Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. Тұлғаның жұмыстағы сенімділігін бағалауға өнегелік-психологиялық ықпал



бет13/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
14-дәріс. Тұлғаның жұмыстағы сенімділігін бағалауға өнегелік-психологиялық ықпал
Кеңестік психология дамуды негізінен әлеуметтік фактор әрекеті негізінде қарастырды, сондықтанда іс-әрекетте, жанамаланған қарым-қатынас іс-әрекетінде бұл фактор негізгі болып табылады. Соған сәйкес жүйелік іс-әрекеттік ықпалда дамудың биологиялық негіздемелері алғышарт ретінде қарастырылады, ал социум шарт ретінде, қарама-қайшылық қозғаушы күш ретінде қаралды. Қарама-қайшылық іс-әрекетте, құрылады, баланың басқаларымен қатынасы оның басқа жас сатысына өткенімен шешіледі, қатынастардың жаңа типіне, дамудың жаңа тәсілдеріне ие болады.
Бала өз дамуында қайшылықтарды жеңеді, «тепе-теңдікке» ұмтылады, сондықтанда жаңа позицияларды меңгеруге мұқтаж болады, өзін жаңа деген іс-әрекетке қосады, іс-әрекетті меңгерудің өзіне таныс емес құралдарын игереді. Бала соларға ұмтылғандықтан дамыған деп түсінілмейді ол оған амалсыздан келіседі себебі, даму қайшылықтан шығу жолы болып табылады. Дамудан бас тарту ол регрессия, бала белсенділікте қайшылықты жеңуге шамасы келмейтінін сезінеді, сондықтанда баланы басқа балалардың деңгейіне «әкелу» коррекциясы ұйғарылады.
Қайшылықтар іс-әрекетті меңгеру процесінде, оның жаңа іс-әрекетке кіруге апаратын қажеттіліктер мен қабілеттерде құрылады, алайда ересектермен қатынасы оған қарсыласады. Басқа жас сатысына, іс-әрекетке өту, қоршағандармен басқа қатынас орнату дағдарыс туғызады. Қайшылықтар бала өткен жағдай формасымен шектелді, «Менімен» шарттананды және жас сатысының соңына таман жинақталатын тенденцияға ие болады. Қайшылықтар баланың дамудың басқа сәтілігіне өткен әлеуметтік қадамда шешіледі. Бала іс-әрекетті игергенде ол бір іс-әрекеттен басқасына өту үшін одан амалсыз шығып отырады.
Сөйтіп даму кеңестік психологияда преформизм принципі негізінде қарастырылды. Даму баланың қалыптасуында алдын ала берілетін формаларда қалыптасады деген пікірде қаралды. Баланың есеюі алдын ала дайындалған формаға әкелінеді. Бала өз алдында ересектер жүзеге асырған қажетті үлгілер мен қабілетерді меңгереді. Ол өзінің дамуында міндетті түрде игеруі керек формаларды тасушы.
Дамығанның критерийі ересектерге тартылу, оның артынан ол жасаған әрекет тәсілдері мен қабілеттерді қайталау. Бала форманы игере отырып тапқыштық көрсетуі керек, ересектер оқытудың мәселелі ситуациясын беріп отырады, алайда дамудың мәні тәрбиеші, мұғалім түрінде баланың алдында үлгілер, дайын формалармен шектеледі.
Преформизм дамығанның немесе дамудан қалып қоюдың белгілі бір жас сатыларының критерийлеріне әсер етті. Даму берілген үлгіге берілген қозғалыс ретінде қарастырылды. Механизмдеріне (инверсия және басқалар) көңіл бөлінбеді, дамудағы мәнді рөлді баланың дайын формаларды меңгеруі деп түсінді, сондықтанда дамуды сатылап анықтай отырып, проекциялауға болады.
Алайда преформизм ересек беріп отырған үлгіге неге ұқсамайды, күткен нәтиже неге алынбайды деген сұрақты жауып қойды. Бала үнемі ауытқиды, ол тіпті артта қалып қалды десекте ол дамудың артта қалып қоюы деп түсінілмейді. Себебі баланың дамуы болған жоқ дегенді білдіруші еді. Бала оны қайталамай форманы іздейді, оны игереді қозғалысқа кіреді, ары қарай өзі де қозғалады. Сондықтанда әрқайсысы форманы игереді немесе оны өзі психикалық құралдармен (яғни туа берілген негіздемелер туралы айтылып отыр) құрайды.
Қазіргі жаңа психология Н.В.Ф. Гегельдің «өзіңнің себебің» деген принципін игергісі келеді, онда даму туралы оны шарттанған деп емес, өз беттілі, өзіндік анықталу деп түсіндіреді. Сондықтанда қазіргі психологияның жаңа курстарында жиі «өзіндік даму» дегенді айтады, алайда мәні бойынша даму «өзі» деген бола алмайды.
Бала тарихта бірден өзіндік шарттануға қабілетті болған жоқ деген болжам бар. Қазіргі психологияда кеңестік психологиядағы классикалық принцип тарихи принципіне назар аударады және оны проблемді деп қарастырады. В.Т. Кудрявцевтің ойынша даму психологиясында тарихилық принципі белгілі және ұғынылмаған жағдай деп ғана түсінілмеу керек, алайда ешқашанда ол талдаудың тәсілі деп қаралуы керек деп айтылмайды.
В.Т. Кудрявцев әр түрлі тарихи кезеңдерде қалыптасуда балалық дамудың әлеуметтік детерминациясының бірдей емес екенін көрсетті. Егерде архаикалық қоғам балалықты өз беттілі құбылыс деп қарамаса және оның ерекшелігін табуға ұмтылмаса онда архаикалық балалық өзін айрықша феномен ретінде ұғынбаушы еді. Балалар «дамымаған», паталогиялы деп қарастырылды, белгілі бір жаста қоғамның бір бөлігі бола алуға қабілетті болады деп қаралды.
В.Т. Кудрявцев айтқандай, әлеуметтік тәжірибенің ұлғаюында осы тәжірибені жаңа ұрпаққа беруді арнайы ұйымдастырылу қажетті болып табылды, сондықтанда балалықты өз беттілі, өзін бағалайтын құбылыс ретінде ұғыну өтті. Ең маңыздысы баланың өзі бөле бастады, әлемді танудың құралдарын анықтайды, жасайды. Баланы өзбеттілік феномен деп қарастырудан дамуды ересектер беретін құбылысты өзіндік қозғалыс ретінде қарастыру түсінігі пайда болды.
В.Т. Кудрявцев бойынша даму меңгеруді, қайталауды, творчествоны көрсетеді. Бұл белсенділіктің екі жағы бір-біріне қарсы қойылмайды. Меңгеру ол қайталау емес. Қайталау қарама-қарсы тәсілді меңгеру процесінде жүзеге асады. Әрекетті орындау қажет болғанда ең маңыздысы қай әрекетті орындау қажет емес екенін білу керек. Қарама-қарсы тәсілдерден бас тарту сол берілген әрекетті «түзету» болып табылады.
Б.Ф. Поршнев бойынша даму қозумен емес тежелумен байланысты. Бала күрделі әрекетті орындауға қабілетті болады. Бас тарту, әрекетті таңдау мүмкіндігін алған бала оларды байқап көру де (субъектілік), берілген үлгілерді вариациялауда көрінеді. Көбінесе гармониялы балалар дамымай қалған балаларға қарағанда әрекетті жиі вариациялайды, «өзіне жасайды» осы жағдайды В.Т. Кудрявцев инверсионды әрекет яғни кері жасау әрекеті деп атады.
Меңгеру әрекеттің мүмкін деген варианттарын творчестволық ашу болып табылады. Субъектілік, тұлғалық, өзіндік детерминацияға, әрекет варианттарын таңдауға қабілетті білдіреді. Бұл оқыту процесінде ересектер берген тәсілдерден, ережелерден бас тарту дегенді білдірмейді, алайда тәжірибе элементтерін меңгеруді білдіреді. Меңгеру бала өзі тәсілді басқарады дегенді білдіреді, ол өндірмейді. Бала белсенділік көрсеткенде субъект бола бастайды. Баланың тұлғасы ересектер берген үлгілерде, байқап көру әрекетінде көрінеді және вариацияға шектеу қойылмайды. Бала өзінің байқап көру әрекетінде өзінің творчестволық шешімін ересектерге көрсетеді.
Алайда бір қатар зерттеулерде адамның мінез-құлқы жеткілікті түрде өзгергіш деп көрсетілді. Сондықтанда адамның мінез-құлқы мен тұлғасы қаншалықты орнықты деген сұрақ туындайды. И.С. Конның пікірінше, бұл теориялық сұрақта жеке сұрақтардың сериясы көп, олардың әрқайсысы жеке қаралуы керек. Мысалы, тұрақтылық туралы айтқанда не туралы сөз болып отыр, мінез-құлық па, психикалық процестер ме, тұлғаның қасиеттері ме, қырлары ма? Уақыт диапазоны қандай, соның шегінде тұлғаның қасиеттерін айтқанда оның тұрақты немесе өзгергіш қасиеттері туралы айтуға бола ма?
Жүргізілген зерттеулер бұл сұраққа бір жақты жауап бере алды деп айта алмаймыз, сондай-ақ олар әртүрлі нәтижелер алғанын айту керек. Мысалы, тіпті тұрақтылықтың үлгісін бере алады деген тұлғаның қырлары шынында да тұрақты және орнықты болып табылмайды. Зерттеу барысында ситуативті қырлар деген табылды, олардың көрінуі сол бір адамда ғана ситуациядан ситуацияға қарай өзгереді, тіпті мәнді болып өзгеретіні анықталды. Сонымен қатар лонгитюдті зерттеулер көрсеткендей тұлғаның белгілі бір орнықты дәрежесі бар екен, алайда ол тұрақтылық өлшемі әртүрлі тұлғалық қасиеттерде бірдей емес екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет