11-дәріс. Басқарудың тиімділігін бағалау мен өлшеудің психологиялық аспектілері
Субъектінің индивидтік қасиеттері дифференциалды психофизиоллогияда, психогенетикада, нейропсихологияда және басқа кейбір пәндерде қолданылады. Индивидтік қасиеттер жас жыныстық және индивидуалды типтік қасиеттерді кіргізеді. Индивидуалды типтік қасиеттер үш топтан тұрады: конституционалды ерекшеліктер, нейродинамикалық және мидың функционалды асимметриясымен байланысты ерекшеліктер.
Конституционалды ерекшеліктер индивидуалды типтік ерекшеліктер ретінде дене құрылысы ерекшеліктері мен биохимиялық қасиеттерді кіргізеді. Мұнда қасиеттерді Э. Кречмер қарастырды, үш типті көрсетті: морфологиялық конституция, тері астындағы клеткада май аз болатын, жұқа ұзын денелі, жалпы әлсіз (астеник) дене құрылысы бар лептосоматикалық немесе астеникалық; күшті, мықты дене құрылысы бар, иығы кең, белі жіңішке, бұлшық еті дамыған атлетикалық тип; дөңгелек формалы, майы көп пикникалық тип.
Осы конституционалды қасиеттер тұлғаның психикалық қасиеттерімен байланыстырылады. Дене бітімінің әрбір типіне Кречмер психикалық қасиеттерді орналастырады: лептосоматикке шизотимді, атлетикке иксотимді, пикникке циклотимикті жатқызады. Индивидуалды тип ретінде нейродинамикалық қасиеттер нейродинамикалық процестер, күйлер ерекшеліктерінде көрінеді.
Нейродинамикалық қасиеттер жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтерінің қалыптасу негізі болып табылады. Нейродинамикалық қасиеттер адамды зерттеудің антропоцентрикалық стратегиясында зерттейді және нейрофизиологияның негізінде психологиялық типтерді бөліп алуды мүмкін етеді. Нейродинамикалық қасиеттер Б.М. Тепловтың, Д.Н. Небылициннің ғылыми мектебінде зертеліп, И.П. Павловтың теориясымен тура байланысты болды.
К.М. Гуревич, В.М. Русалов және басқалар жүйке жүйесінің жалпы және жеке қасиеттерін зерттеді және жалпы және арнайы қабілеттердің, индивидуалды айырмашылықтардың табиғи алғы шарты жайлы түсініктерді кеңейтті. Функционалды асимметриямен байланысты индивидтің ерекшеліктері әртүрлі функционалды асимметрия ерекшеліктері бар адамдардың психофизиологиялық және психикалық ерекшеліктерінің арнасында көрсетілді.
Оң жарты шар (солақай) доминант адамдарда эмоциялық, бейнелік, интуиция, ретсіздік тән болады. Ал сол жақ жарты шар доминант адамдарда (оңқай) нақты, аналитикалық талдау, мінез-құлықтағы бірізділік, әрекеттегі ерік реттілігі бейім болады. Сонымен бірге индивидтік қасиеттерге жас жыныстық, индивидуалды қасиеттерде кіреді.
Жүйелік индивидтік қасиеттер А.Г. Асмоловтың жұмыстарында берілген. Индивидтік қасиеттер өзінің ерекшелігімен, индивидуалды вариациясымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі көрінеді, алайда олар жалпы алғанда әрбір тұлғаны сипаттайды. Индивидтік қасиеттер формалды динамикалық ерекшеліктермен көрінеді. Олар адамның мінез-құлқының динамикалық сипаттамаларын, психикалық процестердің өтуінің энергетикалық деңгейін шарттандырады.
Әрине мінез-құлықтың мазмұндық жағы ондай ерекшеліктермен анықталмайды, алайда мінез-құлықтық реакциялардың формасы адамның динамикалық сипаттамаларынан тәуелді болады. Бұл сұрақ қарастырылмаған кезде формалды динамикалық сипаттамалардың типологиясы тұлғаның типологиясы ретінде алынады және тұлғаның мазмұндық жақтарын, оның позицияларын, көзқарастарын, диспозицияларын да көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |