CIS этика кодексімен келісілетін өзінің миссиясы мен көзқарасы бар;
ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға қамқорлық жасайды, өйткені, халықаралық деңгейде танылған ұйымнан аккредиттеу алуға мүдделі;
білім сапасы мен оқушылардың нәтижелеріне ерекше назар аударады, бірақ сонымен қатар, оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігінеқамқорлық жасайды, өйткені бұл мәселе оқытудың негізі болып табылады;
оқушылардың «жаһандық азаматтығын» дамытады;
«Өзінбіледі» және оқушыларға, отбасыларға және қоғамға ұсынылатын қызметтерді мұқият қарастырады;
мектеп қоғамдастығы мен тәжірибелі сарапшылар жүргізетін тұрақты тексерулерге ашық;
болашаққа стратегиялық жоспарлау жүргізеді;
орындай алатын нәрсеге ғана уәде етеді.
Аккредиттеу 5 жылда бір рет расталады.
1-кесте. Сыртқы бақылаудың бағыттары.
Бақылау түрі
Бақылау фокусы
Лицензиялау
Білім беру ұйымы ұсынатын білім беру процесін жүзеге асыру шарттарының құрылыс нормалары мен қағидалары, санитарлық және гигиеналық нормалар, білім беру мекемелерінің білім алушылары, тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, оқу үй-жайларын жабдықтау, оқу процесінің жарақтандырылуы, педагог қызметкерлердің білім беру цензі және штаттардың жасақталуы бөлігінде мемлекеттік және жергілікті талаптарға сәйкестігін белгілеу.
Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау
Сәйкестікті анықтау рәсімі. МЖМБС талаптарын орындау, оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарлары мен МЖМБС-ға сәйкестігі, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен тамақтану объектісінің болуы, материалдық-техникалық база, басшылық пен басқару сапасы, оқыту сапасы, білім алушылардың нәтижелері.
Білім беру ұйымын аккредиттеу
Белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау, білім беру ұйымының мемлекеттік мәртебесін, ол іске асыратын білім беру бағдарламаларының деңгейін, бітірушілерді даярлаудың мазмұны мен сапасының мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін, бітірушілерге тиісті білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығын растау: