Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. . Жұмыста тұлғаның психологиялық орнықтылығын бағалау



бет12/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
13-дәріс. . Жұмыста тұлғаның психологиялық орнықтылығын бағалау

Субъект дамуы мәселе ретінде теориялық позицияны ашады, оны зерттеудің негізгі принциптерін көрсетеді, табады. Даму мәселесіне әртүрлі көзқарастар бар. Биогенетикалық бағыт тұлғаның дамуын тұқымқуалау және туа берілген факторлардан шығарады, әлеуметтік ортаны даму мазмұнына әсер етпейтін шарт ретінде ғана қарастырады.


Субъектінің дамуы адамның биологиялық жағымен ауыстырылады. У. Шелдонның концепциясында даму соматотиптің шартанған өрістеуі ретінде беріледі. Сомотония дене бітімі типі ретінде беріледі. Адамның тарихи дамуы, әлеуметтік өзара әрекеттің даму заңдылықтары эмбриогенезді қарастырумен ауыстырылады. У. Шелдонның концепциясы адамды биологиялық эволюцияға әкеледі, оның тарихи қалыптасу мәнін қарастырмайды.
Басқаларды тану процесінде психологиялық бақылаудың орны ерекше, әсіресе педагогикалық іс-әрекетте. Мысалы мектеп өміріне дезадаптивті жағдайды жасайтын балалардың психикалық дамуын зерттеуге арналған Стоттың бақылау картасы мінез-құлықтың он алты комплексін құрайды.
Олардың барлығы маңызды (адамдарға, жаңа заттарға, ситуацияларға күмәндану, әлсіздік, клиникалық емес астения энергиясы жайлы болып отыр, «өзіне кету», ересектер үшін мазасыздану яғни мен жайлы олар ойлай ма, мені жақсы көре ме, менімен айналыса ма, «ересектерді қабылдамау», «балалар мені қабылдай ма», «асоциалдылық антисоциалды мінез-құлық, бейтарап болу, негативизм», «балалармен конфликтілік», «орнында отыра алмау», «эмоциялық зорығу немесе эмоциялық кемелдену жоқ», «невротикалық симптомдар», «ортасы», «ақыл ой дамуы», «сексуалды дамуы», «аурудың сыртқы белгісі», «физикалық дамуы», міне осы симптомдардың себебін анықтау және оларды шешу жолдары тұлға жайлы теориялардың негізінде жатыр, олар психоанализ, гештальтерапия.
Даму бағдарламасы балаға алдын ала беріледі, өмірі барысында олар түсініледі, заттананды, алайда мәнді түзетулерді әлеуметтік орта бермейді. Бұл бала өзгермейді дегенді білдірмейді, алайда оның бір сатыдан келесіне өтуі бағдарламада беріледі. Ол өзі туа салып толық берілмейді, бірақ алдын ала болады. Бала инивид ретінде жетіледі, биологиялық факторлар өмір сүру процесінде кері қайтады, алайда адаптацияға дайындық туа салып беріледі.
Даму процесін қарама-қарсы сипатта қарастыратын социогенетикалық бағыт дамудың негізіне әлеуметтік ортаны алады, баланы сәйкес үлгілермен қалыптастырады, анықтайды. Ол туғанына икемді, қалыптасуға бейім болады кез келген бала әлеуметтік талаптардан тұлға болып дами алады.
Бұл теориялар тобына Стенли Холл теориясын жатқызуға болады. Оның негізгі жағдайы: эмбриогенез филогенезді қысқа қайталауда өндіреді. Баланың дамуы қоғам дамуының негізігі тарихи сатыларын қайталайды. Холл изоморфизмді көрсетті, бала дамуы және адамның тарихи даму сатыларымен құрылымдық сәйкес келуі. Бала өз дамуында жануарлар фазасын, аң аулау фазасын, балық аулауды, жабайылықтың аяқталып, өркениеттің басталуын басынан өткізеді. Бұл концепциялар баланың дамуы абсолюттендіріледі, жалпы болып берілді деп сыналды.
Субъектінің дамуы әлеуметтік заңдылықтар мен биологиялық заңдылықтардың дамуының қалыптасуы болып табылатын адам тарихынан ажыратылды. Детерминация типі тарихта дамиды сондықтанда биологиялық пен әлеуметтік факторларды өзгермейтін деп санап адамның тарихилығын, оның өзара әрекетін ескермеу керек дегенді білдірмеу керек. Адамдардағы өмір сүрудің әлеуметтік тәсілдері, реакция жасаулары, қасиеттерінің ұқсастықтары әлеуметтік факторлардың дамуға әссері туралы қорытындыға әкеледі. Бұл концепцияның бірі ішкі, бірі сыртқы шартарды зерттейді. Екі ықпалды біріктіргісі келген жағдайларда болды.
Дамудың екі факторлы конвергенция теориясы биологиялық және әлеуметтік факторлар В. Штернге жатады, Штерннің ойынша оның теориясы тұқымқуалаушылық пен нативистік және орта теориясы энвайронменталистік теориялардың арасындағы келіспеушіліктеріне компромисс ретінде болады. Ол теориялардың әрқайсысы дамудың бір факторын полюс ретінде абсолютизациялайды. Штерннің ойынша шындық көзқарастарды екі полюс түсініктерінің ортасына біріктіруде жатыр деп саналды.
Даму туа берілген қасиеттер, не сыртқы әсерді меңгеру түрінде қаралмайды, алайда даму ішкі және сыртқы шарттардың конвергенциясы ретінде беріледі. Мұндай конвергенция қасиеттерде де адамның жеке жақтарында да болады. Қасиет ол іштен туындады ма немесе сыртқы факторлармен детерминацияланған ба деп сұрауға болмайды. Екі факторда қалыптасуда қатысады. Тұлға әлеуметтік әсерлердің және тұқымқуалау диспозицияларының өнімі болып табылады.
Басқа зерттеушілер екі күштің өзара әрекетін қарастырған Штерннің концепциясы психология шегінен шығады деді. Штерннің теориясын А.Н. Леонтьев сынады, қойылған сұрақ дұрыс емес, автордың позициясы эклективті тұлғаның әлеуметтік жағы мен биологиялық жағын механикалық түрде біріктіретін дуализм деді. Осы факторлардың өзара әрекетіне деген альтернативті көзқарастар бар.
Дамудың екі факторын биологиялық пен әлеуметтіктің конфронтациясы әртүрлі концепцияларда берілген, алайда олардың ішіндегі айқынырағы З: Фрейдтің концепциясы. Фрейд бойынша тұлға әуелден ақ конфликтіге түсетін инстанциялардан тұрады. Төменгі инстанция Ид биологиялық, инстинктің оянуын көрсетеді. Олар әлеуметтік нормалармен, тиюлармен қамтылған супер Эгомен жаншылған. Эго осы инстанциялардың өзара әрекетін реттейді. Мінез-құлықта конфронтация тұлға мен қоғамның, мәдениеттің конфликтісі ретінде көрінеді.
Субъектінің екі жақты детерминациясының негізі психологиядағы антропоцентризмді парадигманы береді. Бұл парадигма және концепция тарихтың бір жетістігі бола алмады алайда қазіргі жаңа уақытта белсенді қолданылады. Бұл парадигма өз бастауларын А.Н. Леонтьев көзқарастарынан алған, ал оның негізгі идеясы Л.С. Выготскийдің жұмыстарында берілген тарихи эволюциялық іс-әрекеттік ықпалда сыналады.
Екі жақты детерминация теориясы, конвергенция теориясы, конфронтация теориясы адамды қоршағандардан ажыратып көрсетеді. Адам қоршағандардан тыс қарастырылады, қоршағандар адамнан тыс көрсетіледі. Барлық даму сыртқы мен ішкінің екіншілейгі өзара әрекетінен шығарылады, алғашында олар бөлінілсе, екіншілей кезде олар өзара әрекеттеседі.
Биологиялық пен әлеуметтік факторлар қалай өзара әрекеттеседі деген сұрақта алдын ала олардың ажыратылғанын көреміз. Адам орнықты, дамымайтын мән ретінде тарихтан тыс талданады. Адамды формализациялау Б.П. Форшнев көрсеткендей оның талдау мен өлшеу шартын береді, алайда дамуды қарастырмайды. Сондықтанда даму жеке факторлардың шартанған конвергенциясы ретінде механикалық түрде қарастырылады.
Екі фактор концепциясы даму түсініктерінде дуализм позициясын кіргізеді. Адамды зерттеудегі антропоцентрикалық ықпал адамды «жасанды әлемге» орналастырады, оның өзі және қоршаған дүние жайлы түсініктерін де әсер етеді. А.Г. Асмолов жасанды теория туралы айта отырып, мысалы психоанализ адамға нені жапсырса ол психоаналитик айтқандарды сезіне бастайды, сөйтіп ол психоанализдің жасанды әлеміне кіре бастайды, тіпті өзін қоршағандармен күрделі байланыстарда өзін сезінуден қала береді.
Жоғарыда қарастырылған теорияларды тұлғаның дамуына қатысты тек шартты түрде ғана жатқызуға болады, себебі оларда алдын ала жасалған шарттарды ашу туралы сөз болып отыр. Даму сызықтық, алдын ала анықталған процесс ретінде көрсетіледі. Бала дамымайды оны «дамытады». Бұл жағдай тіпті әдеттегі жағдай сияқты қабылданды. Шарттарды жасау даму процесінің мәнін ашпайды. А.Н. Леонтьев даму мәселесіне қатысты оны себептер принципі деп қарастырды, алайда мұнда баланың іс-әрекеті үлкендермен «жасалады», ал тұлға іс-әрекетпен «өндіріледі», онда социум өз құрылымын заттандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет