Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет85/191
Дата19.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#95340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   191
Байланысты:
2-Мұнай-және-газ-өндіру-технологиясы-

3. Оқыту әдістері:

  • Аудиториялық талдау

  • Бағалау

  • Тесттер

  • Тапсырмалары

  • Зертханалық жұмыстар



4. Оқыту ресурстары:

  • CDR немесе CDRW дисктері

  • 31/2" дискеталыр

  • МS Word, MS Excel және MS PowerPoint бағдарламалары бойынша анықтамалық құрал

  • Компьютерлік лабораториясы T223

  • МS Word, MS Excel және MS PowerPoint бағдарламалары бойынша анықтамалық құрал




  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Сұйықтар мен газдардың қолданбалы механикасы, 6-і басылым, Роберт Мотт.


6. Курстың бағалау жүйесі

Үй тапсырмасы

5 %

Зертханалық жұмыстар

5 %

Жоба

5 %

Ауызша және жазбаша сұрау

35 %

Қорытынды зертханалық емтихан

50 %

Барлығы

100 %



Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0
Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Техникалық коммуникация


Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.


№____хаттама2012ж. «___» _____

ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков




Мазмұны
бет










1.

Түсіндірме жазба

154

2.

Курстың мазмұны

155

3.

Оқыту әдістері

159

4.

Оқыту ресурстары

160

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

160

6.

Курсты бағалау жүйесі

160


  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)


«Техникалық коммуникация» пәні техникалық құжаттарды құрастыру және оны топтар алдында қорғау дағдыларына үйретеді. Техникалық тілде сауатты қорғау негіздері курстағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындау барысында қалыптасады.
Модульдердің жалпы саны: 14
Сағат саны: 60
Кредиттер саны: 3.0
«Техникалық коммуникация» пәнінің бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде оқытудың жаңа техногияларын, электрондық оқулықтарды, аудио және видео материалдарды, көрнекілік құралдарын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
Өндірістік практика оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар нақты өндіріске сәйкес жабдықталған оқу орнының шеберханаларында жүргізіледі.
«Мұнай газ ісіне кіріспе», «Кен орынын өңдеу технологияларының негіздері», «Мұнай жобаларының экономикалық есептері» пәндер арасындағы пәнаралық байланыс студенттер арасында мамандыққа қажетті пәнді толық түрде меңгеруге, ал ол өз кезегінде келешк еңбек жолында кез келген бағдарламамен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



  1. Курстың мазмұны



1 модуль. Коммуникацияның тиiмдi әдiстерiмен танысу


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
«Мақсат, дәрісхана, мәлімдеме» атты тиімді техникалық және іскерлік коммуникация әдісін пайдалану.


Модуль тапсырмалары:

    1. «Мақсат, дәрісхана, мәлімдеме» атты тиімді техникалық және іскерлік коммуникация әдістерінің принциптерін түсіндіру.

    2. Тиімді коммуникациялық тосқауылдарды түсіндіру.

    3. «Мақсат, дәрісхана, мәлімдеме» атты принципін айқындау үшін, техникалық хаттамадан үзіндіні талқылау.



2 модуль. Ұйымдастырылуы және жобалық құжаттар


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Бөлімдерге атау беріп, атаулардың тізімін құрып, визуалдық тағы басқа белгілер беріп құжаттың құрылымын жасау.


Модуль тапсырмалары:
2.1 Бизнес құрудың үш жақты пішіні мен техникалық құжаттарын анықтау.
2.2 Құжат бетіндегі бос орындардың маңызы, беттің дұрыс бейнесін түсіндіру.
2.3 Бірінші және екінші деңгейлік тараулардың аттарын құру.
2.4 Тізімдердің параллель және нүктелік түрлерін қолдануды көрсету.
2.5 Қарапайым кесте мен сызбаларды құру.


3 модуль. Техникалық ақпараттар жайлы қорытынды жасау


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Техникалық журнал мақаласына талқылау жүргізу.


Модуль тапсырмалары:
3.1 Қорытынды жасаудың маңызын түсіндіру.
3.2 Жазба жұмыстарының маңызды ақпараттарды ала білу тәсілдерін үйрету.
3.3 Қорытындыларды ақпараттық баяндау тәсілдерін енгізу.

    1. Қорытындыларды ақпараттық баяндау тәсілдерін жазба түрінде енгізу .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет