарттанған сипаттамаларында сипаттайды. Индивидуалдылық тұлғалық деңгейде әлеуметтік құнды тұлғалық айырмашылықтарды, атап айтқанда мінезді, бағыттылықтың ерекшеліктерін, мотивацияны, қабілеттерді көрсетеді.
Субъект индивидуалдылықты әлеуметтік әдеттегі жағдай ретінде кіргізеді. Тұлға және индивидуалдылық ұғымдары бір-бірімен сәйкес келемейді, алайда жалпы облыс тұлғаны индивидуалдылығы дегенге ие болады. Тұлғаның басқа адамдармен ұқсастықтары әлеуметтік шартанған. Адам сол цивилизацияда, мәдениетте, кіші топтарда өмір сүретін барлық адамдармен ұқсас болады. Әлеуметтік әдеттегі жағдайлар ұқсастықтарды табуға мүмкіндік береді, адамды индентификациялайды, индивидуалдылық адамды басқалардан ажыратады.
Социум индивидуалдылықты бағалайды, алайда кейде негативті қабылдайды. Ол басқалармен қатынасты үйлестіреді және оған кедергі келтіреді. Индивидуалдылық басқалардың дамуына импульс береді және олардың өзбеттілі белсенділіктерін тежейді. Индивид әлеуметтік шарттар арқылы жанамаланған іс-әрекетке қосылады. Әлеуметтік байланыстарға енгізілген индивидтік қасиеттер оларды жеңілдетеді, қиындатады, басқа адамдармен бағаланады.
Туыла берілген қасиеттер тұлғаның дамуына әсер ете алғанда онда ол оны «нормалды» деген эталоннан ажыратады. Бала өзінің индивидтік қасиеттерімен басқалардан айырмашылығы жоқ кезде ол басқалармен бірге әлеуметтік байланыстарға түседі, алайда бала ерекше индвидттік сипаттамаларды көрсете бастаған кезде ол әлеуметтік реакциялардың пәні бола бастайды.
«Субъект ұғымымен қатар адамның «индивидуалдылық» ұғымы да жиі айтылады. «Индиивдуалдылық» деген не?. Әрбір адамның тұлғасы оған тән оның индивидуалдылығын көрсететін қырлар мен ерекшеліктермен сипатталады, яғни индивидуалдылық ол адамның уникалдылығын, айрықшылығын, басқа адамдардан айырмашылығын көрсететін психологиялық ерекшеліктерінің үйлесуі.
Индивидуалдылық мінездің, темпераменттің, әдеттердің әртүрлі қырларында көрінеді, танымдық процестер сапасында, қызығуларында, іс-әрекеттің индивидуалды стилінде көрінеді. «Индивид», «тұлға» ұғымдары бірдей емес, индивидуалдылықпен бірлікті құрайды, бірақ олармен бірдей емес. Егер индивидуалдылық қырлары тұлға аралық қатынастар жүйесінде берілмесе онда олар тұлғаны бағалауға мәнді емес және даму үшін шарт ала алмайды. Сондықтанда адамның индивидуалды ерекшеліктері тұлға аралық қатынастар жүйесіне қажетті болғанға дейін, белгілі бір уақытқа дейін ешқандайда көрінбейді.
Индивидуалдылық адам тұлғасының тек бір жағы ғана болса да оның қырларында тұлғаны суреттеу әдеттегі өмірде жиі кездеседі. Психологияда мұндай ықпал идеографиялық деп аталады. Қырларға әртүрлі жағдайда кездесетін, адам өзі бөліп алатын орнықты сипаттамалары жатады. Мұндай ықпалда критерийін анықтау мәселесі қиындайды, адам тұлғаның жасалған қыры ретінде анықталады. Қырлардың универсалды критерийлері болмайды себебі әрбір мәдениетте немесе ғылыми жүйеде адам әрекетін бағалайтын әртүрлі тәсілдер бар. Бағалау критерийлері жеке тұлғаға қатысты әртүрлі болады. Бір адам әрекетті бірбеткейлік деп санаса, екіншісі оны принципшілдік дейді.
Мұндай ықпалда қырлар тұлғаның дамуын қарастырмайды, қырлар қалай қалыптасады, онда тұлға қалай дамиды және қырлар жүйесінен тұлға қалай шығады деп қарастырады. Индивидуалдылық типологиялық ықпалда басқаша қарастырылады. Мұнда индивидуалдылық деп тұлғалық сипаттамалардың орнықты құрылуы айтылады. Индивидуалдылықты индивидуалды айрықша суреттеуде типтерге апаруға болмайтын индивидуалды ерекшеліктердің уникалды байланысы ретінде қаралады.
Типологиялық ықпал әртүрлі ғылымдарда бар. Писхологияда мынадай классификациялар бар, шизотомик өзіне тереңдеп кеткен, қатты ойлануға бейім, циклотимик көңілді, көпщіл, көңіл күйі ауысқыш, иксотимик инертті, ерікті, орнықты. Тұлғаның басқа классификациясы сыртқа бағдарланған экстраверттерді, өзіне, ішке бағытталған интроверттерді қосады.
Темперамент бойынша классификация бар холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Сондай ақ әрбір адамның тұлғасы бойынша классификация бар. В. Пьецуханың романында адамдарды «ұлттарға» бөледі: ұсақшыл, адал ниетті, ашық ауыз, жұмыс жасағыштар, қасиеттілер, ойшылдар, дүлейлер. Типологиялық ықпал адамдарғы «жарлықтарды» жапсырады, оның мінез-құлқын түсіндіруге тырысады, алайда оны жиі жағдайда дөрекілендіріп жібереді.
Типологиялық суреттеулер келесі артықшылықтарға ие болады.
1.Әрбір адамды типке жатқызуға болатындықтан тип универсалдылықпен сипатталады. Типологиялық ықпал бойынша бірде бір адам болмайды ешқандайда типке жатпайтын. Кейде бір адамды бір уақытта әртүрлі типтерге жатқызатын жағдай кездеседі.
2.Адамның типологиялық суреттемесі оның индивидуалды қайталанбас ерекшеліктері мен бейімділіктерін терең тану міндетін өзіне қоймайды, оны терең тану мүмкінідігін бермейді. Типті анықтау сол адамның мінез-құлқындағы бағдарлануды береді және типте суреттелгендей байланысты сол адаммен қамтамасыз етуді мүмкін етеді.
3.Мамандық бойынша адамды консультациядан өткізгенде адам сол мамандықта қаншалықты тиімді болатынын көрсететін адамның типі, мамандығының типі анықталады.
4.Психиатриялық көмек практикада көмек көрсетудің негізгі міндеттерін анықтау үшін тұлғаның әртүрлі клиникалық типологияларына сүйенеді.
Типологиялық ықпал әрі негативті сипаттамаларға да ие, ол кейде шектеледі, кейде міндеттерді шешуге жарамсыз болады.
1.Типологиялық ықпал ары қарай адамды терең инивидуалды суреттеу үшін танымды бере алмайды. Ары қарай зерттеу жабық болады, шектелген тип болып табылады. Тип тұлғаның өзі туралы айтады, оның ерекшеліктері мен бейімдері тура білімдерді бермейді, ол сол тұлға дайын типке апарылады. Сонымен қатар тип тұлға туралы еш нәрсе айта алмайды, тек типті суреттеумен шектеледі.
2.Тип адамның дамуын түсіндіре алмайды. Адамды тип ретінде анықтап, ол адам басқа адам бола алады деп айту мүмкін емес және бейімдіктер мен қабілеттерді көрсете алмайды. Типтер шекарасында адамның дамуы берілмейді, типологиялық ықпалда даму мәселесі мүлдем қарастырылмайды.
3.Типологиялық суреттеуде ауысулар жоқ. Адам не интроверт не экстраверт не шизотимик немесе циклотимик.
4.Типологиялық суреттеу тек бағалаушы сипатқа ғана ие. Психология адамды бағалауға ұмтылмайды, алайда бағалау типтерді суреттеуде жиі кездеседі. Бағалау сипаты көбінесе тұлғаның педагагогикалық типологияларында көрінеді.
5.Типологиялық ықпал жасандылықпен сипатталады, тұлғаның тек бір екі негізгі сипаттамасы ғана қолданылады, солардың негізінде жалпы суретету жасалады. Әрбір тип суреттеу арқылы бірнеше ерекшеліктерімен анықталады, олар тұлғаның әртүрлі ерекшеліктерін жоймайды. Г. Оллпорт айтқандай типология шекаралар жоқ жерде типтер шекарасын орнатады. Типологиялық ықпал жасанды түрде бір адамды екіншісінен бөледі. Типологиялық ықпал тұлғаның тек бір жағын ғана бөліп көрсетеді және сол арқылы тұлға жайлы жалпы қорытынды жасайды.
Индивидтік қасиеттерді зерттеу ықпалдарының ішіндегі арақатысы конституционалды антропометрикалық стратегия, ол реакцияға жауап берудің туа берілген бейімдіктерді зерттейді. Зерттеуде негізгі назарды тұлғаның даму базасы ретінде темпераментке береді, сонымен қатар дене бітісі мен нейродинамикалық ерекшеліктерге де назар салады.
Зерттеу үшін әдеттегі ситуацияда реакция беру тәсілдерін көрсететін әдістер, сауалнамалар қолданылады. Тұлға антропометрикалық зерттеулерде анықталатын темпераменттің, мінездің типтері арқылы көрсетіледі. Күрделі зерттеулер типтерді көрсетпейді, алайда қасиеттер мен параметрлердің статистикалық мәнді корреляциясын көрсетеді. Бұл стратегия Э. Кречмер, У. Шелдон, К. Конрад зерттеулерінде берілген.
Субъектіні индивидтік қасиеттермен байланысты зерттеген басқа стратегия қырларды зерттеудің факторлық стратегиясы деп аталады. Факторлық стратегия Р. Кеттелл, Г. Айзенк, Дж. Гильфордтың және басқаларадың жұмыстарында берілген. Тұлғаның құрылымы бұл жұмыстарда қырлар жинағы ретінде беріледі, әрбір автор өз жинақтарын береді. Зерттеудің бұл стратегиясы тұлғаның жеке бір қырларын табады. Зерттеушілер зерттеу үшін жазылған материалдардарға жазатын тұлға қасиеттерінің терминдер сөздігін қолданады.
Тура әдістер тұлғаның осы қасиеттерінің көрінуін орнатуға мүмкіндік береді, ары қарай корреляциялық байланыстар немесе топтаулар жүргізіледі, олар реакцияға жауап берудің орнықты ерекшеліктерін көрсетеді. Осы байланыстар содан кейін алғашқы қырлар ретінде жалпыланады және мінез-құлықтың себептері деп саналады. Мұндай зертеулерде элемент болып қырлар алынады, олар адам топтарын анықтауға шамасы жетеді деп саналады.
Алайда кейінірек адамның мінез-құлқын реалды бағалау осы зерттеулер арқылы адамның шынайы болмыстағы мінез-құлқымен сәйкес келмейтіні анықталды. Ендеше бұл ықпал мен әдістер психология үшін дәл шын болып саналмайды. Сонымен бірге психолог тапқан қырлар тізімі келесі зертеулерді шектеді. Зерттеуші алдын ала тізімде жазылмаған бір де бір мәліметтерді ала алмайды, яғни тұлғаны алдын ала қойылған шекарада ғана зерттей алады.
Үшінші стратегия блогы деп аталады, тұлға құрылымы күнделікті өмір блоктарынан алынады және олар деңгейлер ретінде белгіленеді. Тұлғаның әртүрлі блоктары вертикалды түрде биологиялық және әлеуметтік қасиеттері орналастырылады. Төменгі деңгейде индивидтік қасиеттер, темперамент, индивидтік ұйымдасу ерекшеліктері алынады, олар биологиялық факторлармен анықталады. Бұл блоктарда әлеуметттік фактор қатыспайды, көрсетілмейді.
Темпераменттен жорғарғы блокта психикалық процестер, индивидуалды психикалық ерекшеліктер орналасады. Осы ерекшеліктерде дамуды әлеуметтік факторлары көрінеді. Оданда жоғарыда тәжірибе, ес, білімдер, оқыту нәтижелер блогы болады. Бұл блок алдыңғы екеуіне қарағанда әлеуметтік факторларды ұйғарады. Ең жоғарғы блокта төртіншіде бағыттылық, моралды қасиеттер, тәрбие нәтижесі орналасады. Осы блокта биологиялық пен әлеуметтіктің байланысын зерттеу міндетін қояды. Тұлғаны суреттейтін осы блоктың атауы К.К. Платовқа жатады.
Екінші және үшінші стратегияларды А.В. Петровский колекционерлік ықпал деп атады, онда қырлар шоқжұлдызы жианалады, алайда бүтіндей тұлғаның ерекшелігі жоғалады және оның маңыздылығы жайлы сұрақ қойылады. Тұлғаны зерттеудегі төртінші стратегия ұйымдасудың мотивациялық, динамикалық ерекшеліктерін зерттеу деп аталады.
Ниеттенуді зерттеуге тұлғаның қайнар көздері ретінде қажеттіліктерді маңыздандыру, әуестенулер, инстинктерді талдау алынады. Мінез- құлықтағы мақсатты таңдау мотивациялық шартпен шарттанады, динамикалық сипаттамаларды анықтау тұлғаның эмоцияларымен, әсерленулерімен, ішкі бағдарлануларымен байланыстырылады.
Бұл стратегия позицияларында айырмашылық бар әртүрлі авторлардың зерттеулерінде жүзеге асырылды, алайда мінез-құлықтың динамикалық және мотивациялық шарттарын зерттеу мақсаттары ұқсас болды. Гуманистік психологияның өкілі А. Маслоу тұлғаның өзіндік маңыздануға ұмтылуын адамның табиғатына салынған потенциалды қажеттіліктер арқылы қарастырды. Адамның барлық қажеттіліктері иерархияланған, ал өзіндік маңыздану қажеттіліктері жоғарғы деңгейде орналасады.
Г. Оллпорт тұлғаның индивидуалды қырларын реакцияға жауап беру қабілеті мен мінез-құлықты шарттандыратын ерекшеліктер диспозициялар, тенденциялар ретінде қарастырды. Оллпорт тұлғаны индивидтің психофизикалық қасиеттерін динамикалық ұйымдастыру ретінде талдады.
Қасиеттер, қырлар жүйесі сыртқы әсерге реакцияны анықтайды. Оллпорт бойынша мінез-құлықтың қайнар көзі мотивтер, ішкі бағдарланулар, инстинктер, әуестенулер немесе қажеттіліктер жүйесінен тұрады, яғни не ортада не индивидте орналаспағандар.
К. Левин өріс теориясын жасады, мінез-құлықты өрістегі зорығу мен ситуациядан болатын функция ретінде қарастырды. Ол тұлға мен ситуацияның өзара әрекет принципін бірінші болып жасады. Г. Мюррей персонологиялық зерттеуде терең индивидуалды мотивтер мінез-құлықты шарттандырады деп қарастырды. Әртүрлі концепцияларды біріктіретін бұл стратегия алдыңғы стратегияларға қарағанда артықшылығы ол тұлғаның динамикалы болатынын қарастырды.
Тұлға қырлар теориясында ескерілмеген тұлғаның факторлық құрылымына статикалы апарылатын динамикалық жүйеде дамиды. Сонымен бірге мұнда адамның орнықты мотивтері, тұлғалық қызығулары, диспозициялары ескеріледі. Тұқымқуалаушылықпен, туа берілетін қасиеттер талаптанулар жүйесінде қандай рөл атқаратыны туралы сұрақ түсініксіз болып қалады.
Бесінші стратегия мінез-құлықтық интеракционистік деп аталады, мінез-құлықтық ерекшеліктер мен тенденциялар өзара әрекеттерде (интеракциялар) қарастырылады. Зерттеу элементі болып адам мен оны қоршағандардың өзара әрекеті алады. Қоршағандар тұлға концепцияларында әртүрі қаралады.
Бихевиоризм сыртқы әсерлермен байланысты дағдыларды, реакцияларды зерттейді. Реакциялар стимулсыз бола аламайды, сондықтанда адамды қоршағандармен байланыстырып реакцияға жауап тәсілдерін зерттейді.
Әлеуметтік-этнопсихологиялық психологиялық ықпалдарда бихевиоризмнен айырмашылығы сол рөлдерді, әлеуметтік ішкі бағдарлануларды, әрекетті зерттейді. Субъектінің индивидтік қасиеттері бұл концепцияларда айқын қарастырылмайды, олар зерттеудің екінші жоспарына ауысып кетеді. Бұл концепциялардағы негізгі идея тұлғаның иерархиялық құрылымы, төменгі деңгейде индивидтік диспозициялармен шарттанған жабайы мінез- құлықтық актілер орналасады, жоғарғы деңгейінде дамудың әлеуметтік шарттарымен байланысты диспозициялар жатады.
Субъектінің индивидуалды қасиеттерін талдау стратегиясының жалпы сипаттамасы мына жағдайды көрсетеді, барлық аталған стратегиялар қандай қасиеттерді қарастырады, оларды қалай байланыстырады, қандай құралдармен табады соған байланысты олар әртүрлі болады. Алайда олар мына жағдайда ұқсас болады адамның индивидтік қасиеттерін тұлғаның құрылымына кіргізеді. Ол индивидтік қасиеттер төменгі, базалық, базалды деңгейлерді тұлғаның құрылымында құрайды. Осы стратегияны таратушы ол авторлар қандай элементтерді бөліп көрсетсе де, оларда құрылымдық иерархия принципі қалады. Деңгейлер бойынша шығу дамудағы әлеуметтік факторларды белсендірумен байланысты.
Субъектіні ұйымдастырудың иерархиялық моделі жалпы психологияны, дифференциалды психологияны, индивидуалды айырмашылықтардың психофизиологиясын ажырату шарты ретінде көрінеді. Индивидтік қасиеттерді тұлғаның төменгі деңгейіне қосу сол арқылы тұлғаны тарихи даму контексінен шығару мынаны білдіреді, тұлғаның дамуында базалды индивидтік қасиеттердің абсолютизациясы өтеді. Базалды ерекшеліктер ретінде қарастырылған индивидтік қасиеттер адам психикасын зерттеуде екінші жоспарда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет