Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. Іскерлік қарым-қатынас психологиясы



бет5/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лекциялар «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу» (1)

6-дәріс. Іскерлік қарым-қатынас психологиясы.

Біз тұлға жайлы келесі анықтаманы көп пайдаланамыз, орнықты психологиялық қасиеттерін, атап айтқанда ерік, қабілеттер, темперамент, мінез, қажеттіліктер, эмоциялары бар адамды тұлға дейміз. Осы аталған тұлғаның әрбір жағы бір бірден жеке өздері бөлек зерттелінетін құбылыстардың бірі. Оларды қарастырғанда тұлғаның оған сәйкес бір қасиеттері анықталады. Алдыменен қазіргі жаңа психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі бағыттарымен танысу керек.


Психологияда субъектіні зерттейтін негізгі бағыттар қандай?. Қазіргі жаңа психологияда тұлғаны зерттеудің келесі негізгі бағыттарына жататындар: психодинамикалық, социодинамикалық, интеракционистік және гуманистік бағыттар. Психодинамикалық бағытта адам тұлға ретінде оның ішкі әлемін суреттейтін терминдермен беріледі және түсіндіріледі, істерін түсіндіруді іштен келетін факторларды ғана алады, ал сыртқы ортаның әсерін мүлдем ескермейді.
Мысалы қажеттіліктер, қабілеттер, ерік, мінез және басқалары адамның ішкі әлеміне қатысты ұғымдар, сондықтанда тұлғаның жұмыс анықтамасы психодинамикалық сипатқа ие болады. Психодинамикалық деп айталатыны тұлғаның дамуы мен қалыптасуын қарастырғанда оның динамикасы қаралады, мұнда тек адам психологиясының өзгерісі ғана зерттеледі.
Неге адам сол нақты жағдайда неге солай жасайды неге басқаша жасамайды деген сұраққа біз оның мінезіне, темпераментіне, еркіне, сезімдеріне, яғни тұлғаны психодинамикалық түсінуге тән нәрселерге жүгінеміз. Егерде біз осы сұраққа жауап беріп адам мінез-құлқын түсіндіруде біз тек одан тәуелді емес өмір жағдайлары сыртқы жағына ғана жүгінеміз, мысалы қоршаған ортада қалыптасқан кезеңге, басқа адамдарға әсер ететін әрекетке, жүгінгенде психодинамика шегінен шығып тұлғаны альтернативті түсіндіретін социодинамикаға барамыз.
Социодинамикалық бағытында адам мінез-құлық терминдерінде тұлға ретінде суреттеледі, оның істерін суреттеу сыртқы фактілерді суреттеу мен талдауда жасалады олар адамның өмірлік жағдайларынан мүлдем байланысты болмайды. Адамды тұлға ретінде түсіндіргенде оған тән істерін, әртүрлі өмірлік ситуацияларға реакциялары, әдеттері және басқалары арқылы келеміз. Осы сияқты барлық жағдайларда тұлғаны суреттеу үшін ішкі қасиеттері емес, оның мінез-құлқының сыртқы формалары тіркеліп, суреттеледі.
Социодинамикалық бағытта адам мінез-құлқын сыртқы жағдайларға реакция ретінде қарастырады. Мұнда сыртқы әсерлер мен оның істері арасындағы байланыстар зерттеледі. Басқаша айтсақ адамның істерінің қайнар көздері одан тыс орналастырылады мінез-құлықты түсіндіру ішкімен емес сыртқымен түсіндіріледі.
Писходинамикалық бағытта, социодинамикалық бағытта мінез-құлықты түсіндіру тәсілдері де бұл ықпалдарда біржақты болып табылады. Психодинамикалық бағытта мінез-құлықтың сыртқы жағдайдан тәуелділігін ескермейді, ал социодинамикалық бағытта керісінше адам мінез-құлқының өзінің меншікті психологиясынан тәуелді болатынын ескермейді. Осы жағдай көптеген психологтарды адамның мінез-құлқын екі жақты зертеудің сыртқы мен ішкіде зерттеудің негізіне алып келді.
Соның нәтижесінде үшінші бағыт интеракционистік бағыты пайда болды. Бұл ықпалда тұлға бір уақытта ішкі әлемі мен мінез-құлықты суреттейді, ал мінез-құлықты суреттеуде өзінің меншікті психологиясы мен өмір жағдайларын суреттеу арқылы қарастырды. Алайда адам психологиясын тұлға ретінде түсіндіруде психодинамикалық пен социодинамикалық бағыттармен салыстырғанда бір маңызды ешнәрсе қоса алмады.
Бұл бағыттағылар адам психологиясы мен оны қоршаған әлемге қатысты терминдерді қолданды. Адам мінез-құлқын қарастыруда жоғарыда қарастырған екі тәсіл механикалық түрде үйлеседі. Тұлғаны түсінумен оның мінез-құлқын ұғынуда әлеуметтік рөлдер туралы жағдайлар өте ыңғайлы болды. Мұндай рөлдер өзіне адамның психологиялық ішкі бағдарлануларын, мінез-құлықтың сыртқы формаларын кіргізді.
Сонымен қатар әлеуметтік рөлді өзіне алу сол адамның психологиясынан, оның өмірлік жағдайларынан байланысты болады. Бұл күндері аса танымал болып отырған тұлғаны зерттеуде ол гуманистік бағыт. Тұлға проблемасы психологияға және басқа гуманитарлық ғылымдарға Ч. Дарвиннің эволюцяилық теориясы, И.П. Павловтың жоғарғы жүйке іс-әректінің физиологиясы жайлы ілімдері қатты әсер етіп, ол өте маңызды сұрақтардың бірі болды.
Ғылымдағы сондай жетістіктердің әсерінен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған тенденциялар психологияны мінез-құлықпен салыстыру, оларды жануардың психологиясымен, мінез-құлқымен салыстыру дұрыс және керек деп саналды және олардың арасында қатты айырмашылық жоқ дегенді дәлелдегісі келді. Осы жағдайлар сол кезде пайда болған тұлға психологиясына да әсер етті. Ол адамды жануармен максималды жақындатуға тырысты, адам мен жануарға ортақ нәрсені табуға тырысты.
Сондықтанда адамға тән нәрселер психологиялық зерттеу пәні болудан қалды, ал жануарға тән нәрсенің барлығы адамға ауыстырылды. Бұл жағдайда альтернатива ретінде адам психологиясы мен мінез-құлқын түсіндіру үшін гуманистік психология бағыты пайда болды. Субъектіні зерттеудегі гуманистік психологияның ерекшелігі сол онда тек адамға ғана тән психологиялық қасиеттер ғана қаралады. Ол мораль, сана, ерік, мақсат, өмір мағынасы сияқты ұғымдар болады. Бұл күндері гуманистік бағыт осы бағыттағы тұлға теорияларымен белсенді түрде тұлғаны зерттеді, психологиялық практикада кеңінен қолданылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет