Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Бақылауды үйлестіру. Педагогикалық менеджердің өкілеттіктерін аса белсенді және 
тәжірибелі мұғалімдерге жүктеу. Бақылауға жауапты әдістемелік бірлестіктің жетекшісінен 
басқа, бұл ұжымның белсенді мүшелері немесе қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін. 
Жоспарлы бақылау . Бақылау мақсатын іске асыру оның негізгі іс-әрекеттерін: мазмұнын, 
мерзімдерін, бақылау субъектілері мен объектілерін байланыстырған жағдайда ғана жүзеге 
асырылуы мүмкін. 


Ізгілікті басқару шеңберіндегі мектепішілік бақылау 
- кәсіби шеберлікті жетілдіру және дамыту мақсатында педагогтерге уақтылы әдістемелік 
көмек көрсету; 
- педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшіліктің педагогикалық 
ұжыммен өзара іс-қимылын жүзеге асыру; 
- өзара қарым-қатынастардың, мақсаттардың, қағидаттардың, шаралардың, құралдар мен 
формалардың сауатты жүйесін құру; 
- білім беру ұйымдарындағы сапаны жақсарту мақсатында басқа да өкілдермен, 
ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру,а бағытталған. 
 
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУ 
Мектепішілік бақылауды жоспарлау 
Жалпы алғанда, педагогикалық бақылау келесі элементтерден тұратын күрделі әрекеттер 
жүйесі: стандартты белгілеу, деректерді жинау және бағалау, әрекеттер. МІБ нәтижесі 
басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жиналған деректерді педагогикалық талдау болып 
табылады. 
3-сурет. МІБ жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру 
Мектепішілік бақылау кезеңдері 
1. Мектепішілік бақылау жоспары. 
2. Бақылаудың дайындық кезеңі. 
3. Бақылау жүргізу. 
4. Бақылау нәтижелерін талдау, қорытындылау. 
5. Түзету іс-шараларын жүргізу. 
МІБ жоспарлау кезінде әртүрлі тексерулердің мүдделерінің тоғысуын да, өткен жылы, 
ағымдағы жылдың алдыңғы тексеруінде қиындық тудырған мәселелерді қайта қарау мүмкіндігін 
де ескеру қажет. Мұнда сыртқы бақылаудың нәтижелерін де ескерген жөн. 
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары "Орта, техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың 
тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 17-қосымшасына сәйкес жасалады.
Мектепішілік 
бақылау 
МЖМБС-ның, 
үлгілік 
оқу 
жоспарларының, 
үлгілік 
оқу 
бағдарламаларының, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың, білім алушылардың жеке 
істерінің және т.б. орындалуын тексеруді қамтиды (2-кесте). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет