Байланысты: лекциялар «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу» (1)
5-дәріс. Адам мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері және менеджердің іс-әрекеті Субъектінің дамуы өзіндік сананың дамуымен қатар ұғынылмаған психикалық реттеуді, өзінің «Мені» жайлы түсініктердің (бейнелер, Мен-концепциясы) өзіндік бағалау, өзін силау сезімдері, талаптану деңгейлері жүйесінен тұрады. Адамдағы «Мен концепциясы» «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап береді. «Меннің құрылымы» дегеніміз ол өзіңе деген сенім , өзіңе қатысты информацияларды өңдеуге бағытталады, «мүмкін деген Мендер» болады ол қандай болғым келеді деген армандар және болашақта не болады деген қорқыныштар», «әлеуметтік мен» әлеуметтік тәжірибелер сәттіліктер мен сәтсіздіктер тәжірибесі, басқа адамдарды бағалау, «мен сезімі» деген болады ол өз ойларың мен әрекеттеріңді ұйымдастыру.
Психологияда ғылыми зерттеулер басталып, тұлға жайлы нақты анықтама беруге тырысты. Сол кезде де қазірде де ондай анықтамалар көп. Солардың кейбіріне тоқталамыз. Көп жағдайда тұлғаны оның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіретін орнықты психологиялық қасиеттерінің, атап айтқанда жақсылық, жамандық, этика және мораль оларды орнату немесе бұзу сияқты қасиетттердің жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Сондай-ақ субъект адам психологиясының бір бөлігі деп анықтауға болады, ол білімдер адамның индивидуалды айырмашылықтарын, әлеуметтік мінез-құлықтарындағы айырмашылықтарын түсінуді мүмкін етеді. Субъект ол адамның әлеуметтік психологиялық бет бейнесі, қоғамда және соған қатынас бойынша адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетеді. Субъект ол адамның индивидуалды айрықшылығы, оның ерекше өзіне тән психологиялық қасиеттерінде көрінеді, ол психикалық процестер мен психикалық күйлерден айырмашылғы бар тұлғаның сапалары деп аталады.
Ғылым мен өмірде кімді тұлға деп айтамыз. Өмірде әдетте тұлғаны өз істері бойынша басқа адамдардан айрымашылығы бар адамды айтады. Мұндай адам ақылды, өзбеттілі шешімдерді қабылдай алады, сол жолда кездескен қиындықтарды жеңеді. Мұндай адамдар психологиялық тұрғыдан бір-біріне ұқсамайды және өте айқын көрінетін индивидуалдылығы болады. Көптеген сұрақтар бойынша өзінің меншікті пікірлері болады, өз сенімділіктері, өз моральдары, болады оны қатты ұстайды.
Оған психологиялық қысым көрсеткенде оны өз сенімдерінен бас тартқызса да ол оған қарсы тұра алады және өзбеттілі бола алады. Индивидуалдылығы жоқ адамды, жоғарыда айтқан сапалары жоқ адамды тұлға деп айтпайды , ондай адамды көзге түсе бермейтін, бет бейнесі жоқ, яғни меншікті бет бейнесі жоқ, тұлғасы жоқ деп айтады. Осылайша шамалап ғылымда да тұлғаны осылай түсінеді, алайда мұнда тек тұрмыстық түсінік ғана жеткіліксіз болады. Мұнда нақты ғылыми анықтама керек, тұлғаны зерттейтін әдістер, оны тұлға ретінде бағалайтын, жеке бір психологиялық қасиеттерін көрсеттетін әдістер керек, тұлғаның дамуы, қалыптасуы, өзгеруі жайлы зерттеулер керек соның көмегімен тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бақылайтын әсерді табуға болады. Басқаша айтсақ ғылым дәл анықтаманы, жеткілікті дұрыс анықтаманы қажет етеді.
Сондықтанда көптеген пікірлер, тұлға теориялары бар, оны зерттеудің көптеген әдістері бар. Неге солай соны түсіндіреміз. Кез келген ғылым нағыз ғылым деп саналу үшін оның нақтылығын, дәлдігін көрсете алатын мәліметтері болуы керек. Әрине идеалды білім алу мүмкін болмасада неғұрлым дамыған ғылымилы көзқарастар психологияға қарағанда басқа ғылымдарда бар. Мысалы математикада, физикада. Оларда нақты дәл алынған зертету нәтижелері көптеп саналады. Негізгі ережелер олар үшін мыналар, кез-келген құбылыс ғылымда дәл анықталуы керек.
Субъект психологиясында мұндай жағдайды алу мүмкін емес. Субъект жайлы анықтамалар олар сияқты сондай дәл емес, нақты емес, зертету әдістері де дәл емес, олардың кемшіліктері көп, оны жеңу әлі мүмкін болмай отыр. Сондықтанда эксперименттік ғылыми білімдерде жеткіліксіз дәлдік бар, олар тек теориялық тұрғыдан ғана дәлелденеді. Осылайша жасалған тұлға теориялары даусыз, дәл, тексерілген дәлдіктің жеткілікті дәрежесін бере алмайды.
Субъект түсінігінен басқа қандай түсініктер адам психологиясын тұтастай суреттеуге қолданылады. Ондай түсініктер бірнеше: адам, индивид, индивидуалдылық түсініктері. Адам ол басқа тірі жан иелерінің арасында ерекше түрдің жандысы ретінде түсініледі, жануарлардан айырмашылығын көрсетеді. «Адам» туралы түсінікті жиі тектік түсінік деп қарайды. Оның мазмұнына адамға тән барлық нәрсені кіргізеді. Ол сыртқы түр, физикалық дене бітісі, өмір бейнесі, психологиясы мен мәдениеті.
Өз мазмұны бойынша «адам» ұғымы «тұлға» ұғымына қарағанда кең ұғым. «Индивид» ұғымы адамзат тегінің жеке бір түрі, бір адамдағы адамға тән барлық психологиялық қасиеттердің жиынтығы. Тек психологиялық ғана емес басқада қасиеттер жайды олардың үйлесуі жайлы айтады.
Француз тілінен аударғанда «индивид» ұғымы «бірыңғай», «тұтас», «бөлінбейтін» деген мғынаны береді. «Индивидуалдылық» ұғымы бір адамның өзгеше ерекшелігін айтқанда қолданылады, басқа адамдардан айырмасын көрсетеді. «Индивидуалдық» ұғымына қоршаған адамдарға ұқсамайтын қасиеттері кіргізіледі. Қарастырылған ұғымдарың мазмұнын «тұлға» ұғымының мазмұнымен салыстыра отырып мына қортындыға келеміз «тұлға» ұғымы басқаларына қарағанда мазмұны мен көлемі бойынша тар ұғым.
Ол біріншіден, тек адам психологиясын ғана кіргізеді, басқа адами қасиеттерді кіргізбейді, екіншіден барлық психикалық қасиеттер кірмейді, тіпті психикалық процестер мен психикалық күйлері кірмейді. Сондықтанда «тұлға» ұғымына тек адамның орнықты психологиялық қасиеттері ғана кіреді. Неге ғылымда тұлға жайлы біркелкі анықтама жоқ Ғылымда тұлға жайлы бірыңғай анықтама жоқ себебі ол өте күрделі психологиялық құрылудан тұрады, өзінің күрделілік дәрежесі бойынша тіпті тілден де жоғары тұрады. Субъект психологиясы әртүрлі көптеген білімдер мен құбылыстардан тұратындықтан оларды бір анықтамаға сиғызу мүмкін емес.
Адамды тұлға ретінде суреттейтін оның әртүрлі жақтарын көрсететін бір ғана емес бірнеше анықтамалары болуы керек. Әрбір ғалымның өмірлік тәжиребесі бар онымен байланысты соның ішінде ғылыми қызығулары да бар. Ол үшін не мәнді болып табылады соны бірінші орынға қояды сондықтанда тұлға жайлы анықтамалар әртүрлі болып келеді, Осы себептен тұлға анықтамасының мазмұны әркелкі болып келеді.
Ғылымда белгілі бір құбылысқа анықтаманы беруде екі негізгі талапты береді: сол анықтама берілетін құбылыс міндетті түрде болуы керек, анықтама берілетін құбылыстың барлық маңызды қасиеттері ескерілуі керек. Мысал ретінде тұлғаның мына анықтамасын қарастырамыз, тұлға адамның қабілеттері мен қажеттіліктерінің жиынтығы, жоғарыда берілген талаптарға осы анықтама сәйкес келе ме?
Бірінші талапқа ол сәйкес келеді, себебі қажеттіліктер мен қабілеттерді эксперимент жүзінде анықтап, сапалы сипаттап, сандық түрде бағалауға болады. Ғылымда қажеттіліктер мен қабілеттердің анықтамалары болғандықтан тұлға туралы анықтаманы дұрыс деуге болады. Алайда екінші талапқа ол мүлдем сәйкес келмейді, біз білеміз, тұлға психологиясына қабілеттер мен қажеттіліктерден басқа, мысалы сезім, ерік, темперамент, мінез кіреді. Осы тұрғыдан жоғарыдағы анықтаманы дұрыс деп айтуға болмайды, себебі тұлғаның барлық мүмкін деген жақтарын түгел қамтымайды.
Практика көрсеткендей тұлға туралы психологиядағы барлық анықтамалар жоғарыда көрсетілген талаптарға толық сәйкес келмейді. Олар тұлғаның бір маңызды деген аспектілерін қосады, бірақта бәрібір тұлғадағы маңызды деген бір нәрсені қоспай кетеді. Сонымен бірге тұлғаға эксперимент барысында алынатын сапалық және сандық сипаттамаларды кіргізбейді (мысалы ар ұят, мораль, сенімділік). Ғылымда анықтамасыз бірде бір құбылыс өтпейді, психологияда бұл күндері мынадай ситуация өтіп жатыр тұлға туралы көптеген әртүрлі анықтамалар бар және олар мойындалған.
Мұның себебі тұлға теориялары көп, дегенменде олар ақталады, әрбір теорияның өзінің жеке меншік пікірлері бар, соның негізінде өздері тұлғаға анықтама береді. Мұндай анықтамалар мысалы психоанализ теориясында, тұлғаның гуманистік теориясында, тұлғаның қырлар теориясында, әлеуметтік рөлдер теориясында бар. Жағдайдың осылайша объективті болуы тек психология ғылымында ғана емес, басқа да гуманитарлық ғылымдарда болады. Біріншіден, гуманитарлық ғылымдардың өздерінің табиғатын анықтайды, екіншіден, ол ғылымдардың бүгінгі күні күйлері сол жағдайда болып отыр.
Субъект психологиясына не кіреді? Тұлға психологиясындағы анықтамалардың көптігі, әркелкілігі, олардың дәл еместігі деген сұрақтар негізсіз. Біз тұлғаның құрылымын айтпай ол туралы нақты сұрақтарды талдай алмаймыз. Тұлғаның құрамы жайлы жалпы жұмыс анықтамасы керек, онда қарастырылатын тұлға психологиясының аспектілері кіруі керек. Тұлғаның құрылымы жайлы анықтама қандай да бір жеке теориямен байланысы аз, ол бұрыннан тәжірибе негізінде алынған.